https://kzdocs.docdat.com/docs/index-60833.html - жақсы сайт
|
№ 1- epoophoron - аналық без қосалқысы Аналык без жанында рудиментарлық түзілістер-аналық без қосал кысы, аналық безжаны, сабакты өсінділер, алғашқы бүйректің өзекшелерінің калдыктары мен оның түтігі орналаскан. Аналык без қосалқысы, ероорһогоп, жатыр түтігі шажырқайының, mesosalpinx, табақтарының аралығында, аналық безден латералді және артында орналасып, аналык без қосалқысының бойлық түтігінен ductus ероорһогі longitudinalis, және аналык без қакпасына соқыр шеттері қараған көлденең түтіктерден, ductuli transversi, тұрады.
№ 2 – fimbrae tubae uterinae
Жатыр түтігінде келесі бөліктерді ажыратады: жатыр қабырғасының қалындығында орналаскан жатыр бөлігі, pars uterina; жатырға жақын бөлігі -жатыр түтігінің қылқасы, isthmus tubae uterinae, бұл бөлік өте тар және ең қалың қабырғалы, жатырдын жалпак байламы табақтарының аралығында орналаскан. Келесі болігі-жатыр түтігінің кеңжері, ampulla tubae uterinae, жатыр түтігі ұзындығының жартысы осы бөлікке келеді, оның диаметрі біртіндеп үлкейіп, келесі-жатыр түтігінің құйғышына, infundibulum tubae uterinae, жалғасады, ол ұзын және жіңішке түтік шашактарымен, fimbriae tubae, аякталады. Шашақтардың ішіндегі ең ұзын шашақты аналық без шашағы, fimbria ovarica, деп атайды. Аналык без шашағынын қызметі, аналық жыныс жасушасының қимылын жатыр түтігі құйғышына бағыттау
№ 3 – ostium abdominal tubae uterinae
Жатыр түтігі, tuba uterina, жатыр куысына аналык безде түзілген аналық жыныс жасушасын өткізетін жұп мүше. Жатыр түтіктері кіші жамбас астауында орналаскан, жатырдан аналық безге өтетін цилиндр пішінді түтіктер. Әрбір түтік жатырдын жалпақ байламының жоғарғы жиегінде орналаскан, оның шажырқайы, mesosalpinx, жоғарыдан -окатыр түтігімен, төменнен аналык безбен, оның меншікті байламымен, ал латералді-аналык без шашағымен шектеледі. Жатыр түтігінін ұзындығы 10-12 см, түтік куысы 2-4 мм. Жатыр түтігінің қуысы бір жағынан тар жатыр тесігі, ostium uterinae tubae, арқылы жатыр куысымен, екінші жағынан іштік тесік, ostium abdominale tubae uterinae, арқылы іш қуысымен байланысады.
№ 4 - ductus mesonephricus – мезонефралды түтік немесе Вольфов түтігі
Ductus mesonephricus-генитурарлы органдардың құрылысына баратын ең ерте түзілім болып табылады. 15-ші күні ол мезодермада дене қуысының медиальды жағында (celom) нефротикалық сым түрінде пайда болады, ал 3-ші аптада қуыс пайда болады және канал клоакаға жетеді.
Қосымша: Аталық безге қарағанда аналық жыныс безінің ерекшеленуі сәл кешірек эмбриогенездің 7-8 аптасында пайда болады. Аналық жыныс безінің эмбриогенезінде алғашқы бүйрек , mesonephros денесінде мезенхиманың күшті дамуы байқалып,осыдан жыныс жіпшесінің бос ұштарымен бүйрек өзекшелері пайда болып,ал мезонефралды өзек, ductus mesonephricus семіп,осы кезде парамезонефральды өзектер жатыр түтігіне айналып, ұштары құйғышқа кеңейіп,аналық жыныс безін қармайды.
№ 5 – appendix vesiculosa
|