1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Азаматтық қызметшілермен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі



бет171/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   255
Байланысты:
Ескерту

240-бап. Азаматтық қызметшілермен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі
1. Қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленген негіздермен қатар азаматтық қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің (қазыналық кәсіпорынның) басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адам зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкін.
Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

25-1-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері


Ескерту. Кодекс 25-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
240-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық даму институттарында, ұлттық холдингтерде және ұлттық компанияларда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында жұмыста болумен байланысты шектеу
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдауға болмайды.
25-2-тарау. Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын
қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
Ескерту. Кодекс 25-2-тараумен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет