1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет5/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1
rubric, rubric, Listening, ПКТ силлабус 1-семестр, data , Каз.яз-В1В2-1, culturology, Еркін күрестен әлем және Қазақстан чемпиондары, Lecture task 2
№1 Сабақ
 
 
ЛЕКСИКАЛЫҚ 
ТАҚЫРЫП: 
Қазақстанның 
әлеуметтік-
географиялық  орны,  әлеуметтік-әкімшілік  бөлінісі.  Елорда.  Ірі  және  көне 
қалалар.
 
   
 
ГРАММАТИКАЛЫҚ  ТАҚЫРЫП:   
Жай  сөйлем.  Интонация. 
Екпін. 
 
 
   Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар.
 
 
1.
 
Қоғам,  құрлық,  мемлекет,  шекара,  теңіз,  ойпат,  өзен,  тау,  жер, 
шақырым,          аумақ,  астана,  қала,  аудан,  кент,  ауыл,  халық,  дала, 
әлеумет,  аймақ, батыс, шығыс, солтүстік, оңтүстік. 
2.
 
 Тәуелсіз, 
егеменді, 
әлеуметтік, 
ерекшелік, 
артықшылық, 
экономикалық.  
 
  
Мәтінді оқыңыздар. 
 
      
Қазақстан  Республикасы    Еуразия  құрлығының  дәл  ортасында 
орналасқан.  Қазақстан  жері  батысында  Жайық  өзені,  шығысында  Алтай 
таулары,  солтүстігінде  Батыс  Сібір  ойпаты,  оңтүстігінде  Алатауға  дейін 
созылып  жатыр.  Оның  жері  кең  байтақ.      Қазақстанның  жалпы  аумағы  
2717,3    мың  шаршы  шақырым.  Қазақ  елінің  шекарасы  15  мың 
шақырымнан асады.   Егеменді Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. 
 
 Еліміз  Ресей,  Қытай,  Қырғызстан,  Өзбекстан  және    Түркіменстан 
елдерімен  шекараласып  жатыр.  Ол  жер  көлемі  бойынша  әлемде  Ресей, 
Қытай, АҚШ, Үндістан, Австралия және тағы басқа мемлекеттерден кейін 
тоғызыншы орынды  алады.     Қазақстанның осы елдермен экономикалық 
қарым-қатынасы жақсы дамыған.  
          Қазақстан  жері  Батыс,  Солтүстік,  Орталық,  Шығыс,  Оңтүстік  болып 
бірнеше  экономикалық  аймақтарға  бөлінеді.    Қазақстанның    үлкен  14 
облысы    және  республикалық  маңызы  бар  екі  ірі  қаласы  бар.  Сонымен 
қатар    елімізде    85  қала,  160  аудан,  176  кент,  7719  ауылдық  мекендер 
орналасқан.    Аталған  ауылдар  мен  қалаларда  17  миллионнан  астам  халық 
өмір сүреді.  
           Әлеуметтік мемлекет елдің саяси және экономикалық қағидаларына 
сәйкес  барлық  байлығын,  ішкі  мүліктерін,    ел  тұрғындарының  тұрмысын 
жақсартуға,  қоршаған  ортаны  қорғауға,  білім  алуға,  денсаулық  сақтау 
жүйесін  жоғары  деңгейде  қалыптастыруға  жұмсап  отырады.  Бүгінде 
Қазақстан  халқының  әлеуметтік  жағдайы  жақсы.  Дұрыс  қабылданған 
әлеуметтік саясат – тұрақтылықтың кепілі болып табылады.   



 
            Қазақстанның  әлеуметтік  саясаты  адамның  халықаралық  және 
ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет