1. Д. А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі. Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993)


Алматы қаласындағы құрылыс жұмыстарының салынуын үнемі назарында ұстап отырды



бет5/11
Дата07.02.2022
өлшемі59,64 Kb.
#93612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тарих семинар

Алматы қаласындағы құрылыс жұмыстарының салынуын үнемі назарында ұстап отырды.
«Астана — елдің көркі, сырттан келгендер соған қарап еліңді таниды», — дейтін Димаш Ахметұлы. Осы бір өміршең идеяның бүгінде жалғасын тапқанына біз барлығымыз куə болып отырмыз. Жаңа елордамыз — Астана қаласы əлемнің ең əдемі қаласы ретінде күннен күнге қарыштап көркейіп дамып келеді.
Д.А.Қонаетың замандасы əрі бірге қызмет атқарған мемлекет жəне қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев Ұлы тұлғаға былаша баға берген болатын: «Димаш Ахметұлы ұмытылмайтындардың, халықтың жүрегінде мəңгі қалатындардың қатарында. Ол аса парасатты да талантты басшы болды, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол өз заманының ұлы саясаткеріне айналды, халықтың мүддесімен өмір сүрді. Оған деген құрмет аса жоғары қызметте жүрген кезінде ғана емес, ол қызметтен кеткен соң да бəсеңдеген жоқ. Оның кен инженерінен бүкіл бір республиканың басшысына дейінгі өмір жолы, еңбекқор да аса жоғары зиялылық келбеті кез келген деңгейдегі басшы атаулыға үлгі-өнеге болғандай... Оның парасатты ойларының, атқарған қызметінің іздері еліміздің, халқымыздың мəдени-рухани өмірінде, экономикада сайрап жатыр. Ол ел басқарған кезде халқымыздың дəстүрлі шаруашылығы — мал шаруашылығы қарышты қадаммен дамыды. Астық өндіру бұрын болмаған биікке көтеріліп, миллиард пұттармен əлемге танылдық. Өнеркəсіп пен құрылыстағы жетістіктер де жұрттың көз алдында.
Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңін 1955–1986 жылдармен есептейміз. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді. Ол өзіне жақсы серіктерді, іскер басшыларды таңдай білген адам еді. Сол тұста қаншама іске мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарайтын қайраткерлер, білікті ұйымдастырушылар өсіп жетілді десеңізші! Бұл ретте талай жыл Димекеңмен тізе қосып, еңбек еткен Б.Əшімовтен бастап, Ж.Тəшеновтің, Н.Оңдасыновтың, М.Бейсебаевтың, С.Ниязбековтің, С.Имашевтің, А.Асқаровтың, тағы басқа талай қайраткерлердің атын атауымызға болар еді. Ал солардың қатарында тəуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың да болғаны бəріміз үшін мақтаныш. Нұрекеңнің басшылығымен республикамыздағы жақсы істер еселене түсті, Қазақстан əлем таныған беделді мемлекеттердің біріне айналды.
Заманымыздың заңғар тұлғасы Димаш Ахметұлы Қонаевтың халық үшін, еліміз үшін жасаған еңбегі кезінде жоғары бағаланды. Оған КСРО-дай алып державаның ең жоғары — Социалистік Еңбек Ері атағы үш рет берілді, ең жоғары ордені — Ленин орденімен 8 рет марапатталды. Оны бұрынғы тоталитарлық елдің наградалары деп кемсітудің еш қажеті жоқ. Бұл ұлы тұлғаның еңбегін бағалағандық қана емес, оны мойындау деп те қабылдаған жөн».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет