61.Жұқпалы аурулар кезінде қоян ұшаларын ветеринариялық санитариялық сараптауды сипаттаңыз. Қоян ұшасында бұлшық еті 80-85%-ды құрайды, ал бұл өзге сойыс өнімдерімен салыстырғанда (мысалы, ірі қарада (57-62%), жылқыда (60-65%), ұсақ малда (50-60%), балапан-бройлерде (51-53%), шошқада (40-52%)) үлкен көрсеткіш болып табылады [5]. Адам тәулігіне 160–165 г белок қабылдау қажет болса, оның 60% жануарлар ағзасында түзілетін белоктар болуы керек. Ақуыздар – еттің ең бағалы құрамы, ол ағзадағы азотты қосылыстардың 95% пайызын құрайды. Ет және ет өнімдері адамның күнделікті тамақтануынан бірнеше уақытқа тоқтатылса, ағзада ақуыз жетіспеушілігі туындап, төмендегідей аурулардың белең алуына жол береді: қанайналымның бұзылуы, май және дәрумендер айналымының бұзылуы, жұқпалы және суық тию ауруларына қарсы тұру қасиетінің төмендеуі [5,6]. Ақуыз барлық жануарлар етінің, сүйегінің құрамында маңызды орынға ие. Қоян етінің құрамында ақуыз айтарлықтай көп, сол себепті де қоян етін «Ақ ет» деп атайды. Етінің құрамында ағзаға ауыр сіңірілетін коллаген және эластин қосылыстары болмайды. Қоян етінде 19 аминқышқылдары бар, негізінен алмастырылмайтын аминқышқылдар. Олардың ішінде негізін – 10,43% лизин, 2,37% метионин және 1,55% триптофан құрайды. Біздің еліміздегі үй қояндарын және олардың өнімдерін мониторинг нәтижелері бойынша, елімізде 171 ірі асыл тұқымды үй қояндарын өсіретін шаруашылықтар бар. Оларда үй қояны, қара-қоңыр үй қояны, ангор күміс-күлгін түсті үй қояны, күміс түсті үй қояны сияқты тұқымдары барлық жерде өсіріледі. Қазіргі қоян өсіретін фермалардың көпшілігінде олар ет-тері бағытында өсірілсе, жеке үй шаруашылығында етті, ал кейбіреулерінде түбітті үй қояндары өсіріледі. Біз ғылыми жұмыстарды зерттеу үшін «Астана –МИАКРО» асылтұқымды қоян шаруашылығынан алынды. Зерттеуге жалпы 15 қоян алынды 5 бас үй үлкен ақ қояны, 5 бас күміс түсті үй қояны, 5 советтік шиншила қояндары.
62.Жұқпалы аурулар кезінде құс ұшаларын ветеринариялық санитариялық сараптауды сипаттаңыз. Құсты союға қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Құс өңдеу кәсіпорнына әкелінген құсты тиісті құжаттар тексерілгеннен кейін мал дәрігері, цех бастығы немесе шебер карап шығады. Құсты байқау кезінде оның саны аныкталады, жалпы жағдайы (сергек, солғын) дене құрылысының жасына сәйкестілігі, қозғалуы, бас, қанат, жүннің жағдайы, айдарының түсі, түрі, көлемі, табиғи сандаулардан сұйықтықтың бөлінуі, дыбысқа және тітіркендіргіштерге реакциясына көңіл аударады. Сонымен қатар құс терісінің жағдайы, саңғырығының жиілігі, түсі, тыныс алу жиілігі, буындары тексеріледі. Осыдан кейін құс қабылданып, союға жіберіледі. Құс шаруашылықта аштықпен союға дайындаудан өтуі қажет. Жолдағы уақытты есептегенде суда жүзетін құстар 4-6 сағат, ал құрғақтағы құстар 6-8 сағат аш ұсталуы кажет. Ол туралы тауар-көлік құжатына арнайы көрсетілуі тиіс. Құс өңдеу кәсіпорындарына тек қана сау құс әкелінуі тиіс. Ауру құс шаруашылықтағы санитарлық қасапханада сойылады. Ал тасымалдау кезінде ауру байқалса, құс шаруашылыққа қайтарылмайды. Олардың диагнозын анықтау үшін үш күнге дейін карантинге ұстайды. Ауруы анықталғаннан кейін соған байланысты шешім қабылданады. Егер мұндай құс сойылған жағдайда тек қана ішек-қарынын түгел алу әдісімен жүргізілуі және сау құстан кейін бөлек сойылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |