№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет253/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Мұғалімнің  сабаққа  дайындығы.
  Мұғалімнің  сабаққа  дайындығы  өзара 
байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және 
осы  жоспарлауды  әрбір  сабаққа  сәйкес  нақтыландыру,  әрбір  жеке  сабақтың 
жоспарын терең ойластыру мен  құрастыру. 
Тақырыптық    жоспарлау  оқу  бағдарламасының  белгілі  бір  тақырыбы  немесе 
тарауы  бойынша    өтілетін  сабақтар  мен  сабақтан  тыс  оқу  жүйесіндегі  оқыту-
тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының 
қолайлы  жолдарын  анықтау  үшін  қажет.  Бұл  жүйеге,  негізгі  дидактикалық 
мақсатына  байланысты,  сабақтың    әр  алуан  тұрпаты  және  түрлерімен  қоса 
оқушылардың  сыныптан  тыс  және  оқудан  тыс  жұмыстарының  басқа  түрлері  де 
кіреді. Тақырыптық  жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе мұғалімнің 
оқушылар  нені  білулері  керек,  т.б.  деген  сияқты  мәселелерді  қаншалықты  терең 
ойластырғанына  байланысты  болып  келеді.  Сондықтан  мұғалім  тақырыптық  
жосапрлауды  пәннің  оқу  бағдарламасымен,  білім  беру  стандарттымен  мұқият 
танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық  
міндеттерді  шешудегі  негізгі  тәрбиелік  мақсаттарды  және  оқушыларды  дамыту 
мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет. 
Бір  сабақты  жоспарлау-мұғалімнің  тиянақты  бір  сабаққа  дайындығы,  яғни 
сабақты  жоспарлау,  тақырыптық  жоспарлауды  әрбір  жеке  сабаққа  сәйкес 
нақтыландыру,  сабақтың  негізгі  мазмұны  мен  бағыты  анықталғаннан  кейін 
сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ 
жоспары  мұғалімнің  жұмыс  тәжірибесіне,  білімдарлығына,  педагогикалық 
шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, 
тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және 
олардың  дайындық  деңгейін  білуінің  негізінде  құрастырылады.  Сабақты 
жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты 
бөліктер  бар:  сабақ  мақсатын,  оның  әрбір  қадамын  терең  ойластыру;  арнайы 
дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу. 
     Сабақтың мақсаты бағдарлама материалының мазмұны негізінде, мектептің 
материалдық  базасының  және  оқушылардың  белгілі  бір  оқу  жағдайына  сәйкес 
ұйымдастыруға  болатын  оқу  материалымен  жұмысының  мазмұны  негізінде 
анықталады. Сабаққа дайындалудың бұл бөлімінде мұғалім болашақ сабақтың өту 


барысын  болжайды,  оны  ой-санасынан  өткізіп,  өзінің  оқушылармен  бірлесіп 
жасайтын  іс-әрекеттерінің  өзіндік  бір  сценарийін  дайындайды.Өзінің  және 
оқушылардың  сабақтағы  әрекеттерінің  негізгі  мазмұны  мен  бағыттылығын 
анықтағаннан  кейін  барып  мұғалім  оқушылар  меңгеруге  тиісті  қажет  және 
жеткілікті материалды таңдайды, сабақта талданатын жаңа түсініктерді енгізудің 
жүйелілігін анықтайды. Мұғалім оқушылардың белсенділігін арттыратын қызықты 
материалды таңдайды, оған оқушылардың назарын жалпылама сұрақтар, есептер 
арқылы аударатын, сабақтың құрылысын алдағы жұмыстың көлеміне қарай алдын 
ала анықтайды. 
Сонымен  мұғалімнің  сабаққа  дайындығы  дегеніміз-  тек  оқу  материалының 
тиянақты  талдауы,  оны  оқып  білу  кезеңдеріне  сәйкес  құрастыруы  ғана  емес, 
сонымен  қатар  оқушылардың  осы  материалмен  жұмысы  кезінде  пайда  болуы 
мүмкін  сұрақтары,  ауаптары,  пайымдаулары  -  оны  қабылдауы,  түсінуі, 
т.б.Сабақтың  осындай  алдын  ала  талдасмасы  неғұрлым  тиянақты  жасалса,  сабақ 
өткізу  барысында  кездейсоқ  жағдайларға  тап  болу  мүмкіндігі  біртұтас 
педагогикалық процесте солғұрлым аз болады. 
Осындай  мұқият  талдаудан  кейін  және  сабақтың  құрылысын  тиянақты 
ойластырғаннан  кейін  мұғалім  сабақтың  жоспарын  жасайды.  Сабақтың 
конспектісі,  әсіресе  жас  мұғалімдер  үшін,  толық  және  жан-жақты  жасалады. 
Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық 
қосарқы сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады. 
Алайда,  сабақтың  ойдағыдай  өтуі  тек  мұғалімнің  мұқият  дайындығына  ғана 
емес, сонымен қатар оның оқушыларды алдағы сабақтағы жұмысқа әзірлеуіне және 
оқушылардың өздерінің сабаққа деген психологиялық дайындығына байланысты. 
Ол  үшін оқушыларды  келер  сабақтағы  жұмыс  жоспарымен  таныстырып,  оларды 
оқулықтың немесе әдеби шығарманың жекелеген тараулары мен тақырыптарымен 
алдын  ала  таныстыруға  бағыттап,  жаңа  материалды  меңгеруге  септігін  тигізетін 
бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу қажет. 
Сабақтың  жоспарында  сабақтың  тақырыбы,  сабақ  өткізілетін  сынып  бөлмесі 
және  дидактикалық  міндеттері  нақтыланған  сабақтың  мақсаты,  сабақта  өтілетін 
материалдың  қысқаша  мазмұны,  оның  міндеттері  көрініс  табады.  Сондай-ақ, 
сабаққа  қатысатын  оқушылардың  өзара  қатынасын  ұйымдастыру,  оқушылардың 
оқу-танымдық  қызметін  дамытатын  тапсырмалар,  білім  беру  әдістері  мен 
дидактикалық  әдіс-тәсілдері  анықталады.  Тапсырмалар  арқылы  алға  қойылған 
міндеттерге  қарай,  ал  ол  міндеттерді  орындау  барысында  бұған  дейінгі  алған 
білімдері  толықтырылады,  жаңа  ғылыми  түсініктер  және  білім  жолындағы 
кездесетін  әр  түрлі  жағдайларда  қолданыла  алатын  әрекеттердің  тәсілдері 
қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, олар 
білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды. 
Сабақтың  сапасы  мен  нәтижелі  өтуі,  көбінесе,  мұғалімнің  өзінің  және 
басқалардың  жетістіктері  мен  қателерін  дұрыс  талдай  алуына  байланысты.  Өз 
жұмысына талдауды сабақ  өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, яғни 
сабақтың  конспектісінің  негізі  дайын  болған  кезде  жүргізуі  тиімді.  Бұндай 
жағдайда  мұғалім  өткен  сабақтың  нәтижелеріне  сүйене  отырып,  келесі  сабаққа 
дайындығы  кезінде  осының  барлығы  ескерілуін  ойластырады.  Өзін-өзі  бағалау 


өткен  сабақтың  талдауына  негізделеді,  яғни  мұғалім    жасаған  жоспарын  тағы 
қайтара талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан 
ұтымды тұстарын қайталауға тырысады. 
Осылайша,  қазіргі  уақытта  да  сабақ  оқушылардың  мектепте  білім  алуын 
ұйымдастыру  түрінің  ең  негізгісі  болып  қала  береді.  Сабақтың  нәтижелілігі 
мұғалімнің  дайындық  деңгейіне,  оқушылардың  оқу-танымдық  әрекетін 
ұйымдастыра  алуына  және  ол  оқу  әрекетінің  нәтижесін  болжай  алуына 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет