1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия


Стромалық-қантамырлық дистрофиялар. Жіктелуі, этиологиясы



бет6/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá
2-сабақ Қаныш Сәтбаев, Ó÷åáíî-ìåòîäè÷åñêèé êîìïëåêñ äèñöèïëèíû ðóññêèé ÿçûê (Óðîâåíü Â1
6.Стромалық-қантамырлық дистрофиялар. Жіктелуі, этиологиясы.


Стромалық-қантамырлық дистрофиялар дəнекер тінде зат алмасуының
бұзылуымен, осыған байланысты ағзалар стромасы мен қан тамырлары
қабырғасының альтерациясымен сипатталады. Зат алмасуының бұзылу түрлеріне қарап: белоктық, майлы жəне көмірсулық стромалық-қантамырлық дистрофияларды ажыратады.
Строма-тамырлық диспротеиноздарға мукоидты ісіну, фибриноидты
ісіну (фибриноид), гиалиноз бен амилоидоз жатады. Бірсыпыра жағдайда мукоидты iсiну, фибриноидты iсiну мен гиалиноз үдерiстерi дәнекер тін ыдырауының бірі екiншiсiне бiртiндеп ұласатын стадиялары болып табылады. Бұл үдерістердің даму барысында дәнекер тін- тамыраралық өткізгіштік артып (плазмаррагия), канның плазмасындағы өнiмдер негiзгi затқа өтеді және дәнекер тіндік элемент ыдырап, белок (белок-полисахарид) кешендері түзіледі. Амилоидоздың бұл үдерістерден айырмашылығы — амилоидтың құрамында амилоидбласт деп аталатын жасушаларда түзілетін, калыпты жағдайда болмайтын фибриллалы белок бар.
Строма-тамырлық майлы дистрофиялар нейтрал майлардың немесе
холестерин мен оның эфирлерiнiң алмасуы бұзылғанда дамиды. Нейтрал майлардың алмасуы бұзылса, оның майлы тiндердегi қоры
көбейеді. Бұл үдерiс жалпы немесе жергiлiктi болады. Нейтрал майлар - организмдi энергиялық қормен қамтамасыз ететiн лабильдi майлар. Олар май қорларында (терiнiн шел майы, шажырқай, шарбы, эпикард, сүйек кемігін) шоғырланған. Майлы тiн зат алмасуына ғана қатысып қоймай, тіректік және механикалық қызметтi де атқарады, ол семген тiннiң орнын да баса алады.
Строма-тамырлық көмірсулы дистрофиялар кезiнде гликопротеидтер мен гликозамингликандар тепе-тендігі бұзылады. Гликопротеидтер алмасуы бұзылуынан дамитын строма-тамырлық дистрофиян тiндердiң шырыштануы деп атайды. Оның даму барысында белоктар- мен байланысқан хромотропты заттар босап, басым бөлiгi аралық затқа жиналып, коллаген талшықтары шырыш тәрiздi затқа айналады; бұл
оның мукоидты iсiнуден басты айырмашылығы. Дәнекер тіннiң өзi және мүшелердiң стромасы, майлы тiн мен шеміршек iсiнiп, көмескіленіп, шырыштанады, жасушалары жұлдызша немесе түрлi өсiндiлi ғажайып пiшiндi жасушаларға айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет