Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, етістіктерге морфологиялық талдау жаса. Етістіктердің тіркесіп тұрған сөздердің қай септікте тұрғанын сұрақ қою арқылы ділелде. «Сый» жайлы білетініңді жаз.
41-жаттығу.Кестені толтыр:
Тапсырма түрі
Болымды етістік
Болымсыз етістік
Салт етістік
Сабақты етістік
Анықтамасы
...
...
...
...
Жасалу жолы
...
...
...
...
Мысалы
...
...
...
...
17-САБАҚ ЕТІСТІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТУ 42-жаттығу. 1.Төмендегі нақыл сөздерді ұғып ал. 2. Синоним сөздерді теріп жаз. 3.Етістіктерге толық кешенді талдау жаса. 4.Өлеңмен келген нақыл сөзді қара сөзге ауыстыр. Болмайды: түн – күндізсіз, күндіз – түнсіз,
«Ай кірсіз, - деген сөз бар – Құдай мінсіз!»
Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе,
Бірінен соң – бірі бар – артық – кемсіз!
***
Өнерге өзіңді-өзің ерте баулы,
Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы!
Қауіп-қатерсіз, қайғысыз болам десең,
Араз боп еш адаммен болма даулы!
***
Өтірік өрттей лаулап жанып жатыр,
Ессіз жұрт көбелектей барып жатыр!
Бірін – торғай, біреуін бөдене ғып,
Өзімен-өзін жаулап алып жатыр.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 43-жаттығу.1.Мәтінді түсініп оқы. 2. «Михаэлис» сөзіне фонетикалық талдау жаса. 3. Күрделі етістіктерді теріп жазып, негізгі және көмекші етістікті ажырат. 4. Қалмұқан Исабаевтың кім екенін толығырақ біліп ал.