1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Өзін-өзі және өзара бағалаудың мәні мен маңызын түсіндіріңі



бет25/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ
сөж, сөж, сөж, сөж
24. Өзін-өзі және өзара бағалаудың мәні мен маңызын түсіндіріңі

«Сыныптағы бағалау тек қана механикалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп 2001 жылы Александер[1, б.104] атап көрсетпекші, оқушы еңбегін бағалауда оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.

Оқу барысында өзін өзі бағалаудың маңызы зор Оқушыларының бойында өзін өзі бағалаудағдыларын дамытуға талпынған көптеген мұғалімдердің аңғарғаны: бұл реттегі ең бірінші және ең күрделі мәселе оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға мәжбүрлеу. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгенненақ, өз жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады. Басқаша айтар болсақ, оқушыларметатанымдық деңгейде жұмыс істеу қабілетін дамытады. Құрбықұрдастарын бағалау өзін өзі бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады.

Құрбы-құрдастарын бағалаудың пайдалы екендігінде сөз жоқ, себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін.

Бағалау критерийлері арқылы өзін–өзі және өзара бағалауды тиімді жүргізу зерттеу әрекетімнің мақсаты болса, зерттеу міндеттері оқушыны төмендегідей нәтижелерге жеткізеді деп болжадым: − Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін болжай алады; − Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалау арқылы өзіндік белсенді оқуға ынталары артады; − Өзін-өзі және өзара бағалау оқушылардың өзара ынтымақтаса жұмыс жасауына ықпал етеді; − Пәнге деген қызығушылықтары жоғарылайды; − Өздеріне, сыныптастарына деген сенімділіктері артады; − Өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға қалыптасады; − Алған дағдылары мен білімдерін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауларда қолдана алады.

Бұл оқу сапасын жақсарта алады. Оқу сапасының қорытындысын бағалау арқылы анықтауға болады. «Бағалау» - деген сөз «қатар отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққаны жай емес, себебі бағалаудың негізгі сипаттамасы адам нені айтатынын немесе басқа адам нені істейтінін жақын қадағалау, не өзін-өзі бағалау жағдайында – өз білімі, түсінуі мен тәртібі туралы ойлау болып табылады. Бұны бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесі бойынша барлық мұғалімдер білгенімен, бағалауды тек мұғалім ғана жүзеге асырады деп есептеді. Енді мұғалім ғана емес, оқушы да бағалау үрдісіне белсене қатыса алатындығын, сол арқылы өз оқуын жақсарта алатындығын ескерген дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет