1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Өзін-өзі және өзара бағалаудың әдістерін ұсыныңыз



бет26/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ
сөж, сөж, сөж, сөж
25. Өзін-өзі және өзара бағалаудың әдістерін ұсыныңыз

Қалыптастырушы бағалау қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы қажет дегенмен, осы процеске оқушылардың басқа сыныптың оқушыларындай белсенділік, қызығушылық танытпайтындарына көзім жетті. [4,3-бет]Меніңше, бұл жастағы балаларда «бағаны үнемі тек мұғалім ғана қояды» деген санаға сіңіп қалған қағида бар сияқты. Өйткені осы уақытқа дейін оқушылар тарапынан менің қойған бағаммен келіспейтін, бағасына қатысты дау айтқан бірде-бір оқушы болмады. Бұл мәселе оқушының оқу нәтижелеріне, оқыту бағдарламасына, оқу үдерісіне тікелей қатысты. Жоғарыда аталған мәселелерді шешудің бір жолы- сабақта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын жүзеге асыру деп ойладым. Оқушыларды өзін-өзі және өзара бағалау негізінде ынтымақтаса жұмыс жасауға жетелеу соңғы нәтиже пәндік білім сапасының да артуына септігін тигізері анық.

Бағалау критерийлері арқылы өзін–өзі және өзара бағалауды тиімді жүргізу зерттеу әрекетімнің мақсаты болса, зерттеу міндеттері оқушыны төмендегідей нәтижелерге жеткізеді деп болжадым:

Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін болжай алады;

Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалау арқылы өзіндік белсенді оқуға ынталары артады;

Өзін-өзі және өзара бағалау оқушылардың өзара ынтымақтаса жұмыс жасауына ықпал етеді;

Пәнге деген қызығушылықтары жоғарылайды;

Өздеріне, сыныптастарына деген сенімділіктері артады;

Өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға қалыптасады;

Алған дағдылары мен білімдерін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауларда қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет