Тақырыбы: «Мектептегі баға: мәселелер, ізденушілік, табыс» Пед.кеңестің мақсаты: Педагогикалық ұжымның оқушылардың білімін бақылау мен бағалауда түрлі тиімді тәсілдерді қолдану мотивациясын қалыптастыру. Мұғалімдерді заманауи білім беру үдерісінде бағалаудың рөлі туралы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесімен таныстыру.
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көтеру мақсатында бағалау мәселесі бойынша ұсыныстарды жоспарлау. Педкеңестің міндеттері:
Оқушылардың білімін бағалаудың түрлі тәсілдерін мектеп тәжірибесіне ендіру үшін педагогтерге жағдай жасау.
Сабақтарға оқыту мен бағалаудың инновациялық технологияларын ендіруде педагогикалық ұжымның мотивациясын көтеру.
Педагогтердің білім беру үдерісіне жеке, жеке-семантикалық қатынасын қалыптастыру мақсатында педагогикалық ұжымның әдістемелік жұмысын белсендіру.
Педагогтердің өзара әрекеттері үшін менторлықтар, коучингтер, тренингтер ұйымдастыру мәселелері. Білім мекемесіндегі психологиялық қызметтің жай-күйі (білім алушыларды бейімдеу жұмыстары, аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу, дарынды балалармен жұмыс)