Франкпен Герцтің тәжірибелері Бордың постулаттарының дұрыс екендігін Франк пен Герцтің 1914 жылы жасаған тәжірибесі айқын көрсетті. Олардың жүргізген тәжірибесінің схемасы 150 – суретте кескінделген. Мұнда R - ішінде сынап буы бар разрядтық түтік, F- сым, N - металл тор электрод, P - коллектор, G - гальманометр. Сымды ток жібріп қыздырғанда одан ұшып шыққан электрондар оң зарядталған сеткаға қарай қозғалады да ток жүреді, бұл токтың күші F пен N арасындағы потенциалдар айырмасына, яғни үдетуші потенциалға тәуелді, Франк пен Герц осы тәуелділікті зерттеген.