1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыру



бет188/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   255
Байланысты:
Ескерту

265-бап. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыру
1. Өңірлік комиссия тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
1-1. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.
2. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері өңірлік комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
3. Кәсіптік одақтардың аумақтық бiрлестiктері қызметкерлердiң өңірлік деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
4. Мыналар:
1) облыстық деңгейде – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік;
2) қалалық, аудандық деңгейлерде – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық бірлестіктер өңірлік деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.
Ескерту. 265-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет