1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы


Мектептегі психологиялық-педагогикалық тренингтің принциптері мен мақсаттары



бет13/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел
тренинг билеттер түгел
20. Мектептегі психологиялық-педагогикалық тренингтің принциптері мен мақсаттары.

Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу. Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері. Мектеп психологының құқықтық мәртебесі Мектеп психологы – жоғары психологиялық білімі бар маман. Қызметтік кесімді айлық, еңбек демалысының ұзақтығы, педагогикалық жүктеменің тарифтелген көлемі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына сәйкес белгіленеді.Психолог қызметі санаттар негізінде (19 дан 16-ға дейінгі дәреже) әрбір мектепте – білім беру мекемесіне кем дегенде бір психолог болып тағайындалады. 500-ден астам тәрбиеленушілері бар білім беру мекемелерінде психолог мамандардың саны көбейтіледі.Мектеп психологының жұмыс тәртібі мектептің жалпы тәртібіне сай болуы тиіс және оны білім беру мекемесінің директоры бекітеді. Психологтың жұмыс уақыты бағдарлық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады.Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысы үшін табысты іс-әрекетке қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме бөлінеді.Мектеп психологы әрбір оқу жылының басында мектептің педагогикалық кеңесінде тыңдалатын және білім беру мекемесінің директоры бекітетін өз іс-әрекетінің жоспарын жасайды.Мектеп психологы өз іс-әрекетіне есеп жүргізіп отырады және әрбір оқу жылының соңында атқарылған жұмыс туралы есеп береді, ол білім беруді басқарудың тиісті деңгейде жалпы мектептік есепке енгізіледі.Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғары тұрған психологиялық қызмет, мектеп директоры және педагогикалық кеңес бекітілген бағдарлама негізінде жүзеге асырады.Мектеп психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар психологтың негізгі мақсаттарына, міндеттеріне және этикалық кодексіне қарама-қайшы болса, орындамауға құқылы.Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметімен, т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.Өзінің іс-әрекетінде мектеп психологы ұйымдық-психологиялық, дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық және психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет