Сақтау - дегеніміз алдын-ала белгіленген мерзімі ішінде өнімді шығынсыз немесе аз шығынмен сақтауға негізделген, оның сапасы мен санын ең минималды (төменгі деңгейде) өзгеріске ұшыратуды қамтамасыз ететін жағдайда өңдеу этапы. Алайда азық түлік өнімдерін сақтау кезінде бірқатар шығындар болады. Сақтау кезіндегі Тамақ өнімдерінің шығындары барлық елде елеулі экономикалық шығындарға әкеледі. Әсіресе үлкен шығындар картоп және көкөністерді жинау, тасымалдау және сақтау кезінде болады. ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығыны оларды дайындау, тасымалдау және сақтау процесінде 40-50% - ға жетеді.
Азық-түлік өнімдерін сақтау әдістеріне адамзат ежелгі дәуірден бастап іздеу жүргізген. Азық-түліктерді дұрыс сақтау тағамдық өнімдердің әрбір түрінің сақтау ерекшеліктерін, сақтаудың шекті мерзімдері мен оңтайлы режимдерін, оларды дайындаудан кейінгі үдерістерін білмей мүмкін емес.