1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет44/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Логопедиялық ритмика туралы зерттеулер?
2. Логоритмиканың пайдасы қандай?
3. Музыкалық – ритмикалық тәрбие әдістемесін балаларға арнап ашқан кім?
Әдебиеттер:
https://ustazdar-alemi.kz/index.php/logoped/116-logoritmika
22-дәріс. Тақырыптың аталуы: Логопедиялық тақпақтар
Дәріс жоспар:
1. Логопедиялық тақпақтар
2. Логоритмиканың балаға маңызы
1. Логопедиялық тақпақтар.
Логопедиялық тақпақтармен орындалатын артикуляциялық жаттығулар арқылы
– артикуляциялық аппаратты дайындау,
– сөздік қорын молайту,
– есте сақтау қабілетін дамыту.
Жұмыстың жаңашылығы: әр артикуляциялық жаттығуға жаңадан тақпақтар жазылып, пайдалануға ұсынылады.

«Ат шауып келеді»


Ат қандай тамаша,
Мінемін мен атқа,
Шапшаң шабады шабандоз
Шабандозға ат дос .
Сипаттама: тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу.

«Күрекше»


Күрекше сатып алдым кеше,
Әкелдім мен бөпеме,
Қуанып қалды өзгеше
Ойнаймын деп көшеде .
Сипаттама: жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15секунд ұстап тұру керек. Тілді қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау керек.

«Кесе»Кесе әдемі қандай,


Шәйі тәтті балдай,
Балдан да тәтті шәй қандай
Ішемін мен шөлге қанбай!
Сипаттама: ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

«Ине»
Ине біз тәрізді,


Тілім ине тәрізді,
Жіңішке тілді жасап ап,
Тұрды тілім тік инеге ұқсап!
Сипаттама: ауыз ашық, тілді жіңішкертіп ауыздан шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Мысық» (төбешік)


Мияулайды мысық
Керіледі қызық,
Тілімді бүктім
Мысыққа ұқсаттым.
Сипаттама: ауыз сәл ашық, тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдынғы төменгі тістерге кірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет