118. Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары
119. Саяси мәдениет ерекшелігі, құрылымы
Саяси мәдениет- белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды
Достарыңызбен бөлісу: |