Заттың көлемі туралы және шамаларды өлшеу туралы түсініктерді қалыптастыру
Фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру
Екінші сәбилер фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру
Бұл топта дидактикалық материал ретінде бағдарламалық жаттығуларды жүзеге асыру үшін геометриялық фигураларды қарапайым жазық (шеңбер, шаршы) түрлі түсті және пішінді үлгілер қолданылады. Бұл кезеңде балалардың қабылдауын дамыту маңызды, оларда түрлі геометриялық фигуралар туралы түсінігін жинақтау, оларға дұрыс атау беру.
Шеңбер мен шаршы геометриялық фигураларын жаттығуларда балаларға және дұрыс айтуға үйретеді. Әр фигураны басқа фигурамен салыстыруда түсінеді. Бірінші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларды фигураларды көріп сипап сезу арқылы және олардың аттарын меңгеруге үйрету.
Тәрбиеші фигураны көрсетеді атайды, балаларды дәл осындай фигураны алуды өтінеді. Сосын педагог берілген фигуралармен балалардың іс-әрекетін жүзеге асырады: шеңберді айналдырады, қойып қояды, шаршыны қойып, айналады ма екен қарайды. Балалар ұқсас іс-әрекеттерді басқа түстегі және көлемдегі заттармен орындайды.
Қорытынды ретінде фигураларды танып, атауға екі-үш жаттығулар беріледі («Мен оң қолымда не ұстап тұрмын,ал сол қолымда?»; «Қонжыққа шеңбер, сайқымазаққа шаршы бер»; «үстіңгі жолаққа бір шаршы, ал астыңғысына көп шеңбер қой» және т.б.).
Келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерде балаларда геометриялық фигураларды ажырату білігін және дұрыс атау біліктерін бекіту мақсатында жаттығулар жүйесі ұйымдастырылады:
а) үлгі бойынша жаттығу таңдау: «Тура осындайын бер (алып кел, көрсет, қой)». Үлгіні қолдау вариативті бола алады: фигураның пішіне ғана екпін қойылады, оның түсі мен көлеміне мән берілмейді; белгілі бір түстегі, пішіндегі фигуралар және белгілі бір түс пен көлемдегі фигуралар қарастырылады.
б) Сөз бойынша жаттығу: « Шеңберді бер (бер, жина, қой)» және т.б; жаттығу нұсқаларында фигуралардың түсі мен көлеміне байланысты таңдауға бағыт көрсетілген;
в) дидактикалық және қозғалмалы ойын түріндегі жаттығулар: «Бұл не?», «Керемет қап», «Не жоқ?», «Өз үйіңді тап» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |