1 дәріс. Объектілі бағытталған бағдарламалау түсінігі



бет23/36
Дата11.12.2021
өлшемі79,06 Kb.
#99042
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
ОББ

var m: integer; var n;

Параметр ­ мән

b: real;

Параметр ­ тұрақты

const c: string;

Параметр­айнымалының сипатталуында var қызметші сөзі жазылады. Оны пайдалану негізі программаға мән беруге (қайтаруға) мүмкіндік береді. Процедура операторында параметр­айнымалыны типі сәйкес келетін нақты параметр-айнымалымен ғана ауыстыруға болады. Ал параметр­мән мен параметр­тұрақтыны кезкелген өрнек ауыстыра алады. Параметр ­ тұрақтынының сипатталуы const қызметші сөзінен басталуы тиіс. Функцияларда параметр­айнымалыны қолданбауға болатыны өзінен-өзі түсінікті.

Ескерілмейтін параметрлер.

Object Pascal тілінде типі анықталмаған формалды параметр­ айнымалылар (типсіз параметрлер) да пайдаланылады. Оған сәйкестен-дірілетін нақты параметр–айнымалының типі кезкелген бола алады. Мысалы,

Procedure Clon(var m: integer; var n);

Сонымен қатар, Object Pascal тілінде ішкі программаны шақырғанда елемей кетуге болатын параметрлер де пайдаланылады. Елемейтін параметрлер формалды параметр тізімінің соңына мына пішіммен жазылады:



<Аты>: <Типі> = <Мәні>

Мысалы,

Procedure Pros(mas: array of Integer; s: string = ‘’);

процедурасын шақырудың екі түрі бар:

Pros([2,4,6,8,10], ‘Параметр’);

Pros([2,4,6,8,10]);

Формалды параметрлердің типі стандартты немесе күні бұрын анықталған тип қана бола алады. Мысалы, ішкі программаға жиымды параметр арқылы беру керек болса, оның типін бұрын сипаттап алу керек:

type


MType = array[1..20] of integer;

Procedure Pro1 ( var Masp: MType);

Қысқа символдық жол жиымның бір түрі деп есептелетіндіктен, оны ішкі программада параметр ретінде былай сипаттауға болады:

type


S1_Type = String[10];

S2_Type = String[20];

Function Runstr (s: S1_Type): S2_Type;

Ашық жиымдар.

Object Pascal тілінде ұзындығы айнымалы болып келетін бір өлшемді жиымды (оны ашық жиым дейді) ішкі программаға параметр ретінде беруге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда оның базалық типі ғана жазылады:

Procedure Pro2 ( Masp: array of Integer);

Параметрі ашық жиым болатын ішкі программаны шақырғанда аргументтің орнына жиым конструкторын қоюға рұқсат етіледі. Жиым конструкторы деп тік жақшалармен қоршалып, үтірлермен айырылып жазылған жиым элементтерінің мәндерін айтады. Мысалы, алдыңғы процедураны пайдаланып



Const

Mas: array[1..5] of Integer = (10, 20, 30, 40, 50);

begin

Pro2(Mas);



end;

деп жазудың орнына, төмендегіше шақыруға да болады:

begin

Pro2([10, 20, 30, 40, 50]);



end;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет