Сабақ мақсаттары



Дата30.03.2018
өлшемі119,67 Kb.
#39843
түріСабақ
Қамбарбекова Жанар,

№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі




Санды өрнектерді салыстыру



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

-Теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады.

-«+», «-», «=», «<», «>» таңбаларын цифрларды, белгісіз сан символын қолданады.



Сабақ мақсаттары

Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету, сандар, шамалар,санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту, салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағдыларын дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Бағалау

критерийлері



Барлық оқушылар:Теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;

Оқушылардың басым бөлігі:Бірнеше амалдан тұратын (жақшасыз) өрнектің мәнін табады. Санды, әріпті өрнектер құрастыру үшін

«-», «+», «=» таңбасын қолданады.

Кейбір оқушылар:Өз  бетінше  шешім  қабылдап,  қорытынды  шығару, ой-пікірін білдіреді.теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;



Дескрипторлар

    1. теңдік пен теңсіздікті ажыратады;

    2. тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;

2.1 бірнеше амалдан тұратын өрнектің мәнін табады;

2.2 санды,әріпті өрнекті құрастыру үшін таңбаларды қолданады

3.1 өз бетінше шешім қабылдайды;

3.2 қорытынды шығарады,ой пікірін білдіреді;



Тілдік мақсаттар


1-ден 10-ға дейін қазақша, орысша, ағылшынша санау,өрнектің мәні.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану. “Жануарлар” тарауы

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация

Бастапқы білім

Теңдік, теңсіздік, санды, әріпті өрнек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз біз- Саламатсыздарма? Здравствуйте! Гудмонин!

- Қазір бізде қандай сабақ?

- Ендеше алдымен топқа бөлініп алайық.

Топқа «Сандар», «Әріптер», «Таңбалар» деп бөлеміз.

Хормен: 10-ға дейін қазақша, орысша, ағылшынша санаймыз





Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс

Сергіту сәті

Жұптық жұмыс

«Шығарып көр»

Топтық жұмыс

«Орындап көр»

«Өрмекші торы»әдісі


Дәптермен жұмыс


Кіріспе тапсырма

Қызығушылықты ояту.Сұрақ-жауап.

«Сиқырлы текше» Ойын.

Әр топтан екі оқушы шығып текшені лақтыра отырып, санды өрнек құрастырып , мәнін табады . Шыққан санды екеуі жұпта салыстырады. Мысалы:

Бірінші ойыншы: 2+3

Екінші ойыншы: 6+4

2+3 ? 6+4

5 < 10


Хайуанаттар дүкенінде.

Суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыру. Құрастырған санды өрнектерді салыстыру.



Жауабы:

3 + 4 = 2 + 5;

6 + 6 > 8 + 3;

4 + 4 < 2 + 8.

Егер сабақ ұнаса,

Саусағыңды тарсылдат.

Егер сабақ ұнаса,

Аяғыңды тарсылдат.

Егер сабақ ұнаса,

Шапалақта балаша.

Егер сабақ ұнаса,

Айтайықшы тамаша!
Санды өрнектерді салыстыру.

Жауабы:


18 + 1 < 13+7; 7 + 10 > 10 + 2; 50 + 40 = 40 + 50;

«Ойлан тап» ойыны.

Т + 10 --------------------- Қ + 10 + ақ

6 + н ---------------------- 3 + кір

9 + құмалақ -------------------- 1 + қазан

Құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыру.

Жауабы:


а) 2 + 2 < 3 + 3;

ә) 3 + 5 > 2 + 5;

б) 5 + 4 > 3 + 4;
Шығармашылық жұмыс.

1. Қазақта қандай сандарды киелі сандар дейді?

2. Қазақ халқының ырым-тыйым,салт-дәстүріне байланысты қандай сандарды білесіздер?

3.Оларға байланысты қандай нақыл сөздер,мақал-мәтелдер бар?



Жеке тапсырма: Бағытты таңда: Оқушылар тапсырмадағы санды өрнектердің мәндерін салыстырып, салыстыру белгілерін қояды және суреттегі теңдікке апаратын жолды бояиды.




Кері байланыс

«Кезбе доп»әдісі

Бүгінгі сабақта не ұнады?

Допты лақтыру арқылы оқушының ойын тыңдау.

-Маған қызықты болды, өйткені ............





Сабақтың соңы


Рефлекция:Бағалау.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

«Білім ағашы»





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
пәнаралық байланыс

А-топтық жұмыс

В-өрнек құрастыру

С- 4-тапсырма


Бағалау парағы,смайлик

Жаратылыстану

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті?

Жоспарланған саралау іске асты ма?(тапсырмалар сәйсес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздімжәне неге?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз(оқыту мен оқуға қатысты)



Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді(оқыту мен оқуға қатысты) Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет