Естің типологиялық ерекшеліктері. Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның әрекет ерекшеліктеріне байланысты болады. Мәселен, әртістерде – эмоциялық ес жақсы дамыған болса, композиторларда – есту, суретшілерде – кӛру, философтарда – сӛздік – логикалық ес жақсы дамиды.
Естің дамуы, сол тәрізді, адамның мамандық әрекетіне де тәуелді, ӛйткені психика әрекет үстінде кӛрініс берумен бірге қалыптасады да. Композитор немесе пианино ойнаушы бәрінен де әнді есте жақсы қалдырса, суретші заттардың түсін, математик есептердің түрін, спортшы қимылдарды есте тәуір сақтайды.
Естің таза түрлері ӛте сирек кездеседі. Кӛру – есту, кӛру – қимыл және қимыл – есту тәрізді аралық түрлер кӛбірек тараған.
Елестер және оның түрлері
Елестер дегеніміз - қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида пайда болуы.
Елестердің физиологиялық негізі үлкен ми сыңарлары қыртысында бұрынғы қозулардан қалған іздер болып табылады. Тітіркендіргіш әсерімен ми кыртысындағы ескі нервтік байланыстар жанданады да, бейне пайда болады.
Елестер - бұл бұрынғы қабылдауларды қайта ӛңдеу мен жалпылаудың нәтижесі. Қабылдаусыз елестер құрастырылмас еді, ӛйткені соқыр боп туғандардың түрлі түс пен бояулар жӛнінде, ал тумысынан саңыраулардың есту елестері болмайды.
Елестердің қабылдаулардан айырмашылығы - елестің затты жалпыланқырап бейнелендіретіндігінде. Ол заттар мен құбылыстардың ӛзіне ғана тән, кӛрнекі белгілерін бейнелендіреді.
Біздің елестеріміз - жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесі. Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болатындығына қарай жалпы және дара болып екіге бӛлінеді. Арнаулы бір затты қабылдауға негізделген елес дара болады, ӛйткені ол дара затты бейнелендіреді. Бірнеше ұқсас заттарды жалпылап бейнелейтін елес жалпы болады. Мәселен, теңіз елесі - жалпы елес.
«Каспий» теңізі - дара елес болады.
Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес. Егер оқушыда әріптердің жазылуы жӛнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Кӛру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жӛніндегі елестері анық болса ғана, ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады. Елестер қабылдаулардың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан баланың қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады.
Елестің түрлері. Елестеулерді айрықша ӛзгешіліктеріне және сипаттарына қарай оларды үлкен екі топқа бӛлуге болады.
Ес елестеулері.
Қиял елестеулері.
Егер адам бұрын қабылдаған, сезген заттарын, құбылыстарын, олардың бейнелерін қайтадан елестетсе, мұнда елестеулер ес елестеулері деп аталады. Ал бұрынғы елестеулерге сүйеніп, бірнеше елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, ӛзгертіп және жаңадан елестеулер жасаса, бұл қиял елестеуі болады. Мысалы, егер мен кеше кӛрген концертті кӛз алдыма елестетсем, бұл ес елестеуі, ал бұрын еш уақытта кӛрмеген, сезбеген, қабылдамаған болмыстарды кӛз алдымызға елестетсек онда қиял елестеуі болады.
Елестерді оларға негіз болатын қабылдау түрлеріне қарай айырады. Елестерді кӛру (адам, зат, пейзаж), есту (музыкалық әуенді елестету), иіс (эфир исін елестету), дәм (лимонның дәмін елестету), сипап сезу-қозғалыс (секірген кездегі дене қалпын елестету) елестері деген түрлерге бӛледі. Елестер түрге шартты негізде бӛлінеді. Бӛлу кезінде заттарға басқа да қасиет белгілері тән болса да оның бір белгісі ғана басшылыққа алынады. Қӛпшілік жағдайда елестер екі немесе бірнеше талдағыштардың қызметі негізінде туады да жинақылық сипатқа ие болады:
Елестер адамның қызметі процесінде қалыптасады, сондықтан мамандыққа байланысты елестің белгілі бір түрі, айталық, суретшіде - кӛру, композиторда - есту, спортшы мен бишіде - қимыл, химикте - иіс, дегустаторда
дәм елесі күштірек жетіледі.
Қимыл-қозғалыс елестеулері арқылы адам барлық денесінің не болмаса дене мүшелерінің жекелік қимылдарын және әрбір сӛзді айтудағы пайда
болатын артикуляциялық қимылдарын елестетеді. Мысалы, іштен сӛйлегенде біздің тамағымыз, тіліміз қимылдайды, не болмаса бір жерге отырып қолымызбен бір нәрсе жазатын болсақ аяғымыз қимылдайды. Мұндай елестеулер арқылы пайда болатын қимылдарды идеамоторлық қозғалыстар дейді. Кӛру не есту елестеулерінен басқа елестер таза түрде ұшырамай бір- біріне араласып, қосылып отырады. Олардың ӛзі де кейде басқа елестеулер мен қосылып кетеді. Күнбе-күнгі тіршілікте кӛру, есту, қимыл-қозғалыс елестері кӛбірек орын алады. Әр адамның елестерінде ӛзіндік ерекшеліктері де болады. Мәселен, бір адамның елесі ӛте бай болып, кӛрнекті, толық ашық, анық болып келсе, енді біреулердің елестері солғын, бұлыңғыр, күңгірт болады. Кейбір адамдар кӛру елестері күрделі орын алса, басқаларда есту елестері жақсы дамыған болады.
Елестеу туралы әр түрлі бағыттағы психологтардың түрліше теориялары бар. Гербарт деген психологтың айтуынша, елестер сана табалдырығынан тұрады, адамның психикалық әрекеттерінде екі түрлі ағымдар болады, бірі – саналы, екіншісі – санасыз ағымдар дейді. Енді бір теория елестеулердің белсенділігін жоққа шығарады, адам санасының онша белсенді емес екендігін айтады. Шындығында елес белсенді келеді, олар бір-бірімен байланысып, тоғысып қосылады, сӛйтіп ӛзара әрекет етіп отырады. Сондықтан адамның елестеулерін, адамның ойынан, санасынан бӛлек ӛз алдына әрекет ететін құбылыс деп түсіну шындықпен үйлеспейді.
Елестер бірінші жылдың ӛзінде-ақ кӛріне бастайды. Бала үй ішіндегі ата-анасын, не болмаса отбасы мүшелерін, үйдегі кейбір заттарды, ойыншықтарды тани алады. Ал екінші жылға аяқ басқанда ол бұрынғы қабылдауында болған заттары, суреттері арқылы да тани алады. Екінші жылдың аяқ кезіндегі кӛру, елестеулері кӛбірек орын алады. Себебі кӛбінесе, бала үй ішіндегі, айналасындағы заттармен кӛбірек айналысады.
Ересек адамның елестеулері мен салыстырғанда, бала елестері, кӛбінесе, еріксіз пайда болып отырады. Олардың осынау бейнелері әрі де ӛсіп, дамып естімегендіктен қажетті елестерді дер кезінде тудыртып, олармен тиісті әрекет жасай алмайтын кездері жие кездеседі. Ӛйткені, бала елестеткен уақытта жеке заттардың, жеке құбылыстардың бейнелерін еске түсіреді де жалпылама елестерге шамасы келмейді. Ал нақты мұндай елестер терең ойлауға жӛндеп жәрдемдемесе алмайды. Сондықтан балалардың жалпылама елестеулерін дамытып отыру аса маңызды іс. Бұл үшін, біріншіден, мектеп жағдайында оқушы елестеулерінің бай, толық, кӛрнекті болуы жағын дамытып ойластыру қажет. Ол үшін балаларды оқытқанда, сабақты кӛрнекті етіп жүргізген дұрыс. Кӛрнекті оқу құралдары мұғалім мейлінше мол пайдаланса, балалардың қабылдауы мен елестетуі қатар дамитын болады. Екіншіден, балаларды ӛз бетімен бейнелерді жасауға үйретіп дағдыландыру керек, олардың әсіресе жалпылама елетеулерін дамытуға ерекше кӛңіл бӛлу керек, үшіншіден, елестерді дамытуда эстетикалық тәрбиенің маңызын да естен шығармаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |