1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ.Абайдың гумманистік көзқарасы: шығармалары арқыл дәлелде



бет34/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
44-СҰРАҚ.Абайдың гумманистік көзқарасы: шығармалары арқыл дәлелде
Абайдың гуманист екендігі терең білінген еңбек - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
45-БИЛЕТ.Абай шығармаларындағы қазақ тұрмыс-тіршілігінің көрінісі: шығармалары арқыл дәлелде
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ ұзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып».
Бұл - Абай заманындағы типтік көрініс: түндей қараңғы, қапас тұрмыста қоңыр іңірдей күңгірт мұңы, арман-сыры бар кедей үйінің жабырқау өмірі. Таңның атысы, күннің батысы аяғы сайға тимей, ұйқысыз да күлкісіз, бай малының соңында сабылып өзі жүрсе, азынаған қырық қүрау қараша үйде ең болмаса жылынар отыны да жоқ, құныса бұрісіп, жыртық шекпенін жама пәйелі отыр. Бұл-бір көрініс: кедейдің қоңыр лашығындағы күй-жай. Осыған салыстыра ақын бай үйінің бір қалпын көзге елестете: «Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі...», — дейді де, әлгісіне қайта оралып: «Қай жерінде кедейдіңтұрсын күйі? Қара қудан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы» - деп, тағы да өз ортасындағы тапшы тұрмыс жайын айтып, теңсіздік сырын баяндайды. «Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқанайналасы...» Уайым жоқ, қайғы жоқ, тамақ тоқ, көйлек көк, бұлаңдап өскен бай баласы... Бұл - бір көрініс. Жә, енді кедей баласы, әлгі жыртық лашықтағы жарлы-жақыбай ата-ананың жалғыз Ұлы не күйде? «Бай ұлына жалшы Ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы». Жалшыдан туған күнәсіз сәби бала дажалшы. Байға әке-шешесі қызмет етсе, бай баласына бұл да тәуелді халде... Бәрінен бүрын, дәл осы шындықты, дәлірек айтқанда, теңсіздікті Абайдың тура тауып, тануы керегендік қана емес, кемеңгерлік болатын. Оның үстіне, өзі танып қана тынбай, өмірді өнерге көшіріп, өзгеге танытуы - өзінен бұрын көп адамның қолынан келе бермеген шыншылдық.
Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді. «Жазда» күркіреп жатқан өзеннің көкорай-шалғын жағасына көшіп барып қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып үй тіккен қыз-келіншектер, өзен жағасында шыбындап, бөгелектеп тұрған құлын-тайлы көп жылқы... одан әрі сол ауыл шындығы өрістеп кете беретін болса, «Қыста» шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да долы боранға «бет қарауға шыдамай сырт айналып», тағы да мал соңында қаржамылып, мұз жастанған жылқышылар, суық тиіп, титығы қүрыған тай-құнандарға ауыз салуға аран ашып, жанталасып айдалада соқақ-қоқақ жортып жүрген аш қасқырлар т. б. көз алдымызға келеді.Мұның бәрі көшпелі қазақ аулының сол көздегі тұрмыс-тіршілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет