1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет47/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1
rubric, rubric, Listening, ПКТ силлабус 1-семестр, data , Каз.яз-В1В2-1, culturology, Еркін күрестен әлем және Қазақстан чемпиондары, Lecture task 2
 
 
№5 Сабақ 
  
ЛЕКСИКАЛЫҚ  ТАҚЫРЫП: 
Ақша  кредит  саясаты.  Банк  жүйесі. 
Ұлттық валюта
  
 
  
 ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП: 
Сан-мөлшер категориясы
 
 
  
Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар.
 
 
1.    Жағдай,  бағыт,  бағдарлама,  мөлшерлеме,    шаршы,  пайыз, 
үстемақы. 
2. Несие алу, несие беру, ақша салу, ақша алу, айырбастау, жұмсалу, 
қадағалау. 
3.  Банк  жүйесі,    жинақ  қоры,  жылжымайтын  мүлік,  жинақ  қоры, 
ұлттық  қор,    екінші  дәрежелі  банк,  ұлттық  валюта,  теңге  айналымы, 
банкомат карточкасы. 
4. Әлеуметтік, мақсатты, қосымша. 
 
 Мәтінді оқыңыздар.
 
  
          Ақша-несие  саясаты  мемлекеттің  тиімді  әдісі  болып  табылады.    Бұл 
саясаттың  мақсаты,    біріншіден,  өндіріс  көлемін  өсіру,  екіншіден,  толық 
жұмыс бастылық, үшіншіден, инфляцияны төмендету болып табылады. 
         Ақша-несие  саясатының  негізгі  субъектісі  –  Орталық  банк,  яғни 
Ұлттық  Банк.    Ұлттық  банк
   
–  ақша  резервтерiн,  басқа  да  материалдық 
құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу 
көздерiне  –  банк  қызметінен  және  бағалы  қағаздардан  түскен  табыстар,   
бюджеттерден түскен дотациялар жатады.  


30 
 
         Бұл  банктің негізгі міндеті   –  валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты 
дамуы мен   жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету. 
 
 
Қазақстанның  ұлттық  ақшасы  –  теңге.    Теңге   мемлекеттің ақша 
өлшемі  және  ол  алтын, күміс, қағаз ақша  мәнінде  жұмсалады.
 
Еліміздің 
ұлттық  валютасы  тұрақты.  Қазақстанда  шетел  валютасы  да  қолданылады. 
Айырбастау  пунктерінде  теңгені  долларға,  рубльге  және    евроға 
айырбастауға  болады.  Бұл  валюталардың  бағамдық өлшемін  Ұлттық банк 
реттеп отырады.
 
           Үкімет  ел  экономикасын  және  қарапайым  халықтың  әлеуметтік 
жағдайын  жақсарту  үшін  қаржы  қорын  бес  бағытқа  бөліп  отыр.  Осы  бес 
бағытқа  бөлінген  қаржының  дұрыс  жұмсалуын  Құқық  органдары,  Үкімет 
бақылап  отырады.  Үкімет,  Ұлттық  Банк  Қаржылық  қадағалау  агенттігі, 
«Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры  және  «ҚазАгро»  ұлттық 
холдингі  осы  қаржының  мақсатты  және  дұрыс  жұмсалуын  бақылау  мен 
тексеруді қамтамасыз етеді.  
         Қаржы  саласын  тұрақтандыру  бағыты  бойынша  Халық  банкі, 
Казкоммерцбанк, Альянс банк, БТА банкісіне қосымша капитал құйылған. 
Жылжымайтын  мүлік  нарығын  тұрақтандыру,  оның  мәселелерін  шешу 
бағытында ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданған.  
          
 
1-жаттығу.
 Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. 
Банк  
Валюта 
Доллар 
Үкімет 
Ұлттық холдинг 
 
2-жаттығу.
 Сөйлемдерді оқыңыздар және сөйлемдегі асты сызылған 
сөздердің  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Осы  сөздермен  өздеріңіз  сөйлем 
құрыңыздар. 
           Ақша-несие саясаты мемлекеттің  тиімді әдісі болып табылады.  Бұл 
саясаттың  мақсаты    біріншіден,  өндіріс  көлемін  өсіру,  екіншіден,  толық 
жұмыс бастылық, үшіншіден, инфляцияны төмендету болып табылады. 
           Ақша-несие  саясатының  негізгі  субъектісі  –  Орталық  банк,  яғни 
Ұлттық  Банк.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет