264-бап. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде ұйымдастыру 1. Салалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Осы Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді.
1-1. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттік органдарына жүктеледі.
2. Тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
3. Салалық кәсіптік одақтар қызметкерлердiң салалық деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық ұйымдардың өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.
Ескерту. 264-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.