1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп


Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім



бет53/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім,

Артық жолдас таппадым татулықтан.(Абай)
Жау-түбір сөз

Тұрақты белгісі:тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-деректі, зат пен ұғымды атауына қарай-жалпы зат есім
Жабылса-сөздің түбірі-жабыл

Тұрақты белгісі:тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара,іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай-болымды,мағынасына қарай-салт етістік

-Са-Шартты райдың жұрнағы
Бұзылмас-сөздің түбірі-бұз

Тұрақты белгісі: тұлғасына қарай-туынды, құрамына қарай-дара,іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай-болымды,мағынасына қарай-салт етістік

-Ыл-Есім сөзден туынды етістік жасайтын жұрнақ

-Ма-Болымсыз етістіктің жұрнағы

-С-Есімшнің жұрнағы
Жан-түбір сөз

Тұрақты белгісі:тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-деректі, зат пен ұғымды атауына қарай-жалпы зат есім
Көрмедім-сөздің түбірі-көр

Тұрақты белгісі: тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара,іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай-болымды,мағынасына қарай-салт етістік

-Ме-Болымсыз етістіктің жұрнағы

-Дім-Жіктік жалғауының жекеше түрі,1-жағы
Артық-түбір сөз

Тұрақты белгісі:тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара, мағынасына қарай-сапалық сын есім
Жолдас-түбір сөз

Тұрақты белгісі: тұлғасына қарай-туынды, құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-деректі, зат пен ұғымды атауына қарай-жалпы зат есім
Таппадым-сөздің түбірі-тап

Тұрақты белгісі: тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара,іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай-болымды,мағынасына қарай-салт етістік

-Па-Болымсыз етістіктің жұрнағы

-Дым- Жіктік жалғауының жекеше түрі,1-жағы
Татулықтан-сөздің түбірі-тату

Тұрақты белгісі: тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара, мағынасына қарай-сапалық сын есім

-Лық-Есімнен зат есім жасайтын жұрнақ

-Тан-Шығыс септігінің жалғауы
Билет №11

1. Морфология.Түбір және қосымша морфема, оның түрлері.

2. Жазуға үйрету әдістері.Жазуға қойылатын талаптар. Сауатты жазуға

үйрету мәселелері.

3.Синтаксистік талдау.

Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз

өткізді.(М.Әуезов)
1. Морфология.Түбір және қосымша морфема, оның түрлері.

Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.

Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады.



Қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық тұрғыдан жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер де, күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған, күрделенген (ақ құба, ақ сары) сөздер. Жалаң сөздер құрамы жағынан түбір тұлғалар мен қосымшалардан құралады. Түбірлер сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді де, қосымшалар түбірге неше түрлі грамматикалық мағыналар үстейді. Мысалы, ұйымдастырушылардың бірі деген сөз тіркескендегі алғашқы сөз ұйым+дас+тыр+у+шы+лар+дың болып 7 бөлшектен тұрады. Мұндағы ұйым — негізгі түбір, -дас — сөзжасам қосымша, -тыр - өзгелік етіс жұрнағы,  — қимыл есім жұрнағы, -шы — сөзжасам жұрнақ, - лар — көптік жалғауы, -дың — ілік септігі жалғауы. Бұлардың әрқайсысының өзіндік лексикалық және грамматикалық мағыналары бар.

Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: Ахмет Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов. 40-50- жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми - зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде көптеген көлемді еңбектер жарыққа шығады. I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған "Қазақ тілі грамматикасы" мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған "Қазақ тілі" (1948) және жоғары оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақ тілі" (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері", А. Ысқақовтың "Қазақ тіліндегі үстеулер", Ғ. Мұсабаевтың "Сын есімнің шырайлары", Ә. Хасеновтың "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер", Р. Әміровтың "Қазақ тіліндегі шылаулар", Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі одағайлар" т. б. зерттеулерін айтуға болады.

Сөздің алғашқы мағыналы бөлігін түбір дейді. Түбір басқа мағыналы сөздің жасалуына негіз болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет