1. Адамдар желдің пайдасын ерте заманнан білген. Олар ертеде желді қалай қолданған



бет2/2
Дата20.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#192379
1   2
Байланысты:
тест-з
4лек (1), f61567e3f49a240
Түсініп оқы.тапсырмаларды орында
Ертеде бір патша баласын медресеге беріпті. Баласы ұстазды тыңдамай еркелікке басыпты. Патшаның баласы болғандықтан ұстазда балаға бата алмай, қаймығып,шарасыз халге түсіпті.Бірақ шәкірт тәртіпсіз болғандықтан, ұстаз шыдамы таусылып, патшаға барып, жағдайды жеткізеді.
Патша әрі ойланып, бері ойланып, бір шешімін тауып ұстазға ойын айтады. Ұстаз алғашында бұл шешімге шошып кетсе де, патшаның дегеніне көнеді. Келесі күні дәріс үстінде бала тағы да еркелігіне басып, ұстазды тыңдамай келемеж етеді.Дәл осы сәтте есік қағылып, патша есіктен басын сұғып ішке қарайды. Алдын-ала келіскендей ұстаз патшаға дүрсе қоя беріп, айқайға басады:
-Шық канеки,көрмеймісің, дәріс өтіп жатыр.
Патша мүләйімсіп, кешірім сұрап, шығып кетеді. Мұндайды көрген патша баласының аузы ашылып, көзі бақырайып кетеді.
Сол күннен бастап ұстаздың айтқанын екі етпей, үлгілі шәкірт болыпты.
Осылайша, баласының тәрбиесін,ұстаздың абыройын өзінің патшалығынан да маңыздырақ, жоғары санайтын патша дегеніне жетіпті.
21. Шәкіртті таңқалдырған ұстаз іс-әрекеті
А) шәкірттің жаман қылықтарын жасыруы
В) патшаға баласына қатысты шағым айтуы
С) патшаға дүрсе қойып, айқайға басады
Д) шәкірттің еркелігін үнемі көтеріп жүруі
22.Мәтінде қандай тақырып қозғалады?
А) патша байлығы В) баланың білімі С) шәкірт арманы Д) ұстаз абыройы
23.Мәтіндегі патшаға тән қасиетті анықта.
А) ақылды В) сыйлы С) әзілқой Д) мейірімді
24. Ұстаздың қаймығып, шарасыз халге түсуінің себебін тап.
А) патша баласының басқа балаларға күш көрсетуі
В) патша баласының ұстазды тыңдамай еркелікке басуы
С) патша баласының үлгерімінің тым төмендеп кетуі
Д) патша баласының мектеп мүліктеріне зақым келтіруі
Мәтінді түсініп оқы, тапсырмаларды орында.
Баяғыда бір қария келе жатып, аяғы сынып, жүре алмай жатқан дегелекті көріпті. Оны үйіне алып келіп, сынған жерін таңып, асырапты. Әбден жазылып, ұшуға жараған соң бостандыққа жіберіпті.
Арада бірнеше күн өткенде әлгі дегелек қарияның шаңырағына келіп қонады. Бір ғажабы, ол төбеден ат басындай алтын тастайды да, ұшып кетеді. Дегелектің қарияға жасаған сыйы туралы ел ішіне тарайды. Оған көршілерінің бәрі таң қалып, ауыздарының суы құриды. Бір қомағай қарт балаларына “Біз де бір дегелектің аяғын сындыры,бағайық”деген ақыл айтып, арам ойға да барады. Бірде ол отынға барса, ұясының үстінде отырған дегелекті көреді. Таспен ұрып аяғын сындырып, оны үйіне алып кледі. Байғұс құс бірнеше күн азап шегеді. Олар оның сынған жерін таңып, асырайды. Бір күні дегелектің аяғы тәуір бола бастағанын көрген көрші қарт оны ұшырып жібереді. Осыдан соң күнде шаңыраққа қарап, дегелекті күтіп отыратын болады.
Арада бірнеше күн өткен соң, дегелек оның шаңырағына қонып, төбеден бірнеше сарыбас жылан тастайды. Алтын күтіп отырған кісінің шаңырағынан соншама жылан түсті деген не сұмдық?! Көрші қарт алтын тұрмақ, басын қала йаман сақтаймын деп өз үйінен өзі безе қашыпты. Көрсеқызарлығы мен арамдығының арқасында өз жазасын осылайша тартыпты.
(Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер)
25. Дегелектің аяғын сындырған қарттың үйіне қандай сый келді?
А) сарыбас жылан В) алтын С) тас Д) отын
26.Екінші қария қандай адам еді?
А) ақылсыз В) ашуланшақ С) көрсеқызар Д) әдепсіз
27.Қария көршілерінің бәрі таң қалып, ауыздарының суы құруының себебі неде?
А) дегелектің қарияның шаңырағына келіп қонғанын көруі
В) дегелектің қарияға жасаған сыйы туралы сөз тарауы
С) қарияның дегелек ұшуға жараған соң бостандыққа жіберуі
Д) аяғы сынып, жүре алмай жатқан дегелекті кездестіруі
28.Дегелектің төбеден ат басындай алтын тастау себебі қандай?
А) дегелектің сынған жерін таңып, асырағаны үшін
В) дегелектің ұясын тазалап, жемін тапқаны үшін
С) дегелекті басқа құстардан құтақрып қалғаны үшін
Д) дегелекті шаңырағына қондырып, қумағаны үшін
29.Мәтіңдегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді.
А) Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы
В) Адал еңбек елге жеткізер
Арам қулық елден кеткізер
С) Ақыл озбайды
Алтын шірімейді
Д) Ынтымақтың түбі – игілік
Тірлік түбі – бірлік
30. Мәтіннің шешімін тауып оқы. Қандай қорытынды шығаруға болатынын пайымдаңыз.
А) арамдық пен көрсеқызарлықтан арылу керек
В) шаңырақты жыландардан тезірек тазарту керек
С) екінші қарияға паналайтын баспана іздеу керек
Д) қарияның баспанасына дегелекті қондыру керек

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет