Қолданбалы зерттеулер
– бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын
тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға
бағдарланған істер.
Болжам жоба
– бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға
негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды
практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге
орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема,
тақырып, нысан және оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар,
қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы
негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық және
практикалық маңыздылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |