№10 дәріс тақырыбы. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды
дамуының негізі
1.
Дүниетаным туралы жалпы түсінік.
2.
Ғылыми дүниетаным компоненттері.
3.
Ғылыми дүниетаным қалыптастыру жолдары.
Дүниетаным туралы жалпы түсінік.
Жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуда оларда ғылысми дүниетаным
қалыптастырудың маңызы зор. Ғылыми дүниетаным адамға қоршаған ортаның
құбылыстарын дұрыс қабылдауға және қорытуға, оларға объективті баға беруге
көмектеседі.
Дүниетанымның қалыптасу процесі күрделі, көп қырлы процесс, сондықтан
педагогика ғылымында бұл ұғымға деген әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.
Дүниетанымның күнделікті тұрмыстық дүниетаным, діни дүниетаным, ғылыми
дүниетаным және т.б. түрлерін атауға болады.
Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жоғары формасы.
Ғылыми дүниетаным әлемге деген ғылыми, философиялық, адамгершілік,
эстетикалық көзқарастар жүйесі. Әлем өркениетінің жетістіктерін жинау отырып
ғылыми дүниетаным адамды тұрмыс пен ойлаудың, табиғат пен қоғамның мәнді
жақтары туралы әлемнің ғылыми бейнесімен қаруландырады.
Дүниетанымда ішкі мен сыртқының, объективті мен субъек-тивтінің бірлігі
көрінеді.
И.Ф.Харламов ғылыми дүниетанымның бағдару беру, ақпараттық және баға
беру функцияларын атайды. Б.Т.Лихачевтің пікірі бойынша ғылыми дүниетаным
ағартушылық, тәрбиелік, дамытушылық, ұйымдастырушылық және болжамдық
функциялар
Ғылыми дүниетанымның
ағартушылық функциясының
мәні – ол қоғам және
табиғат әлемін адамға түсінікті етеді, білімді сана қалыптастырады, әлеуметтік
және саяси қате түсініктерден сақтайды.
Тұлғаның қабылдаған көзқарастары мен сенімдері онда белгілі бір моральдік
қасиеттердің қалыптасуына, қоршаған шындыққа деген қарым-қатынас
қалыптастыруға негіз болуы ғылыми дүниетанымның
тәрбиелік функциясын
іске
асыруға мүмкіндік береді.
Ал дүниетанымның
дамытушылық функциясының
мәні дүниетанымның
мазмұнын игеруге арналған ішкі рухани жұмыс тұлғаны белсенді ойлау іс-
әрекетіне тартуында.
Ғылыми дүниетанымның
ұйымдастырушылық функциясы
оқушыларды
практикалық іс-әрекет жүйесіне тартудан көрінеді.
Ғылыми дүниетанымның
болжамдық функциясы
қоғам мен табиғаттың даму
заңдылықтарын игеру негізінде іске асырылады.
Ғылыми дүниетаным тұлға қалыптасуында адамгершілік, эстетикалық және
т.б. бағыттарда дамуының негізі, орталығы болып табылады.
Дүниетаным адам санасының жоғары формасы, оның қоршаған дүниеге, яғни
қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі. Сонымен қатар осыған
байланысты адамдардың негізгі өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және
іс-әрекеті.
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны
қоршаған болмысына және өз-өзiне қатынасына деген көзқарастар жүйесi, сонымен
қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негiзгi өмiрлiк
ұстанымдары, наным-сенiмдерi, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет
принциптерi, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам
санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке
тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгiлi бiр әлеуметтiк топтың, қоғамдық таптың
жетiлуiнiң елеулi көрсеткiшi.
Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін аңғара отырып, дүниетаным
өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен
байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол
өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым,
эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси,
адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін
құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және
дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын
теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи
тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік
және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты
тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара
қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған
ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен
нәтижелеріне қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның
қоғамдық
тұрмыс-тіршілік
ерекшеліктерін
бейнелейді,
тұлғаның
дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің
бағытын анықтайды.
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының
дамуын бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми
тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және
ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады.
Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол
объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және
жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы,
материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми
талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және
қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық
ұғынуларына сүйенеді. Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан
басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде
басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық
және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен
әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге
бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын
түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері
жатады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді,
қазіргі ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының
жалпы әдістер жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір
ізділікпен меңгеру нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші
дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас,
сенім, ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және
қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы
сол және басқа ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі
ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру
процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу
нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және
жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы
жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар,
жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан
көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.
Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы
оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист,
белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.
Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің
оның санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми
түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет –
өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің қатынасын реттеу үшін
дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған – іс-әрекет пен
қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру қажет.
Г.Е.Занесскийдің пікірінше «Бұл психикалық іс-әрекет ерекше. Бұл
әлеуметтік бағдарлау процесінде «Мен – бейнені» іске асырушы қызмет атқарады.
Басқа әр түрлі заттармен салыстырғанда инвариант бола отырып «дүниетанымдық»
іс-әрекет, мақсаты, мотвациясына және операциялық механизмінің құрамы
бойынша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны іске асыру әлеуметтік бағдарлаудағы
жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни қоғамдық тәжірибенің ғылыми
білімдер жүйесіне белгіленген және жеке тұлғаның әлеуметтік талаптар мен
күтілулеріне, тәрбиесіне мақсатты түрде бағытталуына сәйкестігін қамтамасыз
етеді.
«Дүниетанымдық іс-әрекеттің» қызығушылығы жеке тұлғаның саналы түрде
өмірге, дүниеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік талаптары және оның
эмпирикалық немесе эмоциональдық негіздегі ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми
дүниетаным мазмұнына сүйенуі болып табылады.
Әлеуметтік бағдарлаудың әдісі танымдық әрекеттердің жалпылау жиынтығы
деп түсіну қажет, нақты қоғамдық оқиғаларға, құбылыстарға қалай қарау керек
екені жайлы мәселердің шешімін қалай орындау жолдары? Егер ол пайдалы
болса, оны мәнді деп ойлауға бола ма және егер «иә» десеңіз оны қандай мақсатта,
қалай пайдалану керек және егер ол зиянды болса қалай жоюға болады?
Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші
және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі қызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар
мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне
байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер
сыну арқылы өтеді.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті
арқылы оның санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып
келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда
тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардың іс-әрекеттері мен
қылықтарын анықтайды.
Дүниетанымның бағалау қызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның
өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз
дүниетанымы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |