1. Жалпы ережелер


ІІ-бөлім. Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас



бет3/6
Дата14.04.2023
өлшемі0,91 Mb.
#174546
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Programma History-6D020300 KAZ

ІІ-бөлім. Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас
Әлем тарихы ғылыми зерттеу пәні ретінде. Әлем тарихын кезеңдерге бөлу мәселелері. Әлем тарихын зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Әлем тарихын зерттеудің позитивистік, формациялық, өркениеттік әдіснамалық бағыттары.
Алғашқы қауымдық қоғамды зерттеудің теориялық мәселелері. Тарихнамадағы антропосоциогенез мәселелері. Адамзат қоғамының әлеуметтік тарихының басталуы.
Мемлекеттің шығуы туралы ғылыми дискуссия. Антикалық және ежелгі шығыстық өркениет дәстүрлері. Шығыс және батыс өркениеттері даму жолының ортақ және ерекше белгілері.
Ежелгі Шығыс елдеріндегі мемлекеттік бірлестік түрлері. Қауым. Ежелгі Шығыс қоғамының әлеуметтік құрылымы. Антикалық дәуір және Шығыс.
Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси даму ерекшеліктері. Ежелгі Қытай тарихының негізгі тенденциялары. Қытайдағы бірорталыққа біріккен мемлекет. Синологияның дамуы.
Ежелгі Шығыс мәдениеті. Үндістан мен Қытайдағы діни-философиялық жүйелер. Ежелгі Шығыс елдерін зерттеудегі ғылыми мектептер мен бағыттар.
Ежелгі грек қоғамының архаикалық және классикалық кезеңдердегі дамуы. Грек полисі. Қазіргі тарихнамадағы полис тұжырымдамасы. Б.з.д. VI – IV ғғ. Афины демократиясының эволюциясы.
Ежелгі Спартаның әлеуметтік және саяси құрылымы.
Эллинизм. Эллиндік мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылымдарының ерекшеліктері. Эллиндік мәдениет.
Рим республикасы. Римдік азаматтық қауым. Ежелгі Римдегі тарихи ой. Классикалық құлдықтың дамуы. Республикадан империяға ауысу. Рим империясының дағдарысы мен құлауы.
Жерорта теңізі антикалық өркениеті. Христиан дінінің пайда болуы.
Еуропа мен Азиядағы феодалдық қатынастар генезисі мәселелері. Орта ғасыр дәуіріндегі этностардың қалыптасуы мен дамуы. Шығыс пен батыс елдерінің мәдени байланысы мәселелері. Орта ғасырлар дәуіріндегі қоғам және табиғат арақатынасы.
Орта ғасырлар дәуірі бойынша деректер. «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы». III-IX ғғ. Еуропадағы этносаяси үдерістер. Ертефеодалдық мемлекеттіліктің дамуы. Тарихнамадағы феодализм генезисі мәселесі.
Ұлы Карл империясы. Феодалдық поместье. Феодалдық институттар жүйесіндегі католик шіркеуі.
Византиядағы феодалдық қоғам генезисі. V-XI ғғ. Византия мәдениеті. IX-XI ғғ. Шығыс Еуропадағы славян мемлекеттері.
Ерте орта ғасырлардағы Үндістан, Қытай, Жапония. Аграрлық қатынастар, әлеуметтік құрылым және саяси даму ерекшеліктері. Мәдениеті.
VI-XI ғғ. арабтар. Халифаттың құрылуы. Ислам діни, философиялық-құқықтық жүйе ретінде. Араб мәдениеті.
Орта ғасырлық қалалар. Урбанизация үдерісі. Урбанистика мәселелері.
XI-XV ғғ. Еуропаның экономикалық дамуы. Вассалдық-лендік жүйе. Әулеттік монархия ерекшелігі. Католик шіркеуіндегі реформалар (XI-XIII ғғ.). Крес жорықтары. Жүз жылдық соғыс және оның Еуропаның тарихына әсері. XIV ғ. шаруалар қозғалысы. Қайта өрлеу мәдениеті. Ресейдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері.
XIII-XV ғғ. Үндістан, Қытай, Жапония. Аграрлық қатынастар. Әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктері.
Капиталистік қатынастар генезисі. Отарлық басқыншылықтың басталуы. Абсолюттік монархия және Батыс Еуропа елдеріндегі абсолютизм жүйесі. Батыс Еуропадағы реформациялар: тарихи алғышарттары, негізгі бағыттары және нәтижелері. Феодалдық қатынастар дағдарысы.
«Жаңа тарих» ұғымы. Жаңа дәуірдегі Батыс және Шығыс елдерінің тарихи даму ерекшеліктері. Дәстүрлі қоғамнан индустриалды қоғамға өту мәселелері.
ХV – XVII ғғ. Ұлы географиялық ашылулар және еуропалық отаршылдық жүйенің кеңеюі. Еуропа елдерінің жаңа дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тенденциялары.
XVII ғ. ғылыми революция. Мемлекеттік институттардағы ұлттық құрылымдардың қалыптасуы. XVIII ғ. қоғамдық-саяси ой. Ағартушылық мәдениет.
Дамудың эволюциялық және революциялық моделдері. Революциялық қозғалыстардың табиғаты. Еуропадағы революциялық қозғалыстар: алғышартары, кезеңдері, саяси бағдарламасы, нәтижесі. Ұлы француз буржуазиялық революциясы.
XIX ғ. Латын Америкасы елдеріндегі ұлт-азаттық күрес және революциялық қозғалыстар. АҚШ-тағы азамат соғысы.
Конституционализм және жаңа замандағы мемлекеттік құрылыс. XIX – XX ғ. басындағы қоғамдық-саяси ой. Либерализм доктринасы. Консерватизм. Социалистік идеялардың дамуы. Утопизм. Модернизация теориясы. Мемлекеттік дамудың либералдық моделі.
Азаматтық қоғам ұғымы. Ұлтшылдық идеологиясы. XIX-ХХ ғ. басындағы еуропалық қоғамның рухани дамуы.
Өндірістік төңкеріс. Ғылыми-техникалық прогресс және капитализмнің дамуы. Экономикалық модернизация.
Жаңа замандағы Азия және Африка елдері. Әлемдік отарлық капиталистік жүйенің қалыптасуы. Шығыс елдерінің отарлық тәуелділігі.
Азия және Африка елдеріндегі капиталистік қатынастардың дамуы. Шығыс елдері халықтарының ұлт-азаттық күресі. «Азияның оянуы» және ХХ ғ. басындағы революциялар: алғышарттары, негізгі кезеңдері, ұлттық ерекшеліктері және нәтижелері. Азия және Африка елдері І-дүние жүзілік соғыс тұсында.
Жаңа дәуір кезіндегі халықаралық қатынастар. «Халықаралық қатынастар жүйесі» ұғымы. XVI-XVII ғғ. халықаралық қайшылықтардың негізгі ошақтары. Халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесі.
Әлемдік саясаттағы отарлық фактор. Әлемдік отарлық жүйе: ортақ және ерекше белгілері. Халықаралық қатынастар жүйесінің дамуындағы геосаяси факторлар.
Б. Наполеон және Еуропадағы соғыстар.
XIX ғ. халықаралық қатынастардағы Шығыс мәселесі. Империализм экономикалық және геосаяси ұғым ретінде.
Антанта және «Үштік одақтың» құрылуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері, сипаты, негізгі кезеңдері, нәтижесі. Соғыстың саяси-экономикалық және демографиялық салдары.
Қазіргі замандағы тарихи үдерістердің жаһандық сипат алуы. Қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлу. Қазіргі заман кезеңіндегі Шығыс және Батыс елдерінің тарихи даму ерекшеліктері.
Тоталитарлық жүйе жағдайындағы экономикалық даму. Социалистік экономикалық модель.
Екінші дүниежүзілік соғыс және әлемнің саяси картасының өзгеруі. Екінші дүниежүзілік соғыстың демографиялық және саяси-экономикалық салдары.
ХХ ғ. 40-70 жж. Еуропа елдерінің экономикалық даму динамикасы. Жапонияның «экономикалық кереметі». Постиндустриалды қоғам теориясы.
Латын Америкасы елдеріндегі революциялар. Экономикалық дамудың латынамерикалық моделі.
ХХ ғ. ІІ-жартысындағы демографиялық даму тенденциялары. ХХ ғ. 70-80 жж. экономикалық дағдарыс.
Еуропалық қоғамдағы идеялық-саяси факторлар. Әлеуметтік либерализм, әлеуметтік-демократиялық және консерватизм идеологиясы синтезінің алғышарттары. ХХ-ХХI ғ. тоғысындағы әлеуметтік-саяси идеология эволюциясы. Ақпараттық қоғамның қалыптасуы. Ақпараттық қоғамда адамның әлеуметтену мәселелері.
ХХ ғ. Шығыс және Батыс елдеріндегі мемлекеттік-құқықтық құрылыстың негізгі бағыттары. Халықаралық-құқықтық жүйенің дамуы жағдайындағы ұлттық егемендік ұстанымдары.
ХХ ғ. еуропалық қоғамның рухани дамуы. Постмодерн мәденитеті. Технократизм.
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы. Отарсыздану үдерісі. Шығыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Азия және Африка елдерінің саяси және идеологиялық дамуы. Шығыс елдерінде мемлекеттілік пен қазіргі саяси құрылымдардың қалыптасуы мен дамуы. Отарлық мұра мәселелері. Қазіргі замандағы шет елдердің конституциялық-құқықтық дамуы.
Шығыс елдеріндегі ұлттық-мемлекеттік идеологияның дамуы. ХХ-ХХІ ғ. тоғысында Азия және Африка елдерінің әлеуметтік-экономикалық қатынастарының ерекшеліктері.
ХХ-ХХI ғ. тоғысындағы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. 1950-2014 жж. Таяу және Орта Шығыс елдерінің даму жолы. Қытайдағы қазіргі модернизациялық үдерістер.
Шығыс және Батыс елдерінде қазіргі саяси құрылымдардың қалыптасуы. Қазіргі замандағы Шығыс және Батыс елдерінің саяси және рухани дамуындағы діннің орны мен рөлі. Дамушы елдердің экономикалық дамуындағы айқындаушы факторлар.
Кеңес Одағының ыдырауы. Әлемнің саяси картасы мен халықаралық қатынастар жүйесінің өзгеруі. Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар. Версаль-Вашингтон келісім жүйесі. Халықаралық қатынастарда биполярлық жүйенің қалыптасуы. Қазіргі әлемдегі саяси күштердің арақатынасы.
Еуропалық одақ: қалыптасу тарихы, қызметі және даму мәселелері. Халықаралық ұйымдардың қызметі (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, НАТО т.б.)
Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазіргі аймақтық интеграция. Экономикадағы инновациялық моделдің қалыптасуы.
Тарих ғылымы әдіснамасының негізгі мәселелері және тарихи дамудың қазіргі тұжырымдамалары. Адамзаттың ғаламдық мәселелері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет