(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
Сұрақтар:
1.Функцияның екінші ретті туындысын қалай табуға болады?
2.Функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын білесіңдер ме?
3.Функция графигінің дөңес аралықтарын қалай табуға болады?
|
1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
2. Өзгенің пікірін толықтырады.
Мақсаты: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Дескриптор:
1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
2. Өзгенің пікірін толықтырады.
Жалпы- 2 балл.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
|
Слайд
Кітап
|
|
1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
Функцияның графигін салады. Графиктің жоғары және төмен дөңестік аралықтарын, иілу нүктелерін табады.
1)y=|sinx|
2)y=|cos0,5x|
3)y=|tg2x|
4)y=|ctg0,5x|
|
Дескриптор:
1.Функцияның графигін салады.
2.Графиктің жоғары және төмен дөңестік аралықтарын жазады.
3.Иілу нүктелерін табады.
Жалпы- 5 балл.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
Функция графигінің иілу нүктелерінің координаталарын табады.
1)y=x+arctgx
2)y=2x-arctgx
|
|