1 фантастика жанрыныњ типологиясы



бет25/30
Дата22.12.2021
өлшемі5,08 Mb.
#17
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
8. РУМЫНИЯ
Румынияның фантастикалық әдебиетін жүйелі түрде осы күнге дейін ешкім зерттеуді қолына алмаса да, оның тұңғыш туындысы А. Стальдің «Румын Ай үстінде» деген романы болса керек. Автор шығармасында болашақтағы космостық табыстарды болжалдаумен қатар, сол өз тұсындағы буржуазиялық-помещиктік Румынияның нашар халіне де қайғырып отырады. Өзінің сюжеті мен мәнері Т. Уэллстің «Айдағы алғашқы адамдар» романына ұқсас болғаныман, әр түрлі дүние өкілдерінің ара қарым-қатынасын суреттеуде Сталь басқаша жолмен жүреді. Романда Марс тұрғыны Жерден айға барған адаммен өте достасып кетеді.

Әңгімемізді румын ғылыми-фантастикалық әдебиетіндегі осы бір туындымен бастағандағы мақсат – қазіргі кездегі шығармалар ішінде де сол дәстүрді алға апарушылардың жиі кездесіп қалатынын басып көрсету. Осы қасиет екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жарыққа шыққан И. М. Штефан мен Раду Нурдың «Аспан жарықтары арасындағы жол» атты романында да айқын білінеді. Романдағы жағымды кейіпкерлер келешектегі ғылым күшіне, адамзаттың гуманизміне сенеді. Шығарма сонысымен жақсы. Сондықтан да өз кезінде оқушылар қауымының жылы қабылдағаны да – заңды нәрсе.

Осы екі автор кейін де ғылыми-фантастикалық әдебиет саласында тізе қосысып қызмет істеді. Олар «Робинзон мұхиттар планетасында» атты роман жазып шықты. «Наука и техника» журналында ғылыми-фантастикалық әңгімелер циклін жариялап тұрды.

Олардан кейін әдебиет көкжиегінен көрінген Серджиу Фэркэшанның жалғыз өзі румын ғылыми фантастикасын жаңа сатыға көтерді. Оның «41.042 жылы махаббат» деген кітабы румын тілінде жарық көргеннен кейін көп ұзамай орыс, француз, словак және бірқатар тілдерге аударылып, басқа халықтардың қызыға оқитын шығармасына айналды. Сонау қашық келешекке еніп кетіп, Фэркэшан даму сатысының ең жоғарғы баспалдағында тұрған адамзат қоғамының бейнесін суреттейді. Ол кезде адамның дене бітімінің гармониялы дамуы тамаша интеллектісіне сай келеді. Адамдар 400 жылдай өмір сүреді. 8 сағаттық ұйқы орнына 10 минут «инфрафотон душына» тұрып алса, сол жеткілікті. Осыншама үнемделген уақыт жеке бастың жан-жақты дамуына сөзсіз септігін тигізеді. Біріне бірі қарсы антогонистік таптар жойылған. Мұнда әркім жеке басы үшін де, қоғам игілі үшін де ерлік жасай береді. Ғылым мен техниканың мүмкіндігі де өсе түседі: адамдар денені салмақсыздандыра алатын болды, жұлдыз кемелері жарық жылдамдығынан да шалт ұша алатын болды. Планеталарды қалаған Күн жүйесіне көшіріп қондыра аласың, оттегі, тағам және қажетті металдарды алу үшін фотондарды электрондар мен позитрондарға айырса – бітіп жатыр...

«41.042 жылғы махаббаттан» басқа қазіргі румын ғылыми-фантастикалық әдебиетін толықтыра түсетін туындылар бар. Тақырыбы мен мазмұнының сан салалығымен олар баяғы өткен аңызға айналған тарихпен қатар, ертеңгі жарқын келешектің арасындағы уақытты қамтиды.

Мысалы, «Сиқырлы қайық» романымен Виктор Кернбах бізді баяғыда белгісіз бір себептермен жер бетініен жойылып кеткен Атлантида еліне апарады. Сонымен қатар бізге басқа планета өкілдері бұдан мыңдаған жылдар бұрын келіп-кеткен дегендей болжам жасайды,

Ал Ион Марин Садовянудың «24 күннің жүйесі», Александру Андрицоюдың «Жастық эликсирі» роман, повестері мен Виктор Бырлэдянудың «Жолың болсын, қымбатты біздің космонавт!» пьесасын осы оқушыларын келешекке жетелейді, біз сол шығармалар кейіпкерлері көзімен таяудағы болашақта қол жететін жаңалықтарымызды көзбен шолып өткендей боламыз.

Бұл атын атаған жазушылар – әдебиеттің басқа салаларында да оқушы жұртшылыққа белгілі болып қалған авторлар. Бұлармен қатар румын ғылыми фантастика жанрының өркен жаюына нақтылы ғылым саласында қызмет етіп жүрген ғалымдар да атсалысуда. Осыдан 5-6 жыл ілгеріректе 5 социалистік мемлекеттің ғылыми-фантастикалық әңгімелерге жарияланған конкурсына түскен 120 шығарманың басым көпшілігі – инженерлер мен дәрігерлер, физиктер мен химиктер тәріздес мамандық иелерінің қолынан туған дүниелер. Ғылымның қазір бағыт алып бара жатқан жолындағы мүмкін деген жетістікті болжалдауды негізге ала отырып, олар ауыз толтырып айтуға тұрарлық дүниелер беріп тастады. Ол 5 мемлекет ішінде румын фантастары бар. Конкурс қортындысында Григоре Давидокудің «Құбыжық», Ион Мыңзатудың «Метакосмос қабырғасы», Сорин Стоенескудің «Тереңдегі от», Думитру Тодиречудің «Көгілдірлердің жолдамасы» ерекше аталып өтті.

Қазіргі румын ғылыми фантастикасының белсенді өкілдері сомдалып шықты деп толық айтуға болады. Олардың әрқайсысы өздеріне аян тақырыптар төңірегінде қалам тартуда. Мысалы, Камил Бачу өз мамандығы инженер болғандықтан кибернетика саласында алда болуы мүмкін құбылыстар турасында болжалдауды ұнатынқырап тұрады. Оның соңғы «Куб тәріздес планета» атты кітабы адам – машина деген проблема төңірегінде сөз қозғайтын қызықты-қызықты әңгімелерден тұрады.

Владимир Колин – белгілі балалар жазушысы, «Ертегілер» атты жинағы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреатын алған. Оның фантазиясын цивилизациялар арасындағы байланыс тақырыптары толғандырды. Оның «Оныншы әлем» деген романында да әр түрлі даму сатысында тұрған екі әлемнің кездесіп, беттесуі әңгімеленген.

Өз өмірінде Мемлекеттік сыйлықты екі рет алған ақын Миху Драгомир румын ғылыми фантастика жанрының ерекше бір жарқын өкілінен саналатын. Оның «Әзірше тек фантастикалық әңгімелер» деген кітабы фантастиканың әр түрлі саласын қозғайды. Оның ішінде бір новелла халықтың ауызынды ескіден бері ұмытылмай келе жатқан аңыздар мен мифтерге жаңаша материалистік және палеоастронавтикалық түсініктеме берсе, екінші бір новелла алдағы келешекті сөз қылатын фантастикалық шығармалардың классикалық кейіпкерлеріне ұқсап кетеді. Ал кейбір дүниелерінде ақынның лиризмі бел алып кетеді.

Ион Хобана ғылыми-фантастикалық әдебиеттің теориялық мәселелерін қызығумен қатар, өзі де сол салада қалам тартып қояды. Көптеген сын мақалалар мен зерттеулердің авторы «Адамдар мен жұлдыздар» деген фантастикалық әңгімелер жинағын берді. Оның он жамбасқа алуға құмартатын тақырыбы – ескі легендалардағы мәдениетті фантастика айнасына түсіру.

Румын фантастикасының көкжиегінде соңғы кезде көрінген екі автор турасында Кирилл Ковальджи былай дейді: «Румын әдебиетінде фантастика жанры пәлендей өркен жайып дамымаған еді. Сондықтан да «Доандо» тәріздес шығарманың дүниеге келуі осы салаға жан беріпқойған жоқ, сонымен қатар румын фантастары бұрыннан көркейіп келе жатқан жанрға өзіндік леп берді... Румын фантастары Р. Барбулеску мен Г. Ананиа алдағы қашық болашаққа көңілді және сенімді қарайды».

Румын фантастарының алдағы келер күнге сеніммен қарауында да негіз бар: өйткені олар коммунизм құру жолына түскен халық өкілдері ғой.




Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет