МЭН ЦЗЫ
,
(Мэн Кэ)
(шам. б.д.д.372–289) — атақты қытай
ойшылы, Конфуцийдің (Конфуциандықтың) жолын қуушы.
Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі 8-тармаққа бөлініп
кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы
Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы
мектебі. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге
түсірумен ғана емес, сондай-ақ жаңа ойлармен толықтырьш
отырған.
Негізгі шығармасы:
«Мэн-цзы». Оның пікірінше,
таным процесінің негізі сезімдік қабылдауда емес, оның ақыл-ойында,
парасатында. Мэн-цзы мораль және этика адамның туа біткен табиғатынан
шығады. Этикалық-моральдық ұстанымдар адамның табиғатынан әрі
жоғарғы күш иесі «Көк-Аспаннан» дегенді алға тартады. Ол бір жағынан
адамның тұқым қуалаушылық жолымен келетін қасиеттерді де жоққа
шығармайды.
Достарыңызбен бөлісу: |