1. Иммунология – бұл



бет1/52
Дата27.12.2023
өлшемі182,98 Kb.
#199707
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Иммун тест


1.Иммунология – бұл:

  1. Иммунитет туралы ғылым+

  2. Адам денесінің құрылысы туралы ғылым

  3. Мүшелер, ұлпалар қызметтері туралы ғылым

  4. Организмдегі биохимиялық реакциялар туралы ғылым

  5. Жасушалар құрылысы туралы ғылым



2.Иммунологияның негізін қалаушы:

  1. Ф.Бернет

  2. Л.Пастер+

  3. М.Гашек

  4. П.Медавар

  5. Д.Дженнер



3.Иммунитеттің организмді тек микробтан ғана емес, сондай-ақ бөгде дене жасушаларынан қорғайтынын дәлелдеді:

  1. Л.Пастер

  2. Ф.Бернет

  3. П.Медавар+

  4. И.И.Мечников

  5. П.Эрлих



4.Гистосәйкестіктің бір гені бойынша, яғни ең төмен белгісі анықталған бөгде жасушаларға иммунитет түзілетінін дәлелдеген:

  1. И.И.Мечников

  2. П.Эрлих

  3. Л.Пастер

  4. П.Медавар

  5. Ф.Бернет+



5.Төмен вирулентті микробтардан вакцина жасау принципін тапқан:

  1. И.И.Мечников

  2. П.Эрлих

  3. Л.Пастер+

  4. П.Медавар

  5. Ф.Бернет



6. Иммунитеттің гуморальдық теориясының негізін қалаушы:

  1. И.И.Мечников

  2. Ф.Бернет

  3. Э.Беринг

  4. П.Эрлих+

  5. Л.Пастер



7. Иммунитеттің жасушалық теориясының негізін қалаушы:

  1. И.И.Мечников+

  2. Ф.Бернет

  3. Э.Беринг

  4. П.Эрлих

  5. Л.Пастер



8.Төзімділікті алғашқы ашқан ғалым:

  1. И.И.Мечников

  2. Л.Пастер

  3. Ж.Доссэ

  4. П.Медавар+

  5. М.Гашек



9.Фагоцитозды алғашқы ашқан ғалым:

  1. Л.Пастер

  2. И.И.Мечников+

  3. Ф.Бернет

  4. О.Петров

  5. П.Эрлих



10. Иммундық жүйенің орталық мүшелеріне жатады:

  1. Көк бауыр

  2. Бауыр

  3. Сүйек кемігі+

  4. Лимфа түйіндері

  5. Қалқанша безі



11. Иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне жатады:

  1. Қалқанша безі

  2. Тимус

  3. Бауыр+

  4. Сүйек кемігі

  5. Асқазан



12. Қайсы мүшелерде Т және В-зоналары бар:

  1. Көк бауыр+

  2. Тимус

  3. Қалқанша без

  4. Асқазан

  5. Сүйек кемігі



13.В-лимфоциттердің негізгі қызметтерін көрсетіңіз:

  1. Иммуноглобулиндер синтезі+

  2. Реттеуші

  3. Эффекторлық

  4. Репарация

  5. Фагоцитоз



14.Т-лимфоциттердің негізгі қызметтерін көрсетіңіз:

  1. Иммуноглобулиндер синтезі

  2. Иммунды жауапты реттеуші+

  3. Репарация

  4. Есте сақтау жасушаларының синтезі

  5. Фагоцитоз



15.Организмнің арнайы емес(бейспецификалық) қорғаныс факторларына жатпайды:

  1. Фагоцитоз

  2. Тері және шырышты қабықтар

  3. Қалыпты микрофлора

  4. Антиденелер+

  5. Интерферондар



16. Организмнің қорғанысына тері мен шырышты қабықтардың қатысуы:

  1. Фагоциттермен

  2. Май және сүт қышқылдарын бөлу арқылы, бактерицидтік әсер+

  3. Интерферондармен

  4. Макрофагтармен

  5. Иммуноглобулиндермен



17.Фагоциттердің қызметіне жатпайды:

  1. Секреторлық

  2. Қорғаныс

  3. Тосқауыл жасау(барьерлік)+

  4. Таныстыру

  5. Пролиферация



18.Микрофагтарға жататын жасушалар:

  1. Эритроциттер

  2. Гранулоциттер+

  3. Моноциттер

  4. Бағаналы (дің) жасушалар

  5. Лимфоциттер



19.Антигендердің қасиетіне жатпайды:

  1. Антигендермен өзара әсерлесу+

  2. Иммуногенділік

  3. Антигендік

  4. Организмнің сұйықтықтарында еру

  5. Бөгделік



20.Антигендік мимикрияның қасиетін көрсетіңіз:

  1. Антигендік

  2. Иммуногенділік

  3. Антигендердің организм ұлпаларымен ұқсастығы+

  4. Термолабильділік

  5. Бөгделік

21. В-лимфоциттердің қандағы концентрациясы:

  1. 40%

  2. 30%+

  3. 20%

  4. 60%

  5. 80%



22. B-лимфоциттердің дифференциациялануының бірінші кезеңі өтеді:

  1. Сүйек қызыл кемігінде+

  2. Перифериялық лимфоидты ағзаларда

  3. Бауырда

  4. Лимфалық түйіндерде

  5. Тимуста



23. B-лимфоциттердің дифференциациялануының бірінші кезеңі сипатталады:

  1. Жетілмеген В-лимфоциттердің дифференциациялануы

  2. Ерте жетілген В-лимфоциттердің дифференциациялануы+

  3. Жетілген тыныш қалыптағы В-лимфоциттердің дифференциациялануы

  4. Жетілмеген Т-лимфоциттің дифференциациялануы

  5. Жетілген тыныш қалыптағы емес В-лимфоциттердің дифференциациялануы



24. B-лимфоциттердің дифференциациялануының екінші кезеңі сипатталады:

  1. Жетілмеген В-лимфоциттердің дифференциациялануы+

  2. Ерте жетілген В-лимфоциттердің дифференциациялануы

  3. Жетілген тыныш қалыптағы В-лимфоциттердің дифференциациялануы

  4. Жетілген тыныш қалыптағы Т-лимфоциттердің дифференциациялануы

  5. Ерте жетілген Т-лимфоциттердің дифференциациялануы



25. B-лимфоциттердің дифференциациялануының үшінші кезеңі сипатталады:

  1. Жетілмеген В-лимфоциттердің дифференциациялануы

  2. Ерте жетілген В-лимфоциттердің дифференциациялануы

  3. Жетілген тыныш қалыптағы В-лимфоциттердің дифференциациялануы+

  4. Жетілген тыныш қалыптағы Т-лимфоциттердің дифференциациялануы

  5. Ерте жетілген Т-лимфоциттердің дифференциациялануы



26. Иммуноглобулиндердің негізгі қасиеттерін көрсетіңіз:

  1. Арнайылық (cпецификалық)

  2. Гетерогенділік+

  3. Төзімділік (толеранттылық)

  4. Иммуногенділік

  5. Бөгделік



27. Антиденелердің арнайылығы (спецификалығы) сипатталады:

  1. Ауыр тізбектермен

  2. Белсенді орталықтармен+

  3. Жеңіл тізбектермен

  4. Микробтардың токсиндерімен

  5. Домендермен

28. Антиген әсер еткен соң бірінші болып түзілетін иммуноглобулин:

  1. IgA

  2. IgE

  3. IgG

  4. IgD

  5. IgM+



29. Сарысулық және секреторлық иммуноглобулиндерді көрсетіңіз:

  1. IgA+

  2. IgE

  3. IgG

  4. IgD

  5. IgM



30. Иммуноглобулиндердің қызметтеріне жатпайды:

  1. Әр түрлі антиденелерді спецификалық(арнайы) тани алуы

  2. Басқа иммунокомпетентті жасушалармен әрекеттеседі

  3. Фагоцитоз, пиноцитоз, секреторлық және синтетикалық функциялары+

  4. Комплемент жүйесін активтендіреді

  5. Көрсетілген барлық жауаптар дұрыс



31. Қан сарысуындағы IgM мөлшері:

  1. 0,5-1,9 г/л+

  2. 8-16,8 г/л

  3. 1,4-4,2 г/л

  4. 0,03-0,04 г/л

  5. 5,1-6,1 г/л



32. Қан сарысуындағы IgG мөлшері:

  1. 0,5-1,9 г/л

  2. 8-16,8 г/л+

  3. 1,4-4,2 г/л

  4. 0,03-0,04 г/л

  5. 5,1-6,1 г/л



33. Қан сарысуындағы IgA мөлшері:

  1. 0,5-1,9 г/л

  2. 8-16,8 г/л

  3. 1,4-4,2 г/л+

  4. 0,03-0,04 г/л

  5. 5,1-6,1 г/л



34. Қан сарысуындағы IgD мөлшері:

  1. 0,5-1,9 г/л

  2. 8-16,8 г/л

  3. 1,4-4,2 г/л

  4. 0,03-0,04 г/л+

  5. 5,1-6,1 г/л

35. IgM-нің қызметтері және сипаттамасы:

  1. Фагоцитозды күшейтеді, токсиндерді бейтараптандырады

  2. Вирустарды және бактериологиялық токсиндерді бейтараптандырады

  3. Аллергияны және анафилаксияны индуцирлейді, тіндік (ұлпалық) базофилдерді активтендіреді

  4. Комлемент жүйесін активтендіреді, фагоцитозды күшейтеді, ұрықта өңделеді+

  5. Плацента арқылы өтеді



36. IgE-нің қызметтері және сипаттамасы:

  1. Фагоцитозды күшейтеді, токсиндерді бейтараптандырады

  2. Вирустарды және бактериологиялық токсиндерді бейтараптандырады

  3. Аллергияны және анафилаксияны индуцирлейді, тіндік(ұлпалық) базофилдерді активтендіреді+

  4. Комлемент жүйесін активтендіреді, фагоцитозды күшейтеді, ұрықта өңделеді

  5. Плацента арқылы өтеді



37. IgG-нің қызметтері және сипаттамасы:

  1. Фагоцитозды күшейтеді, токсиндерді бейтараптандырады, плацента арқылы өтеді+

  2. Вирустарды және бактериологиялық токсиндерді бейтараптандырады

  3. Аллергияны және анафилаксияны индуцирлейді, тіндік (ұлпалық) базофилдерді активтендіреді

  4. Комлемент жүйесін активтендіреді, фагоцитозды күшейтеді, ұрықта өңделеді

  5. Ұрықта өндіріледі



38. IgA-нің қызметтері және сипаттамасы:

  1. Фагоцитозды күшейтеді, токсиндерді бейтараптандырады

  2. Вирустарды және бактериологиялық токсиндерді бейтараптандырады+

  3. Аллергияны және анафилаксияны индуцирлейді, тіндік (ұлпалық)базофилдерді активтендіреді

  4. Комлемент жүйесін активтендіреді, фагоцитозды күшейтеді, ұрықта өңделеді

  5. Плацента арқылы өтеді



39. Комлемент жүйесі – бұл:

  1. Қалыпты және патологиялық процесстердегі жасушалардың өлімін реттейтін жалпы механизм

  2. Ағзадағы антиденелердің қызметін атқаратын заттар

  3. Өзіндік ұйымдасуға және гуморальдық иммунитет пен фагоцитоз реакцияларын шақыруға қабілетті қан сарысуындағы ақуыздар тобы+

  4. Иммунды жүйе жасушаларының пролиферациясын, дифференциациялануын және қызметін реттейтін жүйе

  5. Дұрыс жауап жоқ





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет