№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет191/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   293
Байланысты:
педагогика

дидактика
  –  оқыту  және  білім  беру,  олардың  мақсаты,  мазмұны, 
әдістері, құралдары, ұйымдастырылуы, жететін нәтижелері туралы ғылым. 
Дидактиканың негізгі категориялары болып сабақ беру, оқу, оқыту білім беру, 
білімдер,  біліктер,  дағдылар,  сол  сияқты  оқытудың  мақсаты,  мазмұны, 
ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістері, нәтижелері (өнімдері) табылады. 
Білім  беру
  –  педагогтың  оқыту  мақсатын  (білім  міндеттерін)  жүзеге  асыруға 
бағытталған  іс-әрекеті,  ақпараттандыруды,  тәрбиелеуді,  тануды  және  білімдерді 
тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ету. 
Оқу
 – барысында таным, жаттығу және алынған тәжірибе негізінде өзін ұстау 
мен іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болатын, бұрынғылары өзгеретін процесс, 
дәлірек айтқанда біріккен процесс. 
Оқыту
  –  қойылған  мақсатқа  жетуге  бағытталған  педагог  пен  оқушылардың 
өзара  іс-әрекеті.  Оқу  (дидактикалық)  процесі  мынадай  өзара  іс-әрекеттің  негізгі 
сатылардан тұрады:  
 
Педагог іс-әрекеті 
Оқушы іс-әрекеті 
1.
 
Оқушыларға оқытудың мақсаты мен міндеттерін 
түсіндіру 
 
2.
 
Оқушыларды 
жаңа 
білімдермен 
(құбылыстармен, 
оқиғалармен, 
заттармен, 
заңдармен) таныстыру 
3.
 
Білім, біліктер алу және санадан өткізу процесін 
басқару 
 
4.
 
Ғылыми  заңдар  мен  заңдылықтарды  тану 
процесін басқару 
 
5.
 
Теориядан практикаға өту процесін басқару 
 
6.
 
Эвристикалық және зерттеушілік іс-әрекеттерді 
ұйымдастыру 
 
7.
 
Оқушылардың 
білімі 
мен 
дамуындағы 
өзгерістерді тексеру, бағалау 
1.
 
Оқудың оң мотивациясын жасаудағы өзіндік іс-
әрекет 
 
2.
 
Жаңа білімдер, біліктерді қабылдау 
 
3.
 
Талдау, синтез, салыстыру, жүйелеу 
 
4.
 
Заңдылықтар  мен  заңдарды  тану,  себеп-
салдарлық байланыстарды түсіну 
 
5.
 
Біліктер мен дағдылар алу, оларды жүйелеу 
 
6.
 
Туындайтын 
проблемаларды 
шешудегі 
практикалық іс-әрекет 
 
7.
 
Өзіндік 
бақылау, 
жетістіктерді 
өзіндік 
диагностикалау 
 
 
Білім  (образование)   
–  оқыту  процесі  барысында  алынған  білімдер,  біліктер, 
дағдылар мен ойлау тәсілдерінің жүйесі. 
Білім  (знание)
  –  адамның  теориялық  тұрғыда  меңгерген  идеяларының 
жиынтығы. 
Біліктер
 – алынған білімдерді тәжірибе жүзінде қолдану тәсілдерін (әдістерін, 
әрекеттерін) меңгеру. 
Дағдылар
  –  қолданылуы  автоматты,  жетілдірілген  деңгейге  жеткізілген 
біліктер. 
Мақсат (оқу, білім мақсаты) – оқыту ұмтылатын, оның барлық күшін салатын 
болашақ. 


Мазмұн  (оқыту,  білім  беру)  –  оқыту  барысында  оқушылар  меңгеруі  тиіс 
ғылыми білімдердің, практикалық біліктер мен дағдылардың, іс-әрекет пен ойлау 
тәсілдерінің жүйесі. 
Ұйымдастыру  –  белгіленген  критерийлер  бойынша  дидактикалық  процесті 
қалыпқа түсіру, мақсатқа дұрыс жету үшін оған қажетті форма беру. 
Форма (лат. forma – сыртқы түр, қабық) – оқу процесінің өмір сүру тәсілі, оның 
ішкі  мәнінің,  логикасы  мен  мазмұнының  қабығы.  Форма  көбінесе  оқушылар 
санымен, оқыту уақыты мен орны, оның орындалу тәртібімен байланысты. 
Әдіс (лат. metodos – жол, тәсіл) – оқыту мақстаы мен міндеттеріне жету, оларды 
іске асыру жолы. 
Құрал  –  оқу  процесін  заттық  қамтамасыз  ету.  Құрал  болып  педагог  дауысы 
(сөзі),  кең  мағынада  оның  шеберлігі,  оқулықтар,  сынып  жабдықтары,  т.б. 
табылады. Бұл түсінік басқа мағынада да қолданылуы мүмкін. 
Нәтижелер  (оқыту  өнімдері)  –  оқытудың  соңғы  нүктесі,  оқу  процесінің 
салдарлары, қойылған мақсаттың орындалу деңгейі. 
Дидактиканың негізгі категориялары өзара байланысты. 
Дидактикалық жүйелер және оқыту модельдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет