№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


№16 дәріс тақырыбы. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-тің



Pdf көрінісі
бет215/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
№16 дәріс тақырыбы. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-тің 
қозғаушы механизмі ретінде 
1. Оқу формасы түсінігі  
2. Оқу формаларының қалыптасуы  
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары  
4. Оқу түрлері  
Оқу формасы түсінігі 
 
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-әрекеттері әрқилы формада жүзеге асып 
барады.  
Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нәрсенің құрылымы 
дегенді  аңдатады.  Оқуға  байланысты  форма  екі  мағынада  қолданылады:  1)  оқу 
формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы.  
Дидактикалық 
категория 
ретінде 
оқу 
формасы 
оқу 
процесі 
ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, 
мазмұны,  әдістері  мен  құрал-жабдықтарына,  материалдық  жағдайларына, 
қатысушылар құрамы және т.б. элементтеріне тәуелді.  
Оқушылар  санына,  оқу  уақыты  мен  орынына,  іске  асыру  тәртібіне  орай  оқу 
формасы  әрқилы  болып  келеді.  Қазіргі  мектеп  тәжірибесінде  келесідей  оқу 
формалары  қалыптасқан:  жеке-дара,  топтық,  толық  сыныптық,  ұжымдық, 
жұптастық,  дәрісханалық  және  дәрісханадан  тыс  сыныптық және  сыныптан  тыс, 
мектептік  және  мектептен  тыс,  әлбетте,  мұндай  топтастырудың  (классификация) 
жетілген  ғылыми  негіздемесі  әзірге  болмай  тұр.  Дегенмен,  осы  тұрғыдан  оқу 
формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет