1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Ірі қараның ағзалары мен ұшасын тексеру



бет25/58
Дата23.02.2023
өлшемі127,79 Kb.
#169903
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
1-ші де гей Сойыс малдарыны жалпы сипаттамасы, оларды дайындау

Ірі қараның ағзалары мен ұшасын тексеру.Мал дәрігерінің жұмысын жеңілдету үшін малдың басы, ағзалары белгілі бір орынға ілінеді.
Басын тексеру. Басты кесіп алғаннан кейін жақ етін түп жағының екі жанынан пышақпен тілгенде, ол жақ сүйектерінің арасына салбырап түседі. Бастағы алқым, шықшыт, жұтқыншақтың ортаңғы және бүйір лимфа түйіндері толық тексеріледі. Еріндер, қызыл иек, тіл, ауыздың ішкі жағы, бас сүйек пен жак сүйектер мұқият қаралады. Жақ сүйектерінің шайнау кызметін атқаратын бұлшық еттерін, сыртқы жағынан екі рет, ішкі жағынан бір рет тіліп қарап финнозга тексереді.
Шықшыт лимфа түйіні — сопақша келген, ұзындығы 6-9 см, жақ буынынан сәл төмен орналасқан, арт жағынан шықшыт сілекей безімен жабылса, алдыңғы жағын тері жабады. Лимфаны теріден, бастың еті мен сүйегінен, кеңірдектің алдыңғы жартысынан еріннен, қызыл иектен, сыртқы құлақтан жинайды. Лимфаны жұтқыншақтың сырт жағындағы бүйір лимфа түйініне береді.
Алқым лимфа түйіні—Сопақша, ұзындығы 2-4см, алқым безі мен сүйегінің аралығында жатады. Лимфаны бастың терісінен, еті мен ұртынан, кеңсіріктің алдыңғы жартысынан, қызыл иектен, таңдайдан жинайды. Лимфаны жұтқыншақ сыртындағы бүйір лимфа түйініне береді.
Жұтқыншақтан кейіңгі ортаңғы лимфа түйіні - ұзындығы 3-6 смдейін (қойдікі 8,3см). Бастың бүгілдіргіш бұлшық еті мен жұтқыншақтың аша сүйек тарамдарының ортасында орналасқан лимфаны бас пен мойынның қосылған жеріндегі терісінен, тілден, қатты және жұмсақ таңдайдан, көмекей безінен, қеңсіріктің артқы жағынан, жұтқыншақ пен көмекейден жинайды. Бұл да лимфаны жұтқыншақ сыртындағы бүйір лимфа түйініне құяды.
Жұтқыншақтан кейінгі бүйір лимфа түйіні - ұзындығы 4-5 см, (қойдікі 0,6-0,8см) ауыз омыртқаның алдыңғы жағын, шықшыт безінің артын ала орналасқан. Лимфаны бас пен мойынның жалғасқан жеріндегі терісінен, ерін ұртынан шайнау қызыметін атқаратын бұлшық еттерден, жақ сүйегінен, сыртқы құлақ пен бұлшық етінен, мойынның бұлшық еттерінен жинайды. Жоғарыда айтылғандай бастың-басқа лимфа түйіндерінен аққан лимфа осыған келіп құйылады. Ал осы түйіндегі лимфа кеңірдек түйінінің өзегіне ағады, ол барып үңгір венасының күре тамыр венасы мен қосылған жеріне барып құяды. Ал басты кесіп алғанда, көпшілік уақытты бұл лимфа түйіні мойында қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет