1. Етістіктің өзіне тән белгілері қандай? Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?



бет17/35
Дата29.01.2020
өлшемі10,44 Mb.
#56790
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1

Стикерлер
Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Ерекше қабілетті оқушылар «Торлы диаграмма» арқылы кейіпкер образын ашады. Көмекті қажет ететін оқушылар үшін:

шығармадан алынған үзіндіден оқушылар кейіпкердің образын анықтайды.



Бағалау:«Жарайсың», «Жақсы», «Керемет» мадақтау сөздерін айту

Бағалау: топ бір - бірлерін «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалайды.

Бағалау: топ бір- бірлерін«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»тәсілі арқылы бағалайды.

Жаратылыстану,технология

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта алады

Оқушыларды кейіпкер образы арқылы еңбексүйгіштікке, еңбекқорлыққа, алдына қойған мақсатқа жете білуге тәрбиелеу


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары жүзеге асырымды болды. Бүгінгі сабақта оқушылар шығармадағы кейіпкер образын талдап, шынайы өмірмен салыстыра білді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді.Себебі: көмекті қажет ететін оқушылар берілген жұмысты орындай алды. Жоспарланған уақыт тиімді қолданылды. Жоспарланған сабақ өзгеріссіз өтті.




Күні: 12.12.2019ж

Мұғалім: Жантаева Назым

Сынып: 6 «Г» үйден оқыту

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Отыз бірінші сөз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;

6.1.4.1 - көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту



Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін түсініп, мазмұнын аша білу.                                                 ;

Оқушылардың көпшілігі

Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру



Оқушылардың кейбірі

Сұхбатта сөз, фразалық, ой екпінін орынды қолдана алады.

.Өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту


Жетістік критерийлері

. Абайдың отыз бірінші сөзін оқу арқылы оның тәрбиелік мәнін түсініп, мазмұнын аша біледі және ой кеселдерінен аулақ бола біледі.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, оқуын дамыту; 
Ұлы тұлғалар бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету. 

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі мен тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Негізгі сөздерді қолдануын дағдыға айналдырады.



Пән лексикасы және терминология:

Мақтаншақ, бекер мал шашпақ, зергекті, ақылды



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.

Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.


Осыған дейін меңгерілген білім

«Абайдың қарасөздері» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин



Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.


«Миға шабуыл»

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.



Үлестірме қағаз;

Слайд 1-4



Сабақ ортасы

10 мин
15 мин


5 мин


Абайдың «Отыз бірінші сөзі»

«Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісі арқылы сұрақ қойылады.

Төрт топқа төрт түрлі тапсырма беріледі.

Сұраққа жауап жазып, жақсы деген жауаптарын біріктіріп, сыныпқа айтып береді.

∙ Абай қара сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.

Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде жазды.

Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына соны із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б. қара сөздің жан-жақты дамыған үлгілері боп табылады.

Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абай өз қарасөздерін кеңес әңгіме, философиялық ой, ақыл-нақыл, өсиет сөздер түрінде жазған. Қара сөздерінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері ғалымдардың зерттеуінше былайша топтастырылады.

Абай қара сөзінің жалпы саны – 45. Олардың қай-қайсысын алсақ та, оқырманына ой тастап, адамды еңбек етуге, білім алуға, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге шақырады.

Зерек ес, есте сақтау жөніндегі мәтінді оқи отырып, не туралы екенін анықтату.

Зерек ес – қажетті нәрсені есте сақтау қабілеті ғана емес, сонымен бірге керексізді ұмыту қабілеті де. Сондықтан есте сақтаудың басты заңы – ойлау. Есте сақтауға тиістіні ойлау, есте сақтайтынды бұрын білетініңмен байланыстыру, есте сақтағаныңды ойша көру керек. Ең бастысы – осының бәрі – өзіңе қашан, неліктен керек боларын ойлау.

«Ес – ақыл қоймасы» деген даналық сөз бекер айтылмаған. Сондықтан ұдайы жаттықтыру арқылы ғана есті зерек ете аласың. Осыны жадыңа тұт.


Мәтін бойынша сұрақтар қою.

• Мәтін не туралы айтылған?

• Есте сақтау үшін қандай нәрселерді орындау қажет?

• Өзің өмірде естіген нәрсеңді ұмытпас үшін не істейсің?

*«Мағынаны тану» бөлімі.

Абайдың «Отыз бірінші сөзін» жатқа айтып беру.

Әр топқа сұрақ-тапсырмалар беру.

- Естіген сөзді ұмытпаудың 4 түрлі себебін топтастыр.

- Қара сөзді оқып, кері айтып бер.

- Ғибратләну, уайымсыздық, салғырттық сөздерін түсіндірме сөздіктен қарай отырып, мағынасын жаз. (Тақтамен жұмыс)

- Ой кеселдерінен бойыңды аулақ ұстау үшін қайтер едің?

- «Отыз бірінші сөздің» стильдік ерекшелігін анықта.

- Ой кеселдерін ата.

- Естіген сөзіңді ұмытпау үшін қайтер едің?

- Өзің қалаған тақырыпта Абайша қара сөз жазып көр.

- Күлкішілдік, құмарлық, күллі сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап жаз. (Тақтаға орындау)

- Абайдың қара сөз жазудағы мақсаты.

- Ой кеселдерінің зияны туралы не айтар едің?

- Мен естіген нәрсемді ұмытпас үшін…

(Сөйлемді өз ойыңмен ұштастырып көр.)



Әрбір топқа берілген тапсырманы орындап, постерлерге жазып қорғайды.

«Пікірлер ағашы»Абай атаң туралы не білесің?
1.Ол кім?                                  4. Қандай өлнңдержазған?? 
2.Қайда туған?                         5. Қандай шығармаларын білесің?

3. Қандай адам болған?   6. Әкесінің аты кім?

 

 


2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Қара сөз. Сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жаса.

1. Бұл сөз екі құрамнан тұрады. Қара + сөз

2. Тұлғасына қарай – туынды. Себебі екі сөздің

тіркесуі арқылы жасалған туынды сөз.

3. Құрылысына қарай – күрделі, тіркесті сөз.

4. Сөзде 1 лексикалық, 1 грамматикалық мағына бар.

5. Лексикалық мағынасы – көркем әдебиет жанрына берілген атау.

6. Грамматикалық мағынасы – зат есім.



7. Қара сөз – не? деген сұраққа жауап береді.

 -

Күн сәулелеріне не жазар едің? 

Топпен жұмыс
«Екі түрлі күнделік» стратегиясы.

1-топ.Т-кестесі

2-топ.Топтастыру

3-топ.Қара сөздің орнын толтыру

4-топ.«Дөңгелек» Бағалау
Жеке, топты бағалау
Үйге тапсырма:

Бағалау: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 
Бағалау парақшасын толтырады. 
Кері байланыс: Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Кері байланыс парағын таратады, стикерлерге жаздырады, бағдаршам көздеріне жапсыртады.

Кері байланыс парағын толтырады,стикерлерге жазып, бағдаршам көздеріне жапсырады


Мәтін жазылған үлестірме қағаз;

Таймер




Сабақ соңы

5 мин



Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?



Үлестірме қағаз

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет