1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ.Абайдың педагогикалық көзқарастары: тәрбие, білім, ғылым



бет38/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
49-СҰРАҚ.Абайдың педагогикалық көзқарастары: тәрбие, білім, ғылым
Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық түрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Абай тарбие,ғылым тарқырыптарда көптеген пікірлер, шығармалар жазған. Мысалы алатын болсақ ,Абайдың он жетінші қара сөзі қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Абай жүректі, яғни адам-адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бұл мәселелер бүгінгі білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңатылған білім мазмұнындағы әлемдік педагогика ілімдерімен ұштасады, яғни Шульман ілімімен сабақтас деуге болады. Себебі, онда айтылатын мұғалімнің үш көмекшісі: бас-қол-жүрек ұғымындағы «кәсіби-адамгершілік тұтастық» осы жұмсақ мінез бен төзімділік танытуды көздейді. Бұл жерде мұғалім шыншыл, төзімді, оқушыларға мейіріммен қарайтын, аяушылық танытанатын, құрмет көрсететін әділ адамдар ретінде берілген. Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» нақылымен Шульманның ілімі үндес екендігін көреміз.Он төртінші сөзінде «…Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады….» дейді және он бесінші сөзінде ақылды кісі мен ақылсыз кісінің табиғатын аша отырып, «…есті кісілердің қатарында болғың келсе күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» деп адамның өзіне өзі қадағалау жасау, есеп беруін м міндеттейді. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңыздылығын ашып көрсетеді.Тәрбие беру барысында уақыт пен өмір құндылықтарын бағалай білуді Абай «Төртінші сөзінде» анық айтып өтеді: Адам баласының «жылап туып, кейіп өлетін» себебін нақты түсіндіреді.
Абайдың білім жайлы жан-жақты ойларын өз туындылары арқылы ұғына отырып, жүзеге асыру да аса маңызды әрі мәнді тірлік деп білеміз. «Біреуден-біреу артылса» өлеңінде Абай былай дейді:
Біреуден-біреу артылса,
Өнер өлшеніп тартылса,
Оқыған, білген – білген-ақ,
Надан – надан-ақ сан қылса.
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмей,
Білер қайдағы шәргезді.
Абай ұғымында оқыған, білген адам сөз ұғатын, көкірегінде сәулесі жанған жан деп сипаттама берген. Абайдың педагогикалық көзқарасы мына шумақтарда көрінеді:
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.- деп өз пікірін білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет