1. Гигиена пәні. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері, басқа ғылымдармен байланыс



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата31.01.2023
өлшемі325,43 Kb.
#167012
1   2   3   4   5
Байланысты:
Гигиена дифка Шпор (Банда-2 курс)
81982, 6E712780-034E-442A-BFC5-E0ED65AA8BA8
Желдету 
Бөлмелерде ылғал әр түрлі себептерден пайда болады. Бір жағдайларда ол ғимаратты 
салып жатқан кездегі ақауларға байланысты болады. Мысалы, топырақтың ылғалынан 
қабырғалары нашар қорғалған кезде, ылғал қабырғалардың тесіктері арқылы жоғары 
көтеріледі, ол бөлмеде зәк пайда болады. Егер қабырғаның жылу ұстайтын қасиеті төмен 
болса (жұқа қабырғалар), ондай қабырғаларда қоршаған ауадан су булары жиналады. 
Мұндай себептен пайда болған ылғал қыста болады, сырттағы ауа температурасы 
төмендеген сайын, ондай ылғал көбейе түседі. Ылғал көбіне тұрғын үйді дұрыс 
қолданбағандықтан болады, мысалы, бір бөлмеде тамақ жасап, кір жуып, ол бөлмені 
желдетпеген кезде. 
Егер жаңадан сыланған үйдің қабырғаларының сылағы кеппей жатып адамдар кіріп тұрып 
алса, бұл кезде ылғал барлық қабатта болады. Сондықтан ең алдымен ылғалдың себебін 
анықтау керек, содан кейін ғана оны жою үшін шаралар ұсыну керек. Егер ылғал тұрғын 
бөлмеде гидроизоляция болмағандықтан болса, ондай ылғал дақ түрінде бөлменің төменгі 
жағында, 1,5- 2 м биіктікте орналасады. Мұндай ылғал көп қабатты үйдің 1 қабатында, 
жертөледе болуы мүмкін. Бұл кезде зәк қабырғаның барлық жеріне тарайды. 
Мұндай ылғалдан мүлдем құтылу өте қиын, оны азайту үшін бөлмені жиі-жиі желдетіп 
тұру керек, қабырғаларды қалыңдату керек, яғни қосымша штукатурлеу жұмысын 
жүргізген жөн. 
Тұрғын үйді тексергенде зәк барлық бөлмесінде болмаса, онда ол ылғал тұрғын үйді 
дұрыс қолданбағандықтан пайда болғаны. Мысалы, бөлмені жылыландыру дұрыс 
болмаған жағдайда, бөлмеде жиі кір жуылып, тамақ дайындалса немесе бөлмеде адамдар 


көп тұратын болса, ылғалдың бұл түрін жоюға болады. Ол үшін бөлмені жиі-жиі желдету 
керек. 
19. Радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс
кезіндегі еңбек гигиенасы. Жұмыс сабақтары.
Үй-жайларды жоспарлауға, жабдықтауға, желдетуге, арнайы қорғауға қатысты жалпы 
қорғаныс шараларымен қатар, ашық радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде 
жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үлкен маңызға ие. Жұмыс 
көлеміне және сипатына байланысты жұмысшылар мақта матадан жасалған халаттармен 
немесе комбинезондармен және пластикаттан жасалған қосымша қорғаныс құралдарымен 
(жеңдер, алжапқыштар, кейде пневмокостюмдер) және аяқ киіммен жабдықталуы керек. 
Радиациялық гигиена дегеніміз - иондаушы сәулеленудің (ИС) адамға әсерін зерттейтін 
және оның денсаулығын қорғауға бағытталған іс шараны жоспарлайтын ғылым. 
Иондаушы сәулелер - қоршаған орта мен адамды тікелей немесе жанама түрде иондауға 
қабілетті сәуле.
Осы жағдайдың алдын алу мақсатында,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің санитариялық қағидаларын бекіту 
туралы 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-97 № 18920 бұйрығы. "Радиациялық 
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" 
бұйрығы бекітілген. 
Негізінен радиоактивтілік дегеніміз, атом ядросынан бөлшектердің шығарылуымен 
туындайтын атомдардың өздігінен ыдырау қабілеті. Бұл процесс энергия болған кезде 
ғана жүзеге асады, яғни энергия шығумен қатар жүреді. Радиоактивтіліктің барлық 
түрінде ядроның құрамы өзгеріп отырады, – протондар саны Z, массалық сан А немесе 
екеуі де бірдей(уыдыраудан басқа). 
Иондаушы сәулелердің негізгі түрлеріне келер болсақ, олардың 3 түрі бар: 
1. 
α-ыдырау-атом ядросының α-бөлшектің шығуы; 
2. 
β-ыдырау-атом ядросының электрон мен антинейтрон, позитрон және нейтрион 
шығаруы.
3. 
Гамма–ыдырау – ешқандай атом массаларының, ядро санының өзгеруінсіз, ядро 
қозулары нәтижесінде болатын процесс. 
Иондаушы сәулелену көзі - радиоактивті заттар немесе құрамында радиоактивті заттары 
бар аппараттар/құрылғылар. Сондай-ақ иондаушы сәулеленуді шығаратын немесе 
шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар/ құрылғылар. 
Иондаушы сәулеленудің ашық және жабық көздерін ажыратамыз. Ашық көзі иондаушы 
сәулелерді пайдалану кезінде құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуі 
мүмкін сәулелену көзі, ал жабық көзінде иондаушы сәуленің құрамындағы 
радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуін болдырмайды. 


Жабық сәулелермен жұмыс істеу кезінде қорғау санымен (сәулелену көзінің ең аз рұқсат 
етілген белсенділігіне дейін төмендету), уақытпен (манипуляцияларды автоматизмге 
дейін жеткізу), қашықтықпен (қашықтықты 2 есе ұлғайту дозаны 4 есе, 3 есе – 9 есе 
азайтады) қорғану жүзеге асады. Γ сәулеленумен жұмыс істеу кезінде үлкен атомдық 
массасы бар материалдардан жасалған экрандар (РБ және U), β-сәулеленумен – Аl және 
плексигласс қолданылады. Нейтрондық көздермен жұмыс істеу кезінде көп қабатты 
экрандар қолданылады (1 қабат - сутегі бар материал, 2 - кадмий, бор, 3 - қорғасын). 
ИС-ден қорғану принциптеріне келер болсақ, ең біріншіден, адам жұмыс істейтін 
радиоизотоптың белсенділігін төмендету.
ИС көзінен қорғану қашықтығын ұлғайту 
қашықтықтан қорғану экрандар және биологиялық қорғау арқылы жүзеге асуға тиіс 
жеке қорғаныс құралдарын қолдану және жеке гигиенаны сақтау,
ең бастысы радиоактивті сәулеленуді қолданудың негізін білетін маман болу қажет.
Радиациялық бақылау. 
Ол өндірістік бақылаудың бір бөлігі болып табылады және иондаушы сәулеленудің 
адамға әсер етуінің барлық негізгі түрлерін қамтиды. Оның мақсаты адамның тіршілік 
әрекетінің барлық жағдайларында персоналдың, пациенттердің және халықтың жеке және 
ұжымдық сәулелену дозалары туралы ақпаратты, сондай-ақ радиациялық жағдайды 
сипаттайтын барлық регламенттелетін шаралар туралы мәліметтер алу. Радиациялық 
бақылау нәтижелері радиациялық жағдайды бағалау, бақылау деңгейлерін белгілеу, 
сәулелену дозаларын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және олардың тиімділігін 
бағалау үшін пайдаланылады. Радиациялық бақылау объектілеріне:
1) өндірістік жағдайларда иондаушы сәулелену әсер еткен кезде "А" және "Б" топтарының 
персоналы;
2) медициналық рентген-радиологиялық емшараларды орындау кезіндегі пациенттер;
3) Халыққа табиғи және техногендік сәулелену көздерінің әсер етуі кезінде;
4) адамның тіршілік ету ортасы. 
Еңбек шартының дәрежесі осы фактылер бойынша бағаланады:
I. еңбек процесінің ауырлығы.
II. Еңбек процесінің шиеленісі.
III. Еңбек процесінің зияндылығы.
IV. Еңбек процесінің қауіптілігі. 


Осының ішінде 4-ші еңбек процесінің қауіптілігі. Негізінен медицинада иондаушы сәуле 
мен радиоактивті заттар көп қолданылады. Мысалы диагностика, емдеу, ғылыми-зерттеу 
мақсатында.
Радиоактивтілік деген - атом ядросынан бөлшектердің шығарылуымен туындайтын 
атомдардың өздігінен ыдырау қабілеті. Бұл процесс энергия болған кезде ғана жүзеге 
асады, яғни энергия шығумен қатар жүреді. Радиоактивтіліктің барлық түрінде ядроның 
құрамы өзгеріп отырады, – протондар саны Z, массалық сан А немесе екеуі де 
бірдей(уыдырыаудан басқа). 
Иондаушы сәулелену электромагниттік (толқындық: рентген және γ) және 
корпускулярлық (нейтрондық, протондық, α және β) болып бөлінеді(көрінетін және УК 
сәулеленуді қоспағанда). Ол шекті дозадан асып әсер етсе, организмнің интегралды 
көрсеткіштерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады: жұмыс қабілеттілігі, жедел/созылмалы 
сәулелік ауру, радиациялық катаракта, тіндердің радиациялық зақымдануы. Үзіліссіз әсер 
ететін болса, хромосомалардағы мутациямен байланысты аурулар: генетикалық 
ауытқулар, ісіктер, лекйкоздар, ұрыққа тератогендік әсер сияқты ауруларды тудырады. 
Радиацияның ағзаға әсерінде, иондаушы сәулеленуге қарқынды көбейетін жасушалар ең 
сезімтал. Ағзаға әсерді 3 топқа жіктеп қарастырамыз: 
1 – топ: гонадтар, қызыл сүйек кемігі және бүкіл дене.
2-топ: барлық ішкі органдар, эндокрин бездері, жүйке және бұлшықет тіндері 
3-топ: тері, сүйек, білек, білек және аяқ. органдардың 1 тобы үшін дозалық тиімді немесе 
рұқсат етілген шектер : 20 мЗв/жыл (персонал үшін), 1 мЗв/жыл (халық үшін). 2 және 3 
органдар тобы үшін баламалы доза пайдаланылады: 150 мЗв және 500 мЗв (персонал 
үшін) және 15 мЗв және 50 мЗв (халық үшін). 
Сәулелік диагностика бөлімшелеріне сақтық шаралары ретінде гигиеналық талаптар 
қойылады. Олар мыналардан тұрады : рентген кабинеттерін, радиоактивті заттармен 
жұмыс істеуге байланысты кабинеттерді, магниттік-резонанстық томография (МРТ) 
кабинеттерін тек сәулелік диагностика бөлімшесінің құрамында орналастыруға жол 
беріледі. 
Бұл бөлімге жүкті әйелдерге, балаларға және кардиологиялық науқастарға арналған 
палаталармен аралас (көлденең және тігінен) орналастыруға жол берілмейді. Магниттік-
резонанстық томографтың сәулеленуінен қорғану үшін, Фарадей жасушаларының 
көмегімен экрандау жолы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. 
20. Негізгі қорғаныс шаралары. Сәулелену көздерімен жұмыс кезінде жеке
гигиена ережелері
Сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қойылатын талаптар: 
1. 
Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге санитариялық-эпидемиологиялық 
қорытындыда көрсетілген үй-жайлар мен аумақтарда ғана жол беріледі. 


2. 
Әрбір үй-жайдың есігінде оның мақсаты, ашық сәулелену көздерімен жүргізілетін 
жұмыстар класы және радиациялық қауіптілік белгісі көрсетіледі. 
3. 
Құрамында сәулелену көздері бар жабдықта, контейнерлерде, қаптамаларда, 
аппараттарда, жылжымалы қондырғыларда, көлік құралдарында радиациялық қауіптілік 
белгісі болуы тиіс. 
4. 
Радиациялық қауіптілік белгісін сәулелену көздерімен жұмыстар тұрақты 
жүргізілетін және радиациялық қауіптілік белгісі бар үй-жайлардағы жабдыққа жазбауға 
жол беріледі. 
5. 
Сәулелену көздерінің сақталу жағдайларын қамтамасыз етуді заңды тұлғаның 
әкімшілігі немесе жеке тұлға жүзеге асырады. 
6. 
Сәулелену көздерін болжамды шығару кезінде, онымен жұмыстарды жүргізуге 
келісілген орыннан тыс жерде жұмыстарды жүргізу үшін, оң санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды оны стационарлық емес жағдайларда пайдалануға жол 
береді, бұл ретте санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берген аумақтық 
бөлімшені және жұмысты жүргізу жоспарланған орын бойынша аумақтық бөлімшені 
хабардар ету қажет. 
7. 
Сәулелену көздерімен жасалатын жұмыс көлемі мен сипатына байланысты 
радиациялық объектілер радиациялық қауіпсіздік қызметін құрады немесе радиациялық 
қауіпсіздікке жауапты адамды тағайындайды. Радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы 
ережені радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы 
радиациялық объектінің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам бекітеді және 
қызметтің қауіпсіздікке жауапты адамның құқықтары мен міндеттерін анықтайды. 
8. 
Қызметтің саны барлық радиациялық-қауіпті жұмыстар кезінде радиациялық 
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатындай етіп белгіленеді. 
9. 
Радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке 
жауапты адам ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты 
персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымдардан арнайы 
даярлықтан өткен қызметкерлер арасынан басшының бұйрығымен тағайындалады. 
10. 
Сәулелену көзімен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бастар бұрын радиациялық 
объектінің әкімшілігі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 
ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" 
техникалық регламентінің 193-тармағының талаптарын орындау үшін сәулелену көзін 
есепке алу және бақылау бойынша ұйымдастырушылық құрылымын құрады. 
11. 
Лауазымы бойынша персоналды сәулеленген адамдардың белгілі санатына 
жатқызуды персоналдың қорғаныш деңгейін және сәулелену дозаларын ескеру арқылы 
радиациялық объектінің әкімшілігі айқындайды. 
12. 
Кемінде 2 адам жұмыс істейтін сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілетін 
персоналға қойылатын талаптар өндірістік үдерістің сипатымен, қолданылатын 
жабдықтың түрімен және осы Санитариялық қағидалармен айқындалады. 


13. 
Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, медициналық қарсы 
көрсетілімдері жоқ, радиациялық объекті басшысының бұйрығымен "А" тобындағы 
персонал санатына жатқызылған ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз 
етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке лицензиясы бар 
ұйымдардан радиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудан және радиациялық қауіпсіздік 
бойынша нұсқаулықтан өткен адамдар жіберіледі. Сәулелену көздерімен жұмыстарды 
жүргізу сипаты өзгерген кезде кезектен тыс нұсқаулық жүргізіледі. 
14. 
Егер бұл әрекеттер жұмысшылардың денсаулығына қауіп төндіретін авариялар мен 
басқа да жайлардың алдын алу жөніндегі шұғыл шаралар қабылдауға бағытталмаған 
болса, сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілген кезде пайдалану және радиациялық 
қауіпсіздік бойынша нұсқауларда көзделмеген операцияларды орындауға жол берілмейді. 
15. 
Қорғаныш технологиялық жабдықтың (камералар, бокстар, сыртқа тарату 
шкафтары), сондай-ақ сейфтердің, радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлердің, 
көлік құралдарының, көліктік буып-түю жинақтарының, радиоактивті заттарды сақтауға 
және тасымалдауға арналған контейнерлердің, шаң мен газдан тазарту жүйелері 
сүзгілерінің, жеке қорғаныш және радиациялық бақылау құралдарының пайдалану 
шарттары белгіленетін дайындаушы заводтан құжаттары болады, қызмет көрсететін 
мекеме берген техникалық жарамдылығы туралы акті болған кезде кепілдік мерзімі 
өткенге дейін пайдаланылады. 
16. 
63. Қолданылуы сәулеленуді пайдалануға негізделген аспаптарды, аппараттарды, 
қондырғылар мен басқа да бұйымдарды, жұмысы кезінде иондаушы сәулелену 
генерацияланатын радионуклидті сәулелену көздерін, аспаптарды, аппараттар мен 
қондырғыларды, сондай-ақ эталонды сәулелену көздерін шығаруға № 150 бұйрыққа 
сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен жобалау құжаттамасы 
бойынша ғана жол беріледі. 
Сәулелену көздерімен жұмыс істеуді бастау алдында кәсіпорында: 
1) сәулелену көздерімен атқарылатын жұмыстың әрбір түрлерінің ерекшеліктері 
есебінен құрылған және ГН, осы Санитариялық қағидалар және техникалық 
регламенттердің талаптарына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 
нұсқаулық әзірленеді; 
2) сәулелену көздерімен атқарылатын жұмыстың әрбір түрінің ерекшеліктері есебінен 
құрылған және ГН, осы Санитариялық қағидалар және техникалық регламенттердің 
талаптарына сәйкес нұсқаулық және болуы мүмкін апаттардың алдын алу және жою 
бойынша жоспар әзірленеді; 
3) сәулелену көздерімен жұмыс жүріп жатқан жұмыс орындары мен үй-жайлардағы 
радиациялық жағдайға бақылау жүргізу және ұйымдастыруды қамтитын радиациялық 
бақылау жүргізу тәртібі әзірленеді; 
4) "А" және "Б" тобындағы персонал санатына жататын мекемедегі қызметкерлердің 
тізімі айқындалады. Тізім мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі; 


5) персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу тәртібі әзірленеді; 
6) сәулелену көздерімен істелетін жұмыстарға арналған техникалық қауіпсіздік және 
өндірістік санитария нұсқаулығына радиациялық қауіпсіздік талаптар және дозиметрлік 
бақылау жүргізу тәртібі енгізіледі. 
21. Аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің орналасуы мен санитарлық
режимінің гигиеналық ерекшеліктері. Қораптар, жартылай қораптар. 
Жұқпалы аурулар ол тек емдеу үшін ғана емес, сонымен қатар оқшаулау үшін де жұқпалы 
аурулар бөліміне жатқызады. Сондықтан жұқпалы аурулар бөлімшесі әрқашан бөлек 
ғимаратта орналасады.
Инфекциялық науқастар қабылдау және қарау боксына жатқызылады. Термометриядан 
және тексеруден өткеннен кейін науқас санитариялық өңдеуден өтуі қажет , ал оның 
киімдері дезинфекцияға жіберіледі. 
Инфекциялық бөлімшелерде екі кіру есігі болуы тиіс: 
Олардың біріншісі - науқастар үшін болса, екіншісі - медицина қызметкерлері үшін. Тамақ 
және де таза киім-кешектердің жеткізілуі үшін қажет . Инфекциялық бөлімшелердің ішкі 
жоспары әртүрлі аурулары бар науқастар үшін бірнеше дербес секцияларға бөлінуі қажет 
болып табылады. Ал инфекцияның алдын алу үшін әр бөлімшеде өзіндік шлюз болуы 
қажет. Сенімсіздік тудырмау үшін шлюз 1 және 2м. үшін 4-5 Вт мөлшерінде бактерицидті 
шаммен жабдықталуы керек. Әрбір секцияда өзіндік жеке санитарлық торап жабдықталып 
отырады. 
Пациенттер контингентінің ерекшеліктеріне байланысты және де инфекциялық 
бөлімшелерде барынша ішкі оқшаулауды қамтамасыз ету үшін науқастардың көпшілігін 
қораптарда және жартылай қораптарда орналастырады. Ол үшін кішкентай балалар 
инфекциялық бөлімшенің қораптарында төсектердің 50%-ын, жартылай қораптарында-
25%-ын, палаталарда 2 төсек орынға-25%-ын бөледі. Ересектерге арналған инфекциялық 
бөлімшелерде 100 төсек орынға дейін 20, жеке және де 5 екі орындық қорап. Ал 30 төсек 
орынға- 3 Жеке және 1 екі орындық қорап жабдықталуы тиіс. 
Аурухана ішілік инфекцияларға кепілдік беретін толық қорапты Санкт-Петербург 
инженері Е.Ф. Мельцер ұсынған болатын, сондықтан оны Мельцер деп те атайды.
Қораптың құрамына мыналар кіреді:
Далаға шығатын тамбур-ол арқылы науқастарды емдеуге жатқызады және де шығарады;
Санитариялық торап; 
Палаталық дәліз, кіреберістегі палата және де шлюз. Қораптың 1 төсек орынға арналып 
жасалған алаңы кемінде 22 м2, 2 төсек орынға жасалған алаңы- 27 м2 болуы қажет. 
Медициналық персоналдардың шартты "таза" дәлізден қорапқа кіруі шлюз арқылы жүріп, 
онда арнайы киімдері ауыстырылады, қолдарын жуып сосын дезинфекциялайды. 
Сондықтанда шлюз қол жуғышпен және халаттарға арналған ілгіштермен жабдықталуы 


міндетті. Шлюз арқылы науқастарға тамақ беретін терезе болуы қажет. Санитарлық 
тораптарда ванна сонымен қоса қол жуатын орын және де унитаз болуы тиіс. Қорапта 
бөлімшенің дәлізінен оқшаулап тұратын қабырға сонымен қоса науқасты бақылап 
отыратын терезе болуы тиіс. Науқастарды жақсылап дымқыл дезинфекцияланғаннан кейін 
ғана қорапқа жіберіледі. 
Жартылай қорап науқастың жеке өзін ғана госпитализациялауға арналған, бірақта ол 
қораптан ерекшеленеді, себебі оның кіреберісі алаңы жоқ. Сондықтанда науқастар 
бөлімшенің жалпы дәлізі арқылы санитариялық өткізгіш жолмен жартылай қорапқа 
түседі. Бұндай жағдайда дәліздің ауасын патогендік микрофлорамен себуге болады, ол 
осы жерден палаталарға енеді. Жартылай қораптар 1-2 төсектергеде жобалануы мүмкін. 
Бөлімшелердің дәлізіне апаратын қорап пен жартылай қораптың есіктерін ашқан кезде 
ластанған ауа дәлізге, сонымен қоса басқа да үй-жайларға енуі мүмкін екенін есте 
сақтаған жөн. Сондықтанда есіктердің мықтап жабылуы қажет, ал егерде кейбір есіктер 
ашық болған жағдайда, басқа есіктер жабық болуы тиіс. 
Қорап палаталары 1-2-орынды және максимум 4-орынды болып келеді. Міне 
осылайжартылай қораптан ерекшеленіп отырады. Себебі оларда ванна болмайды, 
сонымен қатар шлюз арқылы санитарлық торапқа кіру мүмкіндігі бар. Барлық палаталарда 
қол жуғышы бар су құбыры орналасуы тиіс. 
Балалардың жұқпалы аурулар аурухансында ауа-тамшысы инфекцияларының алдын алу 
үшін қорап палаталары қолданылады. Олар төсек арасына биіктігі шамамен 2-2,5 м. ағаш, 
металл, шыны стационарлық немесе жылжымалы бөлімдер орнату арқылы жасалып 
отырады. Мұндай палаталарда аурудың бір профилі бар науқастар жатқызылады. 
Палатаға кіреберіс жанында шлюзбен жабдықталуы тиіс. Қорапталған палаталарды 
пайдалану шектеулі, себебі олар ауа-тамшысы инфекцияларының таралуына жол 
бермейді. 
22. Аурухананың хирургиялық бөлімінің жоспарлау және санитарлық
режимінің гигиеналық ерекшеліктері.
Жалпы аурухана - денсаулық сақтау қызметінің негізгі емдеу-профилактикалық мекемесі. 
Аурухана гигиенасына ерекше көңіл аударуымыз қажет .Себебі:
Бірінші науқастың физикалық және психикалық жағдайы, сау адамдарға қарағанда орта 
жағдайына жоғары талаптар қояды. 
Екінші емдеу мекемелері құрамында гигиеналық реттеуді, бақылауды талап ететін арнайы 
палаталар, операциялық бөлме, диагностикалық және емдеу кабинеттері болады. 
Үшінші ,ауруханалық ортада аурухана ішілік инфекцияның дамуына ықпал ететін 
көптеген арнайы физикалық, биологиялық, химиялық факторлар кездеседі. 
Хирургиялық бөлім. Қазіргі кездегі көп ауруханалардағы хирургиялық төсек 
саны, жалпы төсек орнының 25 - 45% құрайды. Хирургиялық бөлім палата бөлімінен және 


операциялық блоктан тұрады. Хирургиялық бөлімшелерді орналастыруда, бөлімшенің 
жұмысын жақсартуда және АІИ болдырмауда арнайы талаптар сақталуы қажет.Мысалы: 
1. Операциялық блок және емдеу диагностикалық бөлімше бір-біріне жақын болуын; 
2. Операциядан кейінгі «таза» және "іріңді" сырқаты бар науқастардың қарым-қатынасы 
болмауын; 
3. Науқастардын операциядан кейінгі болу жагдайларын дұрыс ұйымдастыру; 
4. Жеткілікті түрде таңу-байлау бөлмелері мен процедуралық кабинеттер болуын.
Жалпы барлық хирургиялық бөлімдер таза және іріңді болып 2 ге бөлінеді. Іріңді 
бөлімдердің іріңді-септикалық үдерістері бар науқастарды емдейді. Инфекция 
таралуының алдын алу мақсатында, мұндай бөлімдерді бөлек ғимараттарда, сырт жақта 
немесе жоғарғы қабаттарда орналастырады. Ал іріңді науқастарға операцияны бөлек 
блоктарда жасайды. Таза бөлімдер төменгі қабатта орналасады.Операциялық блок 
аурухананың негізгі құрылымдық бөлімі. Ол операциялық залдар мен қосымша 
бөлмелерден тұрады.Хирургиялық стационарлардың мамандандырылуына байланысты
операциялық блоктың құрамына қосымша бөлмелер кіреді.Операция блокты
хирургиялық бөлімінің бүйір жағында немесе бөлек қабатта орналастырады. Сонымен 
қатар, операциялық кешеннің хирургиялық бөлімдермен, анестезиология және 
реанимация, рентген-диагностикалық және стерильдеу бөлім жерімен байланысатын 
жолы ыңғайлы болу керек. Операциялық кешеннің болуы, қымбат және күрделі 
жабдықтарды тиімді пайдалануға, қосалқы бөлмелерді жабдықтауға,сондай-ақ, 
қызметкердің - жұмысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Операциялық 
кешеннің құрамында бір-бірінен бөлек орналасқан асептика және септика операциялар 
жасауға арналған операциялық блоктар болады.Операциялық блоктың құрамына операция 
жасайтын, наркоз беретін, стерильдейтін, аппараттық бөлмелер, жедел анализдерді 
жасауға арналған зертхана, құрал-жабдықтық, дәрігерлер мен орта медицина 
қызметкерінің кабинеттері және т. б. кіреді.Операциялық бөлімге кіруі қызметкер үшін 
санитарлық өткізгіш арқылы, ал науқастар үшін - шлюздер арқылы ұйымдастырылады. 
Операциялық бөлмелерді бір үстел болғаны дұрыс.Себебі, операцияларды 2 немесе одан 
да көп үстелдерде жасаса, ол бөлме ауасының тез ластануына әкеледі.Яғни хирургтардың 
жұмысын қиындатады және науқастар үшін психологиялық жағдай туғызады. Жалпы 
профильдегі операция жасайтын бөлмелердің ауданы 36 м 2 кем болмауы керек.Бұл 
операция жасайтын бригаданың қысылыспай орналасуын қамтамасыз етеді.Операциялық 
бөлмелердің қабырғалары тегіс, бұрыштары дөңгелектенген болуы керек.Қабырғаларды 
төбесіне дейін глазурленген плиткамен немесе басқа да, ылғалға төзімді,жеңіл жуылатын, 
дезинфекциялаушы заттармен өңдеуге шыдамды материалдармен жабады. Төбесін майлы 
сырмен сырлайды. Едендер ұшқын шығармайтын, антистатикалық болуы керек.Операция 
жасайтын бөлменің есіктері тығыз жабылуы қажет.Операциялық бөлмелерді терезелерсіз 
немесе терезелерімен жасайды. Терезелерінің болмауы шудан, шаңнан қорғануды 
қамтамасыз етеді. Операция жасайтын бөлмелердің терезелерін солтүстікке, солтүстік-
шығысқа солтүстік-батысқа бағыттайды. Яғни тікелей түсетін күн сәулесінің әсерінен 
көрмей қалуды операция жасау кезінде медициналық құрал-саймандардан күн сәулесінің 
шағылысуын болдырмауға мүмкіндік береді. Операция жасайтын бөлмелерде оңтайлы 


микроклимат қамтамасыз етудің маңызы зор.Нормативтер бойынша, жазғы уақытта 
операция жасайтын бөлмелерде ауаның ылғалдылығы 50-55% және қозғалу 
жылдамдылығы 0,1 м/с дейін болған жағдайда,ауаның температурасы 20-22° С болуы 
керек.Қолайлы микроклиматтық жағдайлар жасау үшін ауаны кондиционерлеу 
қарастырылады. Ауа бактерицидтік сүзгілерде тазартылуы қажет , табиғи желдету рұқсат 
етілмейді. Операциялық бөлмеде ауа жақсы алмасуы үшін, ауа енетін саңылауын - қарама 
қарсы қабырғада, еденге жақын, орналастырады. Микробтық ластануды болдырмау 
мақсатында, операция жасайтын бөлмелерге әкелінетінқұрал-жабдықтардың барлығы 
алдын ала дезинфекцияланады, аспаптар мен жара таңатынзаттар стерильденеді. 
Операциялық бөлмедегі 1 м 2ауада жалпы микроағзалар саны жұмысқа дейін 500-ден 
аспауы, ал, алтын түстес стафилококк және гемолитикалық стрептококк болмауы 
керек.Жұмыс кезінде жалпы микробтық ластануы 1 м ауада колония түзуші бірліктердің 
1000 дейін көбеюіне рұқсат етіледі. Алтын түстес стафилококктың мөлішрі 1 м ауада 4-
тен аспау темолитикалық стрептококк табылмауы тиіс.Операциядан кейінгі, операция 
жасайтын бөлме мұқият жуылып тазартылады, едені мен панельдерін дезинфекциялаушы 
ерітінділермен және ыстық сумен жуады, сонан кейін экрандалмаған бактерицидтік 
шамдардың сәулесімен 30 минут , бойына зарарсыздандырады.Операция блоктарындағы 
кабинеттерді жалпы жинап-тазалау, аптасына 1 рет жүргізіледі.Бөлмелер алдымен сабын-
сода ерітіндісімен жуылады, сонан кейін дезинфекциялаушызаттармен өңделеді. 
Зарарсыздандыру үшін қажетті уақыт өткеннен соң, бөлмелерді сумен жуады және 2 сағат 
бойына ультракүлгін сәулемен санациялайды. 
23. Денсаулық сақтау мекемелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыруға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР 
ДСМ -96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау мекемелеріне қойылатын 
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері.
Өндірістік бақылау дегеніміз - пациенттер мен емхана қызметкерлеріне жағымсыз 
факторлардың зиянды әсерін азайтуға бағытталған санитарлық ережелер мен ережелердің 
сақталуына ішкі бақылау шаралары жиынтығы. Дәрігерлік қызметтің барлық кезеңінде 
үздіксіз жүргізілетін ішкі бақылау қателіктер мен кемшіліктерді уақытында тануға, 
науқастар мен қызметкерлердің денсаулығына қауіп факторларын анықтауға және оларды 
уақытында жоюға мүмкіндік береді.
Өндірісті бақылау міндеттері: 
• 
қалыпты жұмыс кезінде зиянды факторлардың әсерін қауіпсіз деңгейге дейін 
төмендету; 
• 
төтенше жағдайларды уақтылы анықтау және олардың салдарын азайту. 
Пациенттер мен емхана қызметкерлерінің денсаулығы үшін ықтимал қауіп факторлары 
туралы толық түсінік ала отырып, сол немесе басқа факторлар бақыланатын нүктелерді 
(жұмыс орындарын) анықтау қажет. Ол үшін барлық анықталған физикалық, химиялық 


және биологиялық факторлар мүмкін болатын жұмыс орындарының толық тізімі 
жасалады.
3 бақылау әдісі бар: 
-құжаттық (қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің, ілеспе және рұқсат беру 
құжаттарының, есепке алу және есептіліктің болуы мен толықтығын бағалау); 
-визуалды (жұмыс пен процестерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің 
талаптарына сәйкестігін визуалды бағалау); 
-зертханалық-аспаптық (физикалық, химиялық және биологиялық факторларды 
бағалаудың зертханалық аспаптық әдістерін қолдану). 
Өндірісті бақылауға мыналар кіреді: 
1) өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу; 
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік 
құқықтық актілердің талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшемдерді жүзеге 
асыру; 
3) медициналық тексерулердің уақтылығы мен толықтығын бақылау; 
4) өнімнің қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың болуын бақылау; 
5) қауіп факторларын бағалау, анықталған қауіпті, қауіпсіздік критерийлерін және 
(немесе) өндірістік және экологиялық факторлардың зиянсыздығын талдау және 
процестердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін анықтау; 
6) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманың есебін және 
есептілігін жүргізу; 
7) өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылау. 
Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді жеке кәсіпкер, заңды тұлға дербес немесе 
санитарлық-эпидемиологиялық тексеруді жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып 
жүзеге асырады. 
Қолданыстағы санитарлық ережелер келесі факторларды бақылау жиілігі: 
*микроклимат параметрлері - кемінде 6 айда бір рет 
*ауаның микробтық ластану көрсеткіштері - 6 айда кем дегенде 1 рет; 
*ауаның химиялық заттармен ластануы - жылына кемінде бір рет; 
*стерилизаторлардың жұмысын бактериологиялық бақылау - орнатқаннан кейін, сондай-
ақ пайдалану кезінде кемінде 6 айда бір рет; 
*легионеллалардың болуына микробиологиялық бақылау (иммунитеті төмен науқастарды 
ыстық су температурасында 60 ° С төмен талдау нүктелерінде емдеу бөлімшелерінде 
(палаталарында)) - 6 айда бір рет; 


*стерилизацияға дейінгі тазалау сапасын бақылау - күнделікті; 
24. Тамақтан улану, жіктелуі және алдын-алу
Тағамдық улану дегеніміз - ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, микроағзалармен өте көп 
ластанған немесе құрамында микроб текті немесе микроб текті емес улары бар тағамды 
қабылдаудан болады. 
Этиологиялық факторға байланысты тамақтан уланудың 3 топқа бөлінеді.
1. Микробтық ( әр түрлі микроағзалардан және олардың уларынан пайда болатын) 
уланулар;
2. Микробтық емес (микроб текті емес улар тудыратын уланулар);
3. Этиологиясы анықталмаған уланулар (алиментарлық пароксизмалды уланудан пайда 
болған миоглобинурия – Гафф , Юкс , Сартланд аурлары). 
I. Микробтық тағамдық улануларға: 
1) Тағамдық токсикоинфекциялар (Рroteusvulgaris, B. cereus, С. perfringens, S. faecalis, P. 
mirabilis; бактериялар Hafnia, Klebsiella, Pseudomonas, Vibrio (parahaemolytics) 
2) Тағамдық уланулар: 
- Ботулизм (Cl. botulinum); 
- Стафилококкты токсикоз (St. aureus). 
3) Тағамдық микотоксикоздар: 
- Фузариотоксикоздар (Fusarium); 
- Эрготизм (Clavicepspurpurea);
- Афлатоксикоз(Aspergillus flavus). 
II. Микробтық емес уланулар; 
1) Табиғатта улы өнімдермен улану:
- саңырауқұлақтар (сызықтар, ақшыл құрғақ табуретка, ұшатын агарик);
- құрамында атропин бар өсімдіктер (гемлок, хенбан, белладонна);
- басқа жабайы (жабайы розмарин, желбезек, қасқыр) – 
2) Белгілі бір жағдайларда улы болатын өнімдермен улану:
- өніп кеткен картоптар (соланин);
- Шикі бұршақ (фазин);
- Сүйекті жемістердің дәндері(амигдалин). 


3) Тамақ өнімдері қоспалармен улану :
- ауыр металдардың тұздары (мыс, мырыш, қорғасын), күшәла; 
-улы химикаттар (пестицидтер); 
-тыңайтқыштар (нитраттар); 
-ШРК-дан жоғары концентрациядағы тағамдық қоспалар (нитриттер). 
III. Этиологиясы анықталмаған тағамнан улану :
- Гафф ауруы (параксизмально-токсическая миоглобинурия); 
- Уров ауруы (Кашина-Бека). 
Микробтық этиологиядағы тағамдық уланудың алдын алу: 
1. Тамақтың микробтармен ластануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар;
2. Микроорганизмдердің көбеюінің және тағамда уыттардың жинақталуының алдын алу 
жөніндегі іс-шаралар; 
3. Азық-түлік өнімдерінде жиналған микробтарды жою. 
1. Тамақ өнімдері мен дайын тағамдарды ластануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар: 
1) санитариялық-эпидемияға қарсы: цехтарды, жабдықтарды, ыдыс-аяқ пен мүкәммалды, 
арнайы киімді таңбалау, үй жайларды жинау және дезинфекциялау, ыдыс жуу 
қағидаларын сақтау, персоналды бацилларалыққа тексеру. 
2) Технологиялық: өндіріс ағымдылығы, өндірістік цехтардағы персонал қозғалысының 
ағымдылығы, тауар көршілестігі; ботулизмнің алдын алу үшін: союдан кейін балық пен 
жануарлардың қаңқаларын дұрыс эвентациялау; консервілеу алдында жемістерді, 
көкөністерді, саңырауқұлақтарды жуу. 
25. Тамақтан улануды тергеу алгоритмі. Тамақтан улану кезіндегі медициналық 
көмекшінің міндеттері. 
Тамақтан улану - ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің 
белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, 
органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел 
(кейде созылмалы) ауру. Ол әртүрлі микроағзалар түрімен жаппай ластанған тағамды 
жегенде немесе құрамында улы бактериалды заттары бар тағамдарды тұтынған жағдайда 
пайда болады. Жаз мезгілінде, яғни, ауа райының ыстық кезеңінде микроағзалар, соның 
ішінде ауру тудырушы бактериялар үшін қолайлы жағдай туындап, тағамнан улану қаупі 
арта түседі. Себебі, бұл уақытта микроағзалар жылдам көбейеді де, тағамдардың 
дайындалуы, сақталуы мен тасымалдануына қойылатын санитарлық талаптардың 
біреуінің дұрыс орындалмауы тікелей тағамнан улануға алып келеді. 
Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз. 


Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал 
микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен 
болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар 
санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер 
қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін. 
Табиғаты бактериалды тамақтан улану - белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары 
немесе олардың тіршілік өнімдерімен (токсиндері) зараланған асты тұтынғаннан кейін 
туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру. 
Микробсыз: өсімдік текті азықтар, жануар ,улы химиялық заттар. 
Тамақтан уланудың белгілері: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, бастың ауыруы кейде дене 
қызуының көтерілуі сапасыз өнімдерді қолданғаннан кейінгі бірнеше сағаттан соң пайда 
болады. 
Ересек адам уланып қалса, тез арада «Жедел жәрдем» шақыру керек. Дәрігер келгенше кез 
келген улану жағдайында адам ағзасынан уды шығару немесе у қайтаратын амалдарға 
кіріскен дұрыс. Егер у тамақ арқылы түскен болса, уды шығарудың ең тиімді жолы – 
асқазанды шаю. Ол үшін науқасқа көп мөлшерде су беріп, тілдің тамырын саусақпен басу 
арқылы құсуын қадағалау керек. Егер жәбірленуші өзі мұны істей алмаса, көмектескен 
дұрыс. 
Кішкентай бала уланған сәтте дәрігерлерге баланың неден және қалай уланғанын айту 
керек. Оператор жедел көмек көрсету тобын шақырып, балаға “Жедел жәрдем” келгенше 
көрсетілетін алғашқы көмек жайлы айтады. 
Тамақ тексеру кезінде емдеу дәрігеріт амақтан улануға күдік болған жағдайда мемлекеттік 
санитарлық-эпидемиологиясын қадағалау мекемесіне шұғыл хабарлама қалдырады.
Санитарлық дәрігер науқастан зертханалық зерттеу үшін сынама алады (құсу, асқазан мен 
ішектің шаю сулары, ішек қозғалысы).
Персоналдан зертханалық зерттеу үшін сынамалар алуды жүргізеді (мұрыннан және 
жұтқыншақтан жағындылар, бацилл тасымалдаушылыққа нәжіс, арнайы киімнен, 
қолдардан, ыдыстардан, жабдықтардан шайындылар, серологиялық зерттеу үшін қан)
Тәуліктік сынама немесе күдікті тамақтың қалдықтары 
Тағамдық уланудың зерттеу алгоритімі 
1. Соңғы 24-30 сағат ішінде барлық өнім үшін жалпы жағдайды анықтау
2. Бүлінген өнімді сатуға тыйым салу 
3. Өнімнің бүлінуіне әкеп соққан өндірістің себептері мен жағдайларын анықтау
4. Дайын тағамдармен байланысы бар персоналдың денсаулық жағдайын тексеру 
5. Науқастардағы жалпы клиникалық көріністерді анықтау және ауру диагнозын белгілеу


6. Зерттеулер қорытындысы бойынша жоғары тұрған инстанцияларға есеп беру.
Тағамдық улану кезінде науқасты зерттеу схемасы:
1. Аурудың басталу күні, уақыты
2. Зардап шегуші соңғы 2 тәулік ішінде қай жерде тамақтанған
3. Қандай өнім немесе тағам күдікті
4. Күдікті өнімді тамаққа қабылдау орны, уақыты
5. Отбасы мүшелерінің арасында аурулар бар ма
6. Күдікті өнімді тамақтанудан бастап аурудың басталуына дейінгі кезең
7. Субъективті шағымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет