Инкапсуляция.
Инкапсуляция мәліметтер, әдістер мен қасиеттерді біріктіріп, біртұтас ету. Инкапсуляция принципі бір-біріне тәуелсіз, белгілі бір қызметтерді атқаратын саналуан мақсаттағы кластарды пайдалануға және жасақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, TForm класы Windows-терезелерді жасақтауды, TMemo класы мәтіндік редакторды пайдалануды, ал TTimer класы программаның таймермен жұмысын қамтамасыз етеді. Класты сипаттаудың қарапайым мысалы:
type
TNewClass = class(TObject) // Класты сипаттау
Button1: TButton; // Өрісі
FCode: Integer; // Өрісі
Procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); // Әдісі
Property Code: integer read FCode write FCode; // Қасиеті
end;
Бұл мысалда TNewClass класы TObject класының ұрпағы ретінде сипатталған. Object Pascal тілінде барлық кластар бір TObject ата класынан тарайды. Оның құрамында объектінің жасақталуынан бастап жойылуына дейінгі жұмыс циклына қажет деп есептелінетін әдістер ғана (өрістер мен қасиеттер жоқ) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |