1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет30/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1
rubric, rubric, Listening, ПКТ силлабус 1-семестр, data , Каз.яз-В1В2-1, culturology, Еркін күрестен әлем және Қазақстан чемпиондары, Lecture task 2
 
Түсіндірме сөздік 
1.
 
Ұлан – батыр, ерекше құрметке ие жауынгер әскери бөлім  
2.
 
Қорғаныс – бекініс, жаудан сақтанатын жер 
3.
 
Жарлық – бұйрық, әмір  
4.
 
Дербес – жеке дара, тәуелсіз  
5.
 
Қақтығыс – соғыс, шайқас  
6.
 
Қауіпсіздік – адамдардың, қоғамның, мемлекеттің  ішкі және сыртқы 
қатерден қорғануы 
 
1-жаттығу.
 Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. 
Ұлан 
Әскер 
Әскери бөлім 
Қарулы Күш 
Шекара 
 
2-жаттығу.
  Сөйлемдерді  оқыңыздар  және  сөйлемдегі  сөздердің 
мағынасын түсіндіріңіздер. Осы сөздермен өзіңіз сөйлем құрыңыздар. 
 
Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштеріне  басшылықты 
Қазақстан Республикасының Президенті — Жоғарғы Бас қолбасшы жүзеге 
асырады,  ал  тікелей  басқару  —  Қазақстан  Республикасының  Қорғаныс 
министріне жүктеледі.   
Әскер  ел  ішінде  қоғамдағы  отансүйгіштік  пен  бірлікті  қолдауда 
маңызды рөл атқарады.  
 
3-жаттығу.
 Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіз. 
 


20 
 
А)  Еліміздегі  құқық  қорғау  органдары  мен  әділет,  кеден,  сот 
жүйелері  адамды  тонау,  сыбайлас  жемқорлық,  пара  алу,  көшедегі 
қылмыстар,  тәртіп  бұзушылықты  жою  мақсатындағы  іс-шараларымен 
айналысады.   
 
Ә)
   
1992 жылы «Ұлан» республикалық гвардиясы құрылды.
 
  
 
4-жаттығу.
  Сөйлем  ішіндегі  белсенді  лексиканың  астын  сызыңыз. 
Ондағы ойды өз сөзіңізбен  түсіндіріңіздер. 
Мемлекеттің  құқықтық  қорғау  қызметін  жүзеге  асыру  үшін 
құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әртүрлі органдар 
құрылады.  Олар:  полиция  органдары,  ұлттық  қауіпсіздік  органдары, 
прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, 
санитарлық,  қаржы  және  т.б.,)  сот  органдары,  адвокатура,  нотариаттар, 
кедендік  органдар,  ішкі  және  шекара  әскерлері,  Президент  күзетінің 
қызметі және т.б.  
 
5-жаттығу.
 Сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыздар. 
 
             Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының ......   
.......  әскери  басқару  органдарын,  Қарулы  Күштердiң  түрлерiн,  арнайы 
әскерлердi,  .....  ,  әскери  оқу  орындары  мен  ......    ...........  қамтиды.  Қарулы 
Күш  Қазақстан  Республикасының  .......        ............  ,    Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік ...........  немесе аумағын,    маңызды әскери 
нысандарды ........  және бiтiмгершiлiк операцияларға қатысады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет