НЕРУ
,
Джавахарлал, Пандит (Ғалым) Неру
(1889–1964)
— Үнді Ұлттық Конгресінің және Үнді ұлт-азаттық
қозғалысының сол қанатындағы көшбасшы-лидерлерінің
бірі, 15 тамыз 1947 жылы Үндістан өз Тәуелсіздігін
алғаннан кейінгі тағайындалған елдің алғашқы премьер-
министрі. Елдің ішкі саясатында Неру Үндістан халқын
ынтымақ-бірлікке шақырды, мұсылмандар мен үндістерді,
билік үшін жауласып жүрген саяси партияларды бір
ымыраға келуге шақырды, ал экономикада – жоспарлау принциптері мен
рыноктық экономикаға жол бастауға шақырды.
Достарыңызбен бөлісу: |