39- мәтін
Шымкент көне кездерден бері ғалымдар мен саяхатшылардың басты назарында. Ол Оңтүстік Қазақстан Облысының облыстық орталығы және барлық туристік маршруттары сол аймақтың территориясынан басталады.Туристік қызмет көрсетуді қалада 20-дан астам арнайы орындар мен фирмалар айналысады. Маршруттар мынадай бағыттар бойынша қызмет етеді, ол: тарихи орындарға саяхат, экзотикалық аудандарға саяхат, аңшылық және балық аулау, тау туризмі болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда қасиетті орындар мен архитектуралы құрылымдар орналасқан.
Тарихи және киелі орындарға саяхат ету үшін Түркістан қаласында – ЮНЕСКО-ның тізіміне ілінген түрік халықтарының рухани орталығы, бұрыңғы заман цивилизациясының көріністері ретінде әлемге
әйгілі тас ескерткіштері, көне Сайрамның ескерткіштері, Шымкент қаласының құрылуына үлкен үлес қосқан Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттық пен қолөнершілердің ордасы Отырар қаласы, Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстанбаб кесенелері орналасқан.
Оңтүстік Қазақстан мен Тянь-Шань таулары арасындағы
территориясында орналасқан Қызылқұм бір күн ішінде ыстық құмнан мұз қапталған тауға жетуге мүмкіншілік береді. Осыдан келіп бір облыстағы түрлі табиғи-климаттық ерекшеліктер: таулы, жазықтық далалы, құмды алқаптар өздеріне тән жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне толы.