ІІІ-бөлім. Тарихнама мен деректанудың теориялық-әдіснамалық мәселелері. Тарихи зерттеу әдістері. Тарихнама. Тарихи зерттеулердің пәні мен мақсаттарын айқындау. Тарихи білімнің қалыптасуы мен даму заңдылықтары. Тарихи оқиғаларды ғылыми тұрғыда талдауға көшудің алғышарттары. Тарихи фактілерді интерпретациялау: жалпы әлемдік-тарихи (бірізді), либералды-эволюциялық, модернизациялық.
Антикалық тарихнаманың қалыптасуы мен дамуы. Антикалық философиялық ой және тарихнама. Римдік тарихнама. Антикалық дәуірдегі тарихи ойдың ерекшелігі.
Орта ғасырлардағы тарихи ойдың дамуының негізгі бағыттары. Гуманизм тарихнамасы. Рационализм және оның тарихи ойға әсері. Ағартушылық дәуірдегі тарихи ой. Ағартушылық тарих философиясы.
XVIII ғ. Француз буржуазиялық революциясы және тарихи ой. Тарих ғылымындағы герман-роман мәселесі. XIX ғ. тарихи зерттеулердегі негізгі мәселелер. Сын әдісінің дамуы. Қосалқы тарихи ғылымдардың дамуы.
Әлем тарихының мәселелеріне К. Маркс пен Ф. Энгельстің көзқарастары. Әлем тарихы мәселелерінің Ресейде зерттелуі. Тарихи-әлеуметтану тұжырымдамасы.
Позитивизм. Позитивизм тарихнамасының Еуропа елдері мен АҚШ-ғы ерекшеліктері. Неміс идеалистік тарихилығы.
Тарихи-экономикалық бағыттың дамуы. Тарихи зерттеу әдістерінің жетілуі. Тарих ғылымының дағдарысы ұғымы. М. Вебердің «идеалды типтер» теориясы. О. Шпенглердің тарих философиясы. Тарихи-мәдени зерттеулердің дамуы. Мәдени-тарихи тұжырымдамалар.
Еуразияшылдардың тарихи тұжырымдамасы. Н. Трубецкой, П. Савицкий, В. Вернадский т.б.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі тарихи ойдың дамуы. А. Дж. Тойнби еңбектері. «Анналдар» мектебі және оның тарих ғылымының дамуындағы орны. Ф. Бродельдің «ғаламдық тарих» тұжырымдамасы.
Батыс тарихнамасының теориялық-әдіснамалық негіздерін модернизациялау. «Жаңа ғылыми тарих». Пән аралық зерттеулердің тарихи зерттеулердегі рөлі. Жаңа ғылыми-зерттеу әдістерінің қалыптасуы.
Ментальдік тарих. Постмодернизм және тарих ғылымы. Тарихи білімдегі гуманистік бағыт. Әлем тарихы бойынша кеңестік тарихнаманың дамуы.
Марксизмді догмаға айналдыру және оның әлем тарихын зерттеуге әсері. Шығыстану бағытындағы зерттеулер. Л.Н. Гумилевтің тарихи тұжырымдары.
ХХ–ХХI ғ. тоғысындағы отандық тарихнамадағы дәстүрлер мен жаңашылдық.
Деректану. Тарихи дерек туралы ұғым. Тарихи білім және тарихи шындық мәселесі. Деректану арнайы тарих пәні ретінде. Деректану мектептері мен бағыттары.
Тарихи деректерді қолдану және зерттеу әдістері. Тарихи деректерді сыныптау ұстанымдары. Тарихи дерек және тарихи факт. Деректанулық талдау және тарихи деректерге сын. Зерттеудің дерек көзін қалыптастырудың негізгі ұстанымдары.
Деректанулық зерттеулердегі соны бағыттар. Деректанулық зерттеулердегі дәстүрлер мен сабақтастық. Деректанудың зерттеу әдістеріндегі жаңашылдық. Отандық деректану ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелері.
Тарихи зерттеу әдістері. Тарих ғылымының негізгі ұғымдары, терминдері және категориалық аппараты. Тарих ғылымының әлеуметтік қызметі. Әлеуметтік және гуманитарлық білім жүйесіндегі тарих.
Тарихи таным жүйесі. Тарихи таным ұстанымдары. Тарихилық ғылыми ой құралы және ғылыми таным ұстанымы ретінде. Тарихи танымдағы объективтілік және субъективтілік. Тарихи фактілерді интерпретациялау. Тарихи таным ерекшеліктері. Тарихи уақыт. Тарихи кеңістік.
Тарихи зерттеулердің объективтілігі мәселелері. Тарихи тәжірибе және қазіргі заман. Тарихтағы кездейсоқтық. Тарихтың баламалылығы. Тарихтағы детерминизм.
Тарихты құндылықтар негізінде зерттеу. Тарихи зерттеулердегі жүйелілік ұстанымы. Тарихи зерттеулердегі формациялық және өркениеттік теориялар.
Теориялық-әдіснамалық синтез: әдіснама және тарихи таным. Әдіснаманың, теорияның және зерттеу әдістерінің өзара байланысы. Зерттеу әдісі танымның негізгі құралы ретінде. Жалпы ғылыми әдістер және олардың тарихи зерттеулердегі орны. Тарихи зерттеу әдістері. Тарихи зерттеулердегі сандық және сапалық әдістер. Тарихи үдерістерді моделдеу.