1 дәріс. Кіріспе. Тағамдық шикізат және тамақ өнімдерін сақтау ерекшеліктері Дәріс жоспары


Органикалық ластаушылардың тағы бір көзі



бет14/18
Дата07.02.2022
өлшемі113,5 Kb.
#86425
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
№ 1 дәріс Сақтау

Органикалық ластаушылардың тағы бір көзі - қоймадан уақтылы алынбаған бүлінген, сапасыз тауарлар. Бұл ластау көзі - ең қауіпті болып табылады, өйткені ыдыс, еден және жабдықтардың органикалық ластануымен бір мезгілде микробиологиялық ластануда өседі.
Микробиологиялық текті ластанулар ластаудың басқа түрлеріне ұқсас көздерден тұрады. Алайда, бұл жағдайда, ауа мен топырақтан түсетін шаңтәрізді бөлшектердің өнімге түсуіне қарағанда, ыдыстар мен тауарлардың өздерінің әртүрлі микробтық аурулардың қоздырғыштарымен ластанғаны маңызды болады. Мол бұзылған тауарлардан мұндай микроорганизмдер ыдысқа, жабдыққа, содан соң ауаға өтеді. Микробиологиялық текті ластанулар сапалы(микроорганизмдердің түрі) және сандық бағаланады.
Қоймалардағы ауада ең көп таралған микроорганизмдер көгерткіш саңырауқұлақ споралары, сондай-ақ Aspergillus, Mucor, Fusarium, жабайы ашытқы болып табылады. Споралар ауа ағынында таралып, тауарларға түседі және қолайлы жағдай туғанда дамып, тауарлардың микробиологиялық бұзылуын тудырады. Алдын-ала жүргізілетін шаралар, яғни, тауарларды салмас бұрын қоймаларды дезинфекциялау жалпы микробиологиялық ластануды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Сақтау орындарының(қоймадағы) қоршаған ортасының биологиялық ластануы оларда жәндіктер-зиянкестердің, тышқан, кеміргіштердің болуымен байланысты. Қоймаға олардың ену көздері – бұзылған тауарлар немесе қалдықтарды алынбаған өнім партиялары бұйымдар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет