1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштер. Статика


Кез келген жазықтық күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттарының үш түрі бар



бет8/17
Дата18.12.2022
өлшемі325,05 Kb.
#163138
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
1-20 мех (копия)
Үш фазалы тізбек, охт 6 апта, Жанұзақова Айғаным.Пед-011
Кез келген жазықтық күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттарының үш түрі бар:
Ø Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттарының бірінші түрі: жазықтықтағы кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдікте болуы барлық күштердің екі координата өсіне (х пен у) проекцияларының қосындысы мен күштер жазықтығындағы кез келген О нүктеге қатысты алынған барлық күштердің моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті: Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесінің аналитикалық тепе-теңдік шарттарын тағы екі түрде жазуға болады.
Ø Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттарының екінші түрі: жазықтықтағы кез келген күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін барлық күштердің күштер жазықтығындағы бір өске (х) проекцияларының қосындысы мен осы өске перпендикуляр түзуде жатпайтын екі нүктеге (А және В) қатысты алынған барлық күштердің моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті: (А,В,С нүктелер бір түзудің бойында жатуы мүмкін емес)
Ø Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттарының үшінші түрі: жазықтықтағы кез келген күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеге (А, В және С) қатысты алынған барлық күштердің моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті: (l өсі AB кесіндіге перпендикуляр емес)
Есеп шығарған жағдайда, егер күштің нүктеге қатысты иінін анықтау қиын болған кезде, онда күшті құраушыларға жіктеп, Вариньон теоремасын қолдануға болады.


Қатты дененің ауырлық центрі.
Дененің А1, A2 нүктелерінде түсетін екі параллель F1 және F2 күшті қарастырайық.
R = F1 + F2 тең әсерлісінің әсер ету сызығы қосылатын күштерге параллель және A1A2 түзуінде жатқан С нүктесінен өтеді.
С нүктесінің орнын Вариньон теоремасын қолданып анықтай аламыз, онда F1*A1C= F2*A2C F1 , F2 күштерін А1, А2 нүктелерінің айналасында бірдей α бұрышына бұрғанда, тең әсерлі күші де сол бағытта α бұрышына бұрылады және дәл сол С нүктесіне түседі. С нүктесі параллель күштердің центрі деп аталады. Кез келген күштер саны үшін де осылай болады.
Дене бөлшектеріне түсетін р1, р2 ,…, рn ауырлық күштерінің тең әсерлісін Р деп белгілейік . Оның модулі дененің салмағы деп аталады және келесідей анықталады Р = сумма рk .
С нүктесі рk параллель ауырлық күштерінің центрі болып келеді, ол дененің ауырлық центрі деп аталады. Сонымен, АҚД-нің ауырлық центрі – денемен өзгеріссіз байланысқан дененің кеңістікте кез келген орналасуында дене бөлшектеріне түсетін ауырлық күштерінің тең әсерлі күшінің ӘС өтетін нүкте; оның координаттары Xc=1/P сумма Pk*Xk;
Yc=1/Pсумма pk*yk;
zc=1/P сумма pk*zk
Мұндағы Xk,yk,zk,pk,- ауырлық күштері түсетін нүктелердің координаттары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет