1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #27
Мен намазды жақында бастап едім. Одан бұрын түсіме бір әйел 
кіріп, намаз оқуға арналған нұсқаулықты үнемі менен сұрай 
беретін, әрі осыған ұқсас түстерді көп көріп жүрдім. Бір түні 
түсімде от ішіндегі адамдарды көрдім, олар қиналып жатты және 
мен олардан қашып жүр екенмін. Түсіме үнемі осындай заттар 
кіріп жүрді, сосын мен жақын құрбыммен бірге біз жақта 
ашылған жаңа мешітке баруды шештік. 


Таксиден түскен сәтте-ақ азанның дауысын өте жақынан естіп, 
көзіме жас толып, 10-15 минуттай өз-өзіме келе алмай, тек жылап 
тұра бердім. Жүрегімде бір сезім пайда болғандай болды, бұрын 
ондайды ешқашан сезінген емеспін. Сол кезде дереу менің намаз 
оқуым керектігін түсініп, үйге келген соң бір-ақ күнде дұға-
тасбихтерді жаттап, таң намазынан бастап оқып кеттім, орамалға 
да сол кезде келдім.
Намаз бастаған кезде кедергілер өте көп болды. Орамал тағып 
бастағаным үшін де бәрі мені жазғырып, жақсы жолда, тура 
бағытта екендігіме сенбейтін. Әкем басында орамалыма қатты 
қарсы болып, тіпті ұруға дейін барған, бірақ ақыр соңында ол 
көнді. Ал анам ең басында бәріне разы болып келісіп, мені қолдап 
жүрген еді, алайда соңғы күндері қарсы болу жағынан тіпті 
әкемнен өтіп, өтее ауыр сөздер айтып жатыр.
Маған тіпті «Сен террористік топтарға қосылған сияқтысың» 
деген жала да жабылды. Бірақ мені бір нәрсе ғана тоқтатады, бұл 
- Алланың маған берген сынағы. Егер мен оны көтере алмасам, 
Алла маған бермес еді ғой, бұл үшін де бір үлкен сый бар деген 
үміттемін. Қазіргі күнге дейін анамның тарапынан қарсылыққа 
ұшырап отырмын, бірақ менің берілгім келмейді, Алла қаласа 
бәрі жақсы болады! 
Менің бұл нарселерді айтып жатқан себебім, осыны оқып 
отырған әпке-сіңілдерім, өтініш! Болмашы нәрсе үшін орамалды 
тастамаңыздаршы! Біздің қорғанымыз осы орамалымыз ғой! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет