Құрал-жабдықтар мен материалдар:
көрнекілік саны бойынша «біреу–көп»,ойыншық
кірпі, шымылдық, бір себетте жапырақтар макеттері (1 жапырақ – қызыл, қалғандары
жасыл түсті, бала саны бойынша); жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс:
біреу, көп, бірбірден, бірде-біреуі жоқ.
Билингвальды компонент:
біреу – один, көп – много.
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәт.
Педагог: Балалар, бүгін бізге қонақ келгенінбілесіңдер ме? Мен бір жұмбақ жасырайын,
жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.
Жұмбақ
Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
(Кірпі.)
– Балалар, жұмбақ не туралы?
Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады.
Балалар қызығушылық танытады.
Кірпі балаларға ішінде жапырақтары бар себетті береді.
|