Семей қаласы «№35 ЖОББМ»КММ
Қазақ тілі пәні бойынша сабақтар топтамасы
2,4 сыныптар
Мұғалімі:
Саяхимова Орынзада Касымовна
Тақырыбы: Мәтін деген не?
Мақсаты: Мәтін туралы түсінік беру
Сөйлемдегі негізгі ойды анықтауға жаттықтыру,сөздік қорын молайту,тіл дамыту.
Табиғатты қорғайтын азамат тәрбиелеу.
Көрнекілік:Жаднамалар,слайдтар,сөздік сөздер
Сабақ барысы
1.Психологиялық ахуал
2.Көркем жазу
3.Сөздік диктант «Я» дыбысы бар сөздерді жаздыру
4. «Қоян» сөзіне дыбыстық талдау жасау
5. Екі бағандағы сөйлемдерді оқу, салыстыру.(слайд пайдалану)
Ара жәндік. Оқушы құстың суретін салды.
Анам тон тікті.
|
Ара – бал беретін қанатты жәндік.
Ол гүл шырынымен қоректенеді.Балды омартаға жинайды.
|
-Бірінші бағандағы сөйлемдерде не туралы айтылған?
-Екінші бағандағы ше?
-Айырмашылығы бар ма?
-Қандай айырмашылық байқадыңдар?
-Бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма?
- Қай бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстыруға боламайды?
-Неге?
Өз бетімен жұмыс – ережемен танысу
6. Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқу.
Сұрақтарға жазбаша жауап беру
-Бұғы қандай жануар?
-Оның қандай ерекшеліктері бар?
-Солтүстік бұғы немен қоректенеді?
«Бұғы» сөзін топтастыру
Жануар
Қарға батпайды
Мүйізі бар
БҰҒЫЫ
Мүкпен, қынамен
қоректенеді
Суыққа төзімді
Тұяғы жалпақ
7. Сабақ қорыту.Үйге:158 – жаттығу
Тақырыбы: Мәтін
Мақсаты:Тақырып туралы түсінік беру,мәтін туралы білімдерін толықтыру.
Сөйлемдегі негізгі ойды анықтауға жаттықтыру,сөздік қорын молайту,тіл дамыту.
Табиғатты қорғайтын азамат тәрбиелеу.
Көрнекілік:Жаднамалар,слайдтар,
сөздік сөздер
Сабақ барысы
1.Психологиялық ахуал
2.Көркем жазу
3.Сөздік диктант «Я» дыбысы бар сөздерді жаздыру
4. «Қоян» сөзімен сөйлем құрау, сөйлемді талдау.
5. «Су құстары» мәтінін оқу
Сұрақтар қою арқылы мазмұнын талдау
(жұппен жұмыс)
-Мәтінде не туралы айтылған?
-Қандай құстар ?
-Олардың қандай ерекшеліктері бар?
Көшіріп жазу.
Өз бетімен ережемен танысу
Тақырып дегеніміз – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.Тақырып сөйлемдерді бір – бірімен мағынасы жағынан байланыстырады.
Ережені сұрақ қою арқылы бекіту
6. 98 – жаттығуды орындау
«Ұялғаным - ай» мәтіні
А) Мәтінді түсініп оқу
Ә) Мәтінде не туралы айтылғанын қысқаша айту
Б)Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
В) Мәтін мазмұнына орай үш сұрақ қойып, жауап жазу.
7.Сабақ қорыту.
Үй тапсырмасы: «Менің туған ауылым» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.
Тақырыбы:Мәтін
Мақсаты:Мәтінге жоспар құруға және жоспар бойынша мәтін құрастыруға үйрету
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру,мәнерлеп сөйлеуге,әдемі жазуға жаттықтыру.
Үлкенді сыйлауға,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:суреттер,сөздік сөздер,жаднамалар.
Сабақ барысы
Психологиялық ахуал
Көркем жазу.
Сөздік диктант.
Жоспар бойыша мәтін құрастыру
а)Қыстап қалатын құстар
ә) Құстардың тіршілігі
б) Құстардың пайдасы
в) Балалардың құстарға қамқорлығы
-Мәтіннің қай түрі?Дәлелде.
5.Ертегіні оқу
А)Ертегідегі негізгі ойды анықтау.
Ә)Тірек сөздерді тауып, оларға дыбыстық талдау жасау.
Б)Тірек сөздерді пайдаланып,ертегінің мазмұнын айтып беру.
6.«Жыл басына таласқан хайуандар» -
тақырыбына тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыр
Тірек сөздер: жыл басы,таласу,жылқы,түйе,сиыр,ит,тауық,
тышқан,барыс,қоян,ұлу,жылан,мешін,до-
ңыз.
7.Сабақ қорыту:
Стикерлер арқылы бір – бірінің білімдерін бағалау.Үйге – «Көңілді қыс» әңгіме құрау.
Тақырыбы:Мәтінге ат қою
Мақсаты:Оқушыларға мәтіннің мазмұнына лайық ат қоюға үйрету,мәтін түрлерін ажыратуға жаттықтыру.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру,мәнерлеп сөйлеуге,әдемі жазуға жаттықтыру.
Үлкенді сыйлауға,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:сөздік сөздер,слайдтар.
Сабақ барысы
1. Психологиялық ахуал
2.Көркем жазу.
3.Сөздік диктант.
4.«Ас атасы - нан» тақырыбына әңгіме құрау
Тірек сөздерді пайдалану:
егін,қырман,диірмен,
диқан,наубайхана,нанды қадірлеу.
«Сурет сыры» мәтінімен жұмыс
А)Мәтіннің түрін анықтау
Ә)Мәтіннің неліктен «Сурет сыры» деп аталатынын түсіндір.
Б) Қайраттың салған суреті туралы айтып бер
В)Алғашқы екі сөйлемді көшіріп жазып,сөйлем мүшесіне талдау.
6. Логикалық жүйелілікті сақтай отырып қате құрылған мәтінді құрастыру.
А).Мәтіннің бастапқы, негізгі және соңғы бөлімін тап.
Ә)Түрін ажырату
Б)Көшіріп жазу
7.Сабақ қорыту.Стикерлер арқылы өз білімдерін бағалау.Үйге – 103 - жаттығу
Тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Мақсаты
:Оқушыларға мәтіннің түрлері жайлы түсінік беру.Мәтіннің логикалық жүйелілігі
туралы білімдерін молайту. Өз бетінше ойлауға, ізденуге үйрету.
Сөздік қорын молайту,тілін ширату,ойлау белсенділігін дамыту.
Әдептілікке,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер:
жеке,жұптық,ой қозғау,сұрақ - жауап.
Көрнекілік:
сюжетті суреттер,слайдтар
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа әзірлік
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Әңгімені оқу.
ІІІ Білімді тексеру
Мәтін деген не?
Мәтін құрылымы?
Суретке қарап мәтін құрау.
ІҮ Мақсат қою кезеңі
Мәтіннің түрлері(слайдтардың көмегімен)
Ү. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс
162-жаттығу
Оқу, талдау, әңгімелеу.
Ақсақалдың сүйсінуі
Түрлері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
Пайымдау мәтінін көшіріп жазу.
Сұраққа жауап алу.
ҮІ.Сұрақ – жауап әдісін падалану арқылы
мәтіннің түрлерін ажыратуға жұппен жұмыс жүргізу.
ҮІІ Бекіту.
Мәтіннің қандай түрлері болады?
Мәтінде не болады?
Мәтінге не құруға болады?
ҮІІІ.Сабақты смайликтер арқылы бағалау.
Үйге:Сипаттау мәтінін құрап келу.
Тақырыбы: Сипаттау мәтіні
Мақсаты: Сипттау мәтіні және оның құрылымы салыстыру арқылы берілетінін ұғындыру.
Логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін және тіл байлықтарын дамыту.
Сауатты, көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас
Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, өзіндік жұмыс, шығ-қ жұмыс
Көрнекілігі: Суреттер
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 105-жаттығу 32-бет
Дәптер бойынша және оқытып, ауызша талдап тексеру.
3. Материалды меңгерту кезеңі:
А) Көркем жазу минуты: Пп
Ойна да, ойла! Пластилиннен жасалатын «П» әрпінен басталатын сөздер тауып жазу:
Піл, пияз, помидор, парашют, пышақ, парта.
Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:
107-жаттығу. Суретпен жұмыс. Ауызша сипаттау.
Тапсырма: 1. Суретте қандай құстар бейнеленген?
2. Ұзақ пен қарғаның бір-бірінен қандай өзгешелігі бар?
3. Қандай ұқсастықтары бар?
108-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып,ат қой, екінші шумағын көшіріп жаз.
4. Материалды меңгергендерін тексеру:
Шығармашылық жұмыс. Сипаттау бойынша жұмбақ құрастыру.Оқыту, шешу,талдау.
5. Сабақты бекіту:
110-жаттығу. Ауызша талдау.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Мазмұнын қара сөзбен әңгімелету.
Мәтіннің қай түріне жататынын анықтау.
Ақбөкенді сипаттаған сөздерді табу.
6. Үйге тапсырма:
109-жаттығу 34-бет.
7. Бағалау-стикерлер арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |