№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


шығармашылық  туындыларын  зерттеу



Pdf көрінісі
бет112/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   293
Байланысты:
педагогика

шығармашылық  туындыларын  зерттеу 
әдісімен  де  алынады.  Олар:  шәкірттер  орындаған  жазба,  графикалық, 
шығармашылық  және  бақылау  жұмыстары; балалардың  суреттері,  сызылмалары, 
жасалған  қосалқы  бөлшектер,  кейбір  пән  дәптерлері.  Мұндай  жұмыстар 


оқушылардың  даралық  қабілеттерінен  дерек  береді,  олардың  қандай  да  бір 
саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. 
Мектеп  құжаттарымен  танысу 
әдісін  қолдана  отырып,  оқушының  жеке  ісі 
(личное дело), дәрігерлік  карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары  және 
сол  секілді  мектеп  хат-қағаздарымен  танысу  арқылы  зерттеуші  оқу-тәрбие,  білім 
игеру  процесін  ұйымдастыру  практикасында  нақты  қалыптасқан  объектив 
жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.  
Жоғарыда  аталған  әдістер  тобы  педагогикалық  құбылыстар  танудың 
эмпирикалық  мақсатымен  байланысты  келеді,  яғни  жеке-дара  ғылыми-
педагогикалық  деректерді  жинақтауға  арналады.  Ал  осы  топталған  алғашқы 
деректік материалдың мән-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау 
зерттеудің теориялық талдау әдісімен орындалады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет